Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Физика, Астрономия’ бөлімінің мұрағаты

Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері

Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1-2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2-4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20-30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді. Толығырақ »

.

Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері

Мұхиттар мен теңіздердің деңгейінің көтерілуі — әдетте бірнеше мың жылдықтар бойына жай жүрді. Бұндай өзгерістер климаттық факторлар әсерінен жүреді. Алайда, табиғатта мұхиттар мен теңіз деңгейінің қысқа уақыт ішінде көтерілуіне әсер ететін процестер бар.

Бұл Ай мен Күннің тартылыс күші сол сияқты, жер сілкіну мен вулкан атқылау әсерінен болатын толқынды желдер мен цунами толқындарының әсерінен болады. Толығырақ »

Кроманьондықтардың дамуындағы шешуші кезеңдер

Кроманьондықтардың кеңінен таралуы 45-50 мың жыл бұрын басталған. Осы кезеңде А.Г.Маленков пен И.Е.Ковалевтің пікірінше, адамның даму тізбегінде елеулі өзгерістер болған: қолдың босауы — еңбек ету қабілеті — мидың дамуы — терінің жүнді жабыннан босауы.

Бұл кезеңде кезекті геомагниттік өріс инверсиясы жүрген. Осы уақыттан бастап адамның гомосапиенттік белгілері көбейіп, оның әрі қарай дамуында елеулі оқиғалар болған: бұған дәлел бола алатын Батыс, Орта және Шығыс Европада, Сібірде, Орта Азияда, Қиыр Шығыста, Африкада, Микронезияда. Табылған сол кездегі адамдардың қолынан шыққан өнер туындылары. Ең ертедегі бейнелеу өнерінің туындылары 40 мың жыл бұрын жасалған (Танзания т.б.) Толығырақ »

Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез

Жоғарыда айтылғандардан басқа 30 млн жыл бұрын жердің тектогенезінде геомагниттік өрістердің инверсиялары мен басқа да құбылыстардың қысқа фазалы процестері байқалды. Олар да өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамдарға әсер етті.

Қазіргі заманғы түсініктер бойынша адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бұдан 4.5 млн жыл бұрын бөлінді. Толығырақ »

Динозаврлардың жойылып кетуі

Динозаврлар Жер бетінде бұдан 290 млн жыл бұрын пайда болып, 100 млн жылдан аса уақыт үстемдік құрды. Динозаврлардың жаппай қырылуы екі геологиялық кезең арасында — бор мен палеогенде – 65 млн жыл бұрын өтті. Ғалымдар осы кезеңдер арасында тіршіліктің бір формаларының екіншісіне кенет ауысқанын анықтады. Палеонтологтардың алған қазба қалдықтары арасынан осы кезеңдерде жойылып кеткен жануарлардың жаңа түрлері табылуда. Олардың ішінде өте кішкене түрлер де, алып гиганттар да бар. Мысалы, АҚШ – та массалары 50-80 тоннаға дейін жететін, ал Қытайда – мойынының ұзындығы 30 метрге жететін жануарлар табылған. Бұл алып жануардың бір ғана мойын омыртқасынң ұзындығы 3 метрге жетеді. Толығырақ »

Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі

Біздің планетамыздың магниттік қасиеті бар. Егер Жердің магниттік сферасы болмаса, Күн мен жұлдыз желдерінің ағыны еш кедергісіз Жердің бетіне жетіп,ондағы барлық тірі организмдерге зиянын тигізген болар еді. Магнитосфера бұған кедергі жасап, сол арқылы биосфераны зарядталған бөлшектерден қорғап тұратын бронды қалқан рөлін атқарады. Толығырақ »

Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік

Жер физикасына белгілі болғандай, планета қойнауының радиоактивтілігі уақыт өткен сайын азаяды да, ал тіршіліктің ертедегі түрлеріне олар кезіндегідей әсер етеді. Жердің даму тарихының ертедегі кезеңдерінде пайда болған қарапайым структуралы балдырлар Жердің даму тарихының соңғы кезеңдерінде пайда болған жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне қарағанда радиация әсеріне анағұрлым төзімді. Толығырақ »

Кратер түзілу себептері және онымен бірге жүретін құбылыстар

Күн системасы 9 планетадан, шамамен 2,8 астрономиялық бірлікте орналасқан ішкі астероидты белдіктен және 2 сыртқы белдіктен (Оорттың ішкі бұлты = 10 мың Күн массасы, Оорт бұлтының массасы Күн массасынан 100 есе үлкен). Оорт бұлтының бұл көрсетілген заты ондағы комета ядролары мен астероидтарға байланысты. Толығырақ »

Катастрофизмнің қалыптасуы

Алғаш рет катастрофалық құбылыстарға француз ғалымы, палеонтология мен салыстырмалы анатомияның негізін салушы Ж. Кювье (1769-1832) назар аударды.Ол Жер бисферасы даму барысында бірнеше орасан зор катастрофаларды басынан өткізді, бұл катастрофалар планетада тіршілік еткен бірнеше организмдер түрлерінің жойылып кетуіне себеп болды деп көрсетті. Толығырақ »

Биологиялық эволюцияның механизмдері

Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:

— эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;

эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі — мутагенезді; Толығырақ »