Пәтер, жеке үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік заң негізінде сізге тиесілі болу үшін оларға меншік құқығын тіркеу қажет.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін азамат (немесе оның уәкілетті өкілі) Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп мынадай құжаттарды тапсырады:
Егер мәміле нотариалды куәландырылса:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
Мәлімет ретінде: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» 22-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ бiрлескен меншiк құқығының туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеген кезде тiркеу туралы өтiнiштi барлық қатысушылар не олардың бiреуi қалған қатысушылардың нотариат тәртiбiмен куәландырған келiсiмiн ұсына отырып беруi мүмкiн.
2) жеке басты куәландыратын құжат (егерде өтінішті оның өкілі тапсырса, өкілдің жеке басын куәландыратын құжат) тексерген соң өтініш берушіге қайтарылады;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) егер өтінішті оның өкілі тапсырса, өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) егер өтінішті оның өкілі тапсырса өкілдің өкілеттігін білдіретін сенімхат немесе басқа құжат;
6) құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (Мысалы, құқық белгілеуші құжаттарға мыналар жатады: сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту шарты, жекешелендiру шарты, жария саудадан алғандығы туралы акт, ортақ мүлiктегi (оның iшiнде жұбайлардың мүлкiне) үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк, меншiк құқығын растайтын (оның iшiнде мүлiктi бөлу кезiндегi және т.б.) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесі, мүлiктi бөлу туралы шарт, жергiлiктi атқарушы органдар беретiн меншiк құқығы туралы куәлiк, мұраға құқық туралы куәлiк т.б.)
7) құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
8) егер құқық белгілеуші құжатта мәміле қатысушысы (сатып алушы) жұбайы туралы мәлімет болмаса, неке қатынасын растайтын құжаттың көшірмесі;
9) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатының түпнұсқасы;
10) техникалық төлқұжаттың көшірмесі;
11) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжат (егер бастапқы жылжымайтын мүлік объектісіне (жеке үй, гараж немесе жер учаскесінде орналасқан басқа да құрылыс немесе кондоминиум объектісі құрамындағы тұрғын жай емес құрылыс ғимараттың шегінен тыс орналасса, құқық белгілеуші құжатта жер учаскесіне құқық көрсетілмесе).
12) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
13) жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты;
14) жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
Мәлімет ретінде. Жер кодексінің 43-бабының 9-тармағына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар:жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде — жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici; тұрақты жер пайдалану кезiнде — тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде — уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi; уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде — уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 40-бабының 2-тармағына сәйкес кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн кейiнгi объектiлерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары талап етiлмейдi.
Кейiнгi объектiге құқықтарды тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiне құқықтардағы үлес сатып алуға жататын жағдайларда немесе оны иелiктен айырған жағдайда кондоминиум қатысушысы жер учаскесiне құқығындағы үлесiн сатып алғанын растайтын құжатты ұсынуға тиiс.
15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге алым төлегенiн растайтын құжатты не «электрондық үкiмет» төлем шлюзi арқылы берiлетiн ақы төлегенi туралы чектi ұсынады немесе алым төлеуден босату туралы құжат.
Егер мәміле нотариалды куәландырылмаса, онда мәміле жасаған тұлғалар жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мәмiленi жасаған адамдардың (олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң) қойылған қолдарының растығын, олардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн (құқықтық қабiлеттiлiгiн), сондай-ақ олардың ерiктi түрде жасалғандығын тексеру үшін тіркеуші органдарға (Әділет департаменттері, басқармалары) бару қажет.
1) егер мәміле барлық меншік иелерімен жасалмаса – басқа меншік иелерінің (жұбайының) мәміле жасауға (иеліктен айыруға, сатып алуға) келісімін растайтын құжат;
2) неке қатынасында болмаса немесе мүлік некеге дейін алынса — нотариалды куәландырылғн өтініш (иеліктен айырушының немесе сатып алушының);
3) егер мәміле меншік иесі (иеліктен айырушы) болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүддесін қозғаса (әрекетке қабілетсіз) – қорғаншы және қамқоршы орган келісімі;
4) егер мәміленің бір тарабы заңды тұлға болып табылса:
— заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;
— заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
— өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
— өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
— Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесiнiң, акционерлер кеңесiнiң) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзiндiлер) ұсынады.
5) егер келесі тарап шетелдік заңды тұлға болып табылса — шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
6) егер келесі тарап жеке тұлға (лар) болып табылса:
— жеке басты куәландыратын құжат (тексерген соң өтініш берушіге қайтарылады);
— жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Атап өту керек, аталған рәсім Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) тегін жүргізіледі.
Оператор Сізге құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат береді, онда мыналар көрсетіледі:
ü сұранымды қабылдаудың нөмірі мен күні;
ü сұралған мемлекеттік қызметтердің түрлері;
ü қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
ü құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
ü Орталық операторының толық аты-жөні.
Бұл маңызды! Жеке меншік құқығын тіркеу талон алған сәттен бастап жалпы тәртіпте 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Салық кодексінің 456-бабына сәйкес құқықтарды тіркеу үшін мынадай алым алынады: пәтерге, жеке тұрғын үйге – 0,5 АЕК (756 теңге); гараждарға 0,5 АЕК (756 теңге), жер учаскесіне – 0,5 АЕК (756 теңге); көппәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйдегі тұрғын емес орын-жай, тұрғын емес құрылым – 8 АЕК (12 096 теңге) құрайды.
Сіз жылжымайтын мүлікті жеделдетілген тәртіпте – бір жұмыс күні ішінде тіркеу жүргізе аласыз. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1338 қаулысына сәйкес құқықтарды жеделдетілген тәртіпте тіркеу үшін: пәтерге, жеке тұрғын үйге – 5 АЕК (7 560); гараждарға 4 АЕК (6 048 теңге), жер учаскесіне – 5 АЕК (7 560); көппәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйдегі тұрғын емес орын-жай, тұрғын емес құрылым – 15 АЕК (22 680 теңге) алым алынады.
Ескерту: Айлық есептік көрсеткіштің көлемі (АЕК) 2011 жылы 1 512 теңгені құрайды.
Нақты ақпаратты ХҚО кеңесшілерінен немесе ХҚО ақпараттық-анықтама қызметінен мына телефон арқылы 58-00-58 алуға болады.
Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):
1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқығын және олармен мәмілені құқықтық тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.egov.kz — «Электронды үкімет» порталы;
2) www.minjust.kz/ — Әділет министрлігінің сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтерге меншік құқығын тіркеу», «үйге меншік құқығын тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорынның өндірістік қуаты
- Бағалы қағаздармен операцияларды ұйымдастыру және оның есебі
- 4 мифа о работе онлайн преподавателя
- Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
- ҚР тұрғын үй шаруашылығын дамытыудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы