Жүк тасымалдаудағы кеден режимінің түрлеріне сипаттама (17 түрлі) туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендiк режимдердiң мынадай түрлерi белгiленедi:
1) тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару;

2) тауарлардың керi импорты;

3) кеден қоймасы;

4) бажсыз сауда дүкенi;

5) тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу;

6) тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеу;

7) тауарларды кедендiк аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;

8) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу;

9) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету;

10) тауарлардың экспорты;

11) тауарлардың керi экспорты;

12) тауарлар транзитi;

13) тауарларды жою;

14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;

15) еркiн кеден аймағы;

16) еркiн қойма;

17) арнайы кедендiк режим.

Тауарларды кедендiк режимде мәлiмдеу және орналастыру:

1. Кеден органы кеден декларациясын тiркеген күн тауарларды белгiлi бiр кедендiк режимде мәлiмдеген күн болып есептеледi.

2. ҚР Кеден Кодексінде белгiленген тәртiппен кеден органының тауарларды шығарған күнi тауарларды кедендiк режимде орналастырған күн болып есептеледi.

Қазақстан Республикасының кедендiк режимдердiң  17 түріне мынадай сипаттама беруга болады:

1. Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару:
      1) кедендiк баждар және салықтар төленген;
2) тарифтiк емес реттеу шаралары сақталған;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалған;
4) кедендiк ресiмдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Тауарлардың керi импорты

Тауарлардың керi импорты — бұрын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген мерзiмдерде, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендiк баждардан және салықтардан босатыла отырып, керi әкелiнетiн кездегi кедендiк режим.

3. Кеден қоймасы

      Кеден қоймасы — тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, әкелiнген тауарларды кедендiк баждар, салықтар алмай және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесi бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендiк бақылауда сақтауға арналған кедендiк режим.

Тауарларды кеден қоймасының кедендiк режимiне
орналастырудың шарттары:

1. Кеден қоймасының кедендiк режимiне, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.

2. Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиiс.
3. Тауарлардың кедендiк құны осы Кодекстiң 39-тарауында әкелiнетiн тауарлар үшiн белгiленген тәртiппен айқындалады.
     Кеден қоймалары және олардың түрлерi

1. Кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес тауарларды сақтау үшiн арнайы белгiленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып танылады.

2. Кеден қоймасы тауарларға қатысты өкiлеттiктердi иеленген тұлғаның пайдалануы үшiн қолжетiмдi ашық түрде және қойма иесiнiң немесе қойма иесi айқындаған жекелеген тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық түрде болуы мүмкiн. Жабық түрдегi кеден қоймасы оның иесiнiң өтiнiшi бойынша лицензияға тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, ашық түрдегi кеден қоймасы болып қайта құрылуы мүмкiн.

3. Кеден органдары құрған кеден қоймалары ашық түрдегi қоймалар болып табылады.

4. Бажсыз сауда дүкенi

Бажсыз сауда дүкенi — тауарлардың кейiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлуi жағдайында, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендiк баждар, салықтар алынбай және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендiк режим.

Тауарларды бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастырудың талаптары:

1. Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне Қазақстан Республикасына әкелiнуге және Қазақстан Республикасынан әкетiлуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.

2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған жағдайда сатылады.

3. Бажсыз сауда дүкенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастыруға жатпайды.

4. Тауарлардың кедендiк құны осы Кодекстiң 39-тарауында әкелiнетiн тауарлар үшiн белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенiнде сату:

1. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге кететiн жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенiнде сату, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес, фискалдық жағы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2. Бажсыз сауда дүкенiнде сатылатын тауарлардың кеден органымен келiсiлген арнайы таңбасы болуы және сату үшiн алдын ала оралуы тиiс.
3. Бажсыз сауда дүкендерiнде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде, сондай-ақ халықаралық тасымалдауды орындайтын әуе және теңiз кемелерiнiң бортында кедендiк бақылаумен жүргiзiледi.
5. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу

Тауарларды кедендiк аумақта кедендiк қайта өңдеу режимiн тағайындау:

1. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу — тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай және кедендiк баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнiмдерiн кейiннен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында шетелдiк тауарларды қайта өңдеу үшiн пайдалануға арналған кедендiк режим

2. Осы тарауда белгiленген жағдайларда кедендiк аумақта тауарларды кедендiк қайта өңдеу режимiне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.

