Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Физика, Астрономия’ бөлімінің мұрағаты

Астрономияның Қазақстанда даму жолы

Астрономияның Қазақстанда даму жолын зерттеуде, қолданылған әдебиеттерге талдау жасалып, осы саланың тарихы бір ретке келтірілді. Ғылыми астрономияның Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы КСРО ның батыс Еуропадағы қалаларының, ірі институттардың эвакуациялануынан бастау алғанын көрсеттік.  1941 жылы 21 қыркүйекте Алматыда болған Күн тұтылуы да осы алғашқы қадамға өз септігін тигізді. Толығырақ »

Күн жүйесін зерттеудің кейбір мәселелері

Күн жүйесін зерттеудегі қазіргі этап, оның үлкен және кіші денелерін зерттеу, ғарыштық техниканы қолданумен, үлкен жетістіктерге жетуімен сипатталады. Дәл осы ғарыштық аппараттар жақын ара қашықтықтан, тіпті in situ – Ай, Марс, Титанның үстіңгі қабаттарын зерттеуге, планета атмосфераларын тікелей зондтауға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге ірі телескоптардан (10 метрлік Кекка атындағы, 8,2 метрлік «Субару», 4 метрлік инфрақызыл телескоптар және т. б.)  және орта телескоптармен жұмыс жасау тек жалғасуда ғана емес, даму  үстінде.  Толығырақ »

Астрофизикалық иститутта алып планеталарды зерттеу

Астрофизикалық иституттың негізін қалаушы академик Фесенковтың ғылыми ізденістерін Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты да қамтыды, оның ішінде Юпитер планетасы да бар. Дәл осы планетаға Фесенковтың 1917 жылы Харьков қаласында шыққан «Юпитердің табиғаты» атты алғаш монографиясы арналғн болатын. Толығырақ »

Планеталық масса компаньоны бар жұлдыздардың эволюциялық статусы

Саулелік жылдамдық қызметімен табылған 108 планеталық масса компаньоны бар жұлдыздың эволюциялық статусы қарастырылған. Бұл мақсатта Mv – түсіндегі диаграммадағы жұлдыздардың орналасуы, олардың хромосфералық активтілігі және айналым жылдамдығы қолданылады.  Hipparcos каталогындағы тригонометриялық паралакстар негізінде есептелген абсолютты өлшемдер және B – V түсінің көрсеткіштеріне негізделіп Mv – түс диаграммасы құрылған. Гиад басты ілгерілемелігін құру үшін V —  клас  жарықтығындағы тұрақты бірлік жұлдыздар таңдалып алынды. Жеке вектың паралакстарды қолдана отырып, олардың абсолютты өлшемі есептелді. Толығырақ »

Қазіргі астрофотометрия: мақсат, әдіс және проблемалар

Қазіргі астрофотометрия айтарлықтай табыстарға жеткен. Ол әртолқындық пен көптүсті, ену қасиеттілігі 28 ші жұлдыздық өлшемге дейін жетті, өлшемдердің дәлдігі көп жағдайда 1 mmag дейін жетеді. Жоғары дәлдіктік фотометриялық каталог жүз мың обьектіге толықты, ал орта дәлдіктік фотометриялық каталог обьектілері   10 9 жетті. Толығырақ »

Стационарлы екілік жұлдыз жүйелерінің динамикасы

Қазіргі уақытта екпінді түрде астрономияның стационарлы емес динамикалық проблемалары зерттелуде. Аспан денелерінің уақыттың өтуіне қарай массаның өлшемінің, формаларының және басқа физикалық параметрлерінің  өзгеруі  эксперименталды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы физикалық өзгерістерді ескере отырып, динамикалық мәселелерді зерттеп, есептеу қажет. Толығырақ »

Эфир құрылысының мәселесі

Эфирдің өзара әсерлесетін айналмалы материалдық жүйелермен (АМЖ) біртекті толған материалды орта деген жаңа концепция ұсынылды – мысалы Галактика, Күн, атом, электрон, фотон және т. б. бізді қоршаған әлемде аналогы бар, орталық және перифириялық массалардың өзара әсерлесуін сиппаттайтын праполь. Орталық және перифериялық массалардың өзара әсерлесуін сиппаттайтын праполь Нюьтон заңында анықталған, ол Күн жүйесі Прапольда бір-біріне үдемелі қозғалатын материалдық денелердің өзара әсерлесу заңы шығарылған және Күн мен планеталардың, атом ядроларының фотонмен өзара әсерлесуін көрсететін математикалық формуласы ұсынылған. Толығырақ »

Гравимагнетизм гипотезасы

Кезінде, ғалымдармен гравитация магнетизм көзі бола алады, деген аспан денелерінің  магнетизмін түсіндіру үшін гравемагнетизм гипотезасы ұсынылған болатын. Бірнеше аспан денелеріне қолданылатын гравимагнетизм гипотезасы сандық нәтижелерді дұрыс беретіні көрсетілді. Бұл гипотеза жалпы қабылданған салыстырмалы теория интерпретациясына белгілі бір өзгерістер енгізеді. Ұсынылған жұмыста Жер, Күн, нейтрондық жұлдыздар және басқа аспан денелеріне байланысты теориялық нәтижелер мен фактылық көрсеткіштердің кейбір сәйкес келмеуі талқыланады. Толығырақ »

Айнымалы масса тығыздығы бар ғарыштық жілік жүйелері

Ғарыштық жілік N жүйелерін зерттеу космологияның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі болып табылады. Идеалды сұйықтықтың «Шаң тозаң бұлттары» үшін бұл жұмыстарда релятивистік модель зерттелді. Бірақ дене нүктелік бөлшектер ретінде емес, шексіз біртекті бұлт ретінде берілген. «Жіліктік бұлттар» түріндегі материямен берілген Эйнштейн теңдеуін зерттеуде 3 себепті бөлуге болады. Ол себептер мынадай: Біріншіден релятивистік жіліктер классикалық дәрежеде көптеген өзара әсерлесу мүмкіндігін туғызады. «Жіліктік бұлттар» моделінің бірі, ол жақыннан әсерлесу концепциясына негізделген теоретико-өрістік модель. Толығырақ »

Г. А. Тихов Қазақстанда және оның астроботаникасы

Ұлы Отан Соғысы кезінде көптеген астрономдар мемлекеттің шығыс региондарында тұрып, қызмет етті. Соғыстан кейін осы региондарда жаңа бағыттар мен обсерваториялар ашқан ғалымдардың көбісі қайта оралмады. Соғыс болмаған күнде де жаңа обсерваториялар соғылар еді, бірақ олар басқаша болатын еді – уақыты да, орналасқан жері де. Бұл ғалымдарға Гавриил Адрианович Тихов (1875-1960) жатады. Ол ескі Пулков астрономы КСРО ҒА корреспондент- мүшесі (1927 ж. бастап), 1941 ж. бастап Алматыда тұрды. Толығырақ »