Нұра, Есіл, Тобыл су көздерінің қазіргі жай күйі туралы қазақша реферат

Нұра өзенінің жай күйі

Туған табиғатымыздың тұнық күйінде сақталуына орасан кесапат келтіріп отырған тағы бір кесел – еліміздің экология-экономикалық дамуының қоршаған ортаға барынша зиянды техногендік сипаты. Басқаша айтсақ, экономикалық дамудың техногендік түрі – табиғат ресурстарын тез және арны толмайтындай ойсырата пайдалану, жер қойнауындағы қазба байлықтарын қарақшылықпен игеру, топырақ, орман, су қорларын рәсуа ету, қоршаған ортаны газ, түтін және басқа да өнеркәсіптік зиянды қалдықтармен ластау болып табылады.

Техногендік кесапаттардың зардабы Нұра өзеніне орны толмас зиян әкелуде. Осыдан біраз жыл бұрын мамандар Нұра өзеніне Теміртау қаласының өндірістік аймақтарынан шыққан сынап қалдықтарының қосылып кеткендігі туралы дабыл қаққан болатын. Бұрын өндірістік сынап қалдықтарын Нұра өзенінің бойындағы Самарқант және Ынтымақ су қоймаларының түбінде өскен сал ұстап қалатын. 2004 жылы болған қатты су тасқыны кезінде өзен суына қосылған сынап қорық көлдеріне дейін жеткен.

Екі жылдан бері Бүкіләлемдік банктің қаржысымен Теміртау қаласында Нұра өзенін тазалау жөніндегі жоба жұмыс істеп келеді. Оған ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитеті бақылау жасайды. Жоба ластанған су көздерін сынаптан тазартумен қатар, Ынтымақ су қоймасының су бөгеттерін толық қалпына келтіру, Қорғалжын қорығындағы көлдерді қорғау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды көздейді. Алайда, қазіргі кнге дейін белгіленген жоба да, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі

Нұра өзені бассейніндегі су деңгейінің төмендеуі мен ондағы сынаппен ластануға байланысты қалыптасқан экологиялық жағдай қашанда қоғам назарында. Мамандардың бұл өңірдегі экологиялық жағдайға бұлайша алаңдаушылық танытуының өзіндік мәні бар. Себебі, Нұра өзені көп жылдар бойына Қорғалжын табиғи қоры мен Теңіз-Қорғалжын көлдері су жүйесінің негізгі көзі саналып келген. Бертін келе түрлі климаттық және антропогендік жағдайлардың орын алуына және өзеннің толқымалығына байланысты, ол өзі құятын көл деңгейінің кейде толқып, кейде азайып кетуіне әсер етуде. Ондай жағдай тиісінше суда мекендейтін құстардың тіршілік етуіне қауіп төндіреді.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, бұрындағы Нұра өзені Теңіз көлін қажетті мөлшердегі сумен қамтамасыз етіп келсе, қазір мұндағы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты оның мөлшері де едәуір азайған. Мәселен, кейінгі жылдары көлге 500 млн. текше метрдей ғана  су келетін көрінеді. Ал негізінен оның мөлшері кемінде 1 млрд. текше метрге жетуі керек екен. Судың аз келуі салдарынан тек соңғы жылдардың өзінде Қорғалжындағы көлдер жүйесінің деңгейі жарты метрге, яғни екі есеге дейін төмендеген. Осының кесірінен таяу келешекте олардың сорланып, тіпті кеуіп кету қаупі төніп тұр.

Нұра өзенінің түбіндегі сынап Теміртау қаласындағы бұрынғы ацальдегид өндіретін «Карбид» өндіріс орнының кесірінен пайда болыпты. Яғни, аталған кәсіпорынның өз жұмысына салғырт қарауының салдарынан Нұраға тасталынған сынаптың көп мөлшері алғашында өзеннің, кейін келе оның арналарының ластануына әкеп соққан. Ал Астананың Нұра өзені қасында орналасқанын ескерсек, бұл жағдай қаланы таза сумен қамтамасыз етуге де кері әсерін тигізетінін ұмытпаған жөн. Міне, осындай себеп-салдар Қорғалжын қорығының басты мақтанышына айналған Теңіз көліне, ондағы тіршілік иелеріне де нұқсан келтіріп отырған жайы бар. «Теңіз» көлі «Тірі көлдер» деп аталатын халықаралық жүйеге енгізілген Қазақстандағы бірінші көл. Яғни, ол әлемдегі осындай 24 бірегей табиғат інжу-маржанының қатарына кіреді. Мұның өзі бұл жердің біз үшін қандай маңызы барын айғақтай түседі.

Ертіс өзенінің жай күйі.

Ертіс өзені Қазақстанның ең ірі трансшекаралық су ресурстарына жатады. Халық шаруашылығы үшін аса маңызды су көзі, Шығыс Қазақстанның, Орталық Қазақстан аймағын ауыз сумен, ауыл шаруашылығын, ірі өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз етіп отырған- су көзі. Ертіс жағасы жасыл орман, шалғын шөп, гүл жайнаған табиғаттың ғажайып сыйы, суы- сусын , балығы-азық. Оны сақтау, қорғау- болашақ алдындағы біздің азаматтық парызымыз.

Су ресурстары проблемалары-тұрақты дамудың жалпы проблемаларының ішіндегі ең маңыздысысы тармағы. Түрлі халықаралық форумдарда бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуі оның аса маңыздылығын көрсетеді. Жалпы су тапшылығының арта түскені, тұщы су көздерінің ластануының өсуі, тіпті ол су көздерінің ластануының өсуі, тіпті ол су көздерінің жойылып кетуі, 1992 ж. Рио- де- Жанейрода қабылданған XXI ғасыр қарсаңындаңы күн тәртібінде атап өтілді. Бүкілдүниежүзілік су форумында (Гаага,2000 жылдың наурызы) үлкен алаңдаушылықпен « су ресурстарын басқарудағы жаңдайды түбегейлі өзгерту қажеттілігін, әйтпегенде жақын болашақта дүние жүзі өте қиын да қатал су кризисіне ұшырайтындығы» туралы айтылды. Иоханнесбургте өтетін Дүниежүзілік Саммитке қарсы БҰҰ таратқан хабарламада, 2025 жылдарда жер шарты тұрғындарының үштен екісі су тапшылығына тап болған елдерде өмір сүретіндігі атап өтілді.

Өзен суы көлеміне байланысты планетамыздың сумен аз қамтамасыз етілген бөлігіне жататын Қазақстан үшін су факторы, ерекше регионында шаруашылықтын дамуынын негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Ылғалдылығы орташа жылдары қолданылуға қажетті су көлемі -54,5 куб км,ал қолда бар су көлемі-46,0 куб км- ден аспайды. Ал қуаншылық жылдары қажетті су көлемі 58 куб км -ге,ал қолда бар су қоры 26 куб км болады және де су ресурстарының Республика территориясында бөлінуі бір текті емес, бұл региондардың экономикалық дамуына әсер етпей қоймайды. Су ресурсының жетімсіздігі оның нашар сапасымен де арта түседі, ал су сапасы барлық регион бойынша қанағатсыз деп бағаланып отыр. Ең көп ластанған Орал, Ертіс, Нұра, Сырдария өзендері. Су азаюы  мен ластануы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясында экологиялық кризистің

ең бір қауіптісі.

Ертіс өзенінің мынадай жағдайларына көңіл бөлу керек.

1.Ертіс- Қазақстанның ірі өзені. Ертіс суына Орталық Қазақстанда жатқан жалпы ауданы 836 мың куб км- ді құрайтын үш облыс- Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағандығың экономикасы мен халқының саулығы байланысты. Ертіс өзені және Ертіс Қарағанды каналы Қазақстанның 4 ірі қаласын, оның ішінде жедел дамып келе жатқан Астананы, сумен қамтамасыз етеді.

2. Ертіс өзені Қазақстан арқылы өтіп, бар жағынан транзиттік болып есептеледі Шетелден су ағызып әкеледі, біздің елден шетелге ағып шығады.

3. Ертіс өзенінің бассейні- Қазақстанның ірі өнеркәсіптен шоғырланған. Ірі қара және түсті металл өнеркәсіптері «Казцинк» (Өскемен), «Алюминй» (Павлодар) , «Испат- Кармет» Жезқазған т.б. Бұл өнеркәсіп орталықтарының ел экономикасына, Республика бюджетіне түсіріп жатқан пайдасына қоса, экологияға келтіретін зияны көп.

Ертістің ластану деңгейі судың химиялық құрамы өткен жылғымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Қаладағы кәсіпорындардың ағызынды суларды жіберу деңгейі бұрынғы күйінде қалған, ал ауаны ластаушы заттардың көлемі тіпті азайған. «Бұл» «Семей су» зауытының жұмысы тоқтатылуға байланысты. Қазіргі жағдаймен «Семеводоканал», «ЭкоСемей» мен Курчатовтың көпсалы кәсіпорындар жіберетін ағызынды сулар негізінен ластаушы фактор» В.Тюрин.

Ертіс өзенінің басты экологиялық проблемасы болып Қытай елінің Ертіс суын өнеркәсіптік және жер суару мақсаты үшін алуы есептеледі. 1999 жылдың басында Қытай Халық Республикасында канал құрылысы басталды. Бұл канал Ертіс суын Қарамай мұнай өндіру шаруашылығына бұрады.Қазақстан ғалымдарының есептеуінше биөнімдерді қайта жасаушы бірден әсем табиғат мүйістеріне қауіп төнеді, Зайсан көлі мен Бұқтарма еу қоймасының өзін өзі тазалау қабілеттілігі нашарлайды, өйткені Ертіс өзеніне Қытайдан ауыр метелдармен, нитраттармен, мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған су келеді.

Қытаймен және Ресеймен шекарада су ағыны мен судың сапалық құрамын бақылаудың автоматтандырылған постының жоқ болуы Ертістің су ресурстарын басқару, бағалаудың бір берік жүйесін жасауға мүмкіндік бермейді.

Өзен суы ағысының төмендеуі Өскемен өнеркәсіп ауданындағы ластауыш қалдықтардың суға қазіргідей мөлшерде түсуі сақталған жағдайда, өзен суы ластануы деңгейінің көтерілуіне әкеп соғады.

 Есіл өзенінің жай күйі.

Бізде проблемалар көп. Мысалы Астана қаласының өзінде қазір Астана су қоймасынан ғана алады. Соның барлығы Басейіндік кеңесте қарастырылады.Бұл жобаға шет елден бір жарым миллион доллар қаржы жұмсар отыр. Ал Қазақстандықтар үшін бұл атқарылар іске қанша қаражат керек ол жағы әзірше белгісіз.

Құрамына Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары кіретін Есілдің бассейіндік кеңесі өз жұмысын қараша айынан бастайды. Мамандардың айтуынша бұл жерлер проблемалық аймақтардың бірі. Мұнда су қоры бір адамға шаққанда ең төменгі көрсеткішті көрсетеді екен.

Есіл өзендегі су күн санап 60 см-ге көтерілуде,-дейді гидролок мамандар. Осылайша, Есіл өзенінің деңгейі бүгін 923 см-ге жеткен. Мамандар, сондай-ақ қаладағы су тасқыны мамыр айының алғашқы күндеріне сәйкес келеді деген болжам масауда.

«Семей менің үйім» қоғамдық бірлестігінің белсенділері Ертіс өзенінің тазалығымен болашағы үшін ұйым Өскеменде өткен жобалар байқауында 500млн теңгенің грантын жеңіп алды.


Тағы рефераттар