Тауарларды кедендiк аумақта кедендiк қайта өңдеу режимiне тауарларды орналастыру талаптары:

1. Тауарларды кедендiк аумақта кедендiк қайта өңдеу режимiне тауарларды орналастыруға:

1) осы Кодекстiң 157-бабында белгiленген тәртiппен кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң талаптары туралы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның қорытындысы берiлген жағдайда жол берiледi. Егер қайта өңдеудiң мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етiлмейдi;
2) кедендiк режим осы Кодекстiң 160-бабына сәйкес қайта өңдеу өнiмдерiн, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнiмдерiнде бiрдейлендiрген жағдайда жол берiледi.

6.  Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеу

Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеу — қайта өңдеу өнiмдерiн тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне кейiннен орналастыра отырып, кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендiк бақылаумен кедендiк аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырайтын кедендiк режим.

Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеудiң кедендiк режимiне тауарларды орналастыру талаптары:

1. Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеудiң кедендiк режимiне тауарларды орналастыруға:

1) тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеудiң талаптары туралы осы Кодекстiң 168-бабында белгiленген тәртiппен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк  қорытындысы ұсынылған;

2) кеден органдары шетел тауарларының қайта өңдеу өнiмдерiнде бiрдейлендiрген;
3) кедендiк бақылаудан тыс, тауарлар мен қайта өңдеу өнiмдерiн алып қою мүмкiндiгiн болдырмауды қамтамасыз етудi, кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол-жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргiзудi, сондай-ақ есептiлiк берудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етiлген;
4) қайта өңдеу өнiмдерiн экономикалық тиiмдi тәсiлмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру мүмкiн болмаған;
5) қайта өңдеу жөнiндегi операцияны тiкелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшiн әкелген жағдайда жол берiледi.

7) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу;

Тауарды уақытша әкелу мерзiмдерiн декларант мұндай әкелудiң мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес белгiлейдi, бiрақ оны осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастыру күнiнен бастап үш жылдан асыруға болмайды.
9) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету;
Тауарларды уақытша әкету кезiнде кедендiк баждарды қолдану:

1. Кедендiк баждарды төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкетiлетiн тауарлар санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      10) тауарлардың экспорты;

Тауарлар экспорты — Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге осы аумақтан тыс жерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетiлетiн кедендiк режим.

Тауарларды тауарлар экспортының кедендiк режимiне орналастыру жағдайлары

Тауарлар экспорты:
1) кедендiк әкету баждары төленген;
2) тарифтiк емес реттеу шаралары сақталған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

Экспорт үшiн шығару

1. Экспорт үшiн шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетiлуге тиiс. Бұл орайда олар тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда, кедендiк декларация қабылданған күнгi қалпында болуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшiн шығарылған тауарлар әкетiлмеген кезде тауарларды өткiзушi тұлға жауапты болады.

3. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету осы Кодекстiң 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      11) тауарлардың керi экспорты;
Тауарлардың керi экспортының кедендiк режимiн тағайындау

Тауарлардың керi экспорты — бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлар кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетiлетiн кедендiк режим.

13) тауарларды жою;

Тауарларды жою — кедендiк баждарды және салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдiк тауарлар кедендiк бақылаумен жойылатын, оның iшiнде пайдалану үшiн жарамсыз қалыпқа келтiрiлетiн кедендiк режим.

14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
      Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту — тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк тауарлар кедендiк төлемдердi, салықтарды төлеместен және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлетiн кедендiк режим.
     15) еркiн кеден аймағы;

      Еркiн кеден аймағы — бұл тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар алынбастан, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдiк және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиiстi аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим.

16) еркiн қойма;
Еркiн қойма
— бұл тауарлар қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк және қазақстандық тауарлар еркiн қойма ретiнде танылған тиiстi үй-жайларда (орындарда) кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим.

Еркiн қоймаға орналастыруға жол берiлетiн тауарлар:

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегiмен тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркiн қойманың кедендiк режимiне орналастыруға жол берiледi.

      17) арнайы кедендiк режим

Арнайы кедендiк режим — экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда, тауарлардың жекелеген санаттары кедендiк баждар және салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн кедендiк режим.

.

Тағы рефераттар