Жүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық даму жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі.
Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу осы аурулардың көпшілігіне ортақ шаралар кешенінен тұрады, бірақ кейбір аурулар, әрине жекелеген іс-шараларды қажет етеді. Бірнеше қауіптің негізгі факторларына және жалпы нұсқаулықтарға тоқталсақ.
Өзіңе және қоршаған ортаға ізгі ниет. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады. Осыған орай, олардың саны мен белсенділігін төмендету барлық жүрек-қантамыр ауруларына қарсы ең тиімді алдын алу болып табылады.
Бір таңқаларлығы, көптеген адамдардың пікірі бойынша, жүйкелік-психикалық тұрғыдан қарағанда ең «қауіпті» мекен – үй. Егер жұмыста бөтен адамдардың алдында біз өзімізді байсалды ұстап, жағымсыз әсерлерімізді жасырып қалуға тырыссақ, ал туыстарымызбен қарым-қатынаста «өз адамдарыңмен салтанат құрудың қажеті не?» деген қағида бойынша әрекет етеміз және күні бойы жинаған барлық ашу-ызамызды солардан аламыз. Көбіне олар да бізге дәл солай жауап қатады. Осының салдарынан екі жақты өкпе-реніш туындап, жүйкеміз ширығады… жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығамыз. Егер біз өз туыстарымыздың, отбасымыздың үйлесімділікті бұзбауға барлық жағдайды жасамайтын болсақ, бізге оны ешкім жасап бере алмайды. Сондықтан да кардиологтар кеңесіне жүгініп, өзіне және өзіңді қоршаған барлық адамдарға ізгі ниетпен қарап, өкпе-ренішті ұмытып, бүкіл жан-дүниеңмен кешіре білуге шақырады.
Көбінесе адам өзіне өзі разылық білдірмей жатады. Бұрыннан белгілі бір ақиқатты қайталап айтқан жөн болар: бүкіл әлемді сүюді өзіңнен бастау алады. Әрбір адамға жақсы әсер ауадай қажет. Сондықтан да жақсы кітап, достармен қарым-қатынас, жақсы көретін және сені жақсы көретін адамдармен белсенді және қуанышты өмір сүру барлық аурудың алдын алатын қуатты құрал болып табылады.
Белсенді өмір салты. Бұл — спортпен айналысу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, суға жүзу, туристік сапарлар, яғни адамға рахат сезімін сыйлайтын кез-келген дене еңбегі. Дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырғанымыз жөн: бұл — ыстық су мен салқын суды алма-кезек қабылдау, суық су құйыну, қарда жалаңаяқ жүру, моншаға немесе саунаға бару. Таңдау көп және әркім өзінің жанына жайлысын таңдап алуына болады. Сонымен бірге осы шаралардың барлығы да қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, осылайша көптеген аурулардың алдын алады. Демалыс та толыққанды болуы қажет. Ұйқының қалыпты ұзақтығы тәулігіне 8-9 сағатты құрайды, сонымен қатар мүмкіндік болса күндізгі уақытта, әсіресе түс ауа, бір мезгіл дем алып алған жөн.
Тамақтану. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, сондықтан қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал, ал тұзды тағамдарды тек мерекелік дастарханға қойсақ жеткілікті. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Оларға қою шай, кофе, алкогольдік ішімдіктерді жатқызуға болады.
Темекінің әсері. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізетін әдеттердің бірі темекі тарту екендігі баршамызға аян. Шылым шеккіштердің арасында жүрек-қан тамырлары аурулары кең тараған. Темекі тартудың зиянынан бөлек ештеңе алып келмейтіні белгілі. Сондықтан да бұл әдеттен толық бас тартуды ұсынамыз. Ал «жүйкені тыныштандыру үшін» темекіден басқа да пайдалы әрі жағымды әдістер көптеп табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзіңе және өзіңді қоршаған ортаға ізгі ниет, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және кардиологтың тексеруінен өту – жүрек-қан тамырлары ауруы сізге жақын жүрмейтініне сенімді болуыңыздың кепілі болады.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.vidal.kz – «Видаль дәрілік препараттар анықтамалығы» сайты;
2) www.cardioportal.ru – «Жүрек-қан тамырлары аурулары» сайты;
3) www.hls.kz/ — Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жүрек-қан ауруларын алдын алу», «жоғары қан қысымы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Резинаның тұрақтылық қасиеттері
- Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
- Басқа халықтарды өрнектерімен байланысты ерекшеліктері
- Эйлер функциясы көмегімен кері шамаларды есептеу
- Іскерлік хат