Астрофизикалық иституттың негізін қалаушы академик Фесенковтың ғылыми ізденістерін Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты да қамтыды, оның ішінде Юпитер планетасы да бар. Дәл осы планетаға Фесенковтың 1917 жылы Харьков қаласында шыққан «Юпитердің табиғаты» атты алғаш монографиясы арналғн болатын. Кейіннен 50 жылдары Василий Григорьевич қайтадан осы планетаға назар аударып, Юпитер атмосферасында болып жатқан процесстер туралы үлкен статьялар жазады. Алып планеталардың спектралды және фотометриялық бақылаулары 1959 жылдан басталды, кейіннен ол планеталық жұмыс тобының негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл зерттеулер тек Одақ көлемінде ғана емес, шет елдерге де танымал болды. 60 жылдардың соңында КСРО ҒА шешімімен АФИ Одақ бойынша алып планеталарды зерттеу бағытындағы ең басты ғылыми-зрттеу орнына айналды, «Алып планеталар» жұмыстық тобы мен «Күн жүйесі» секциясы құрылды, планеталар мәселесі жөніндегі