Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік туралы қазақша реферат
Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік кұралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалык және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.
Жолаушы көлік кұралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе тендеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларында накты керсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық зандылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.
Тағы рефераттар
- Ересек адамдар мен балалардың психологиялық ерекшеліктері
- Chevrolet тарихы мен сипаттамасы
- Болашақ фирмалары
- Ғарыш философиясы
- Полиэтностық Қазақстанның бірлігін нығайтудың жолдары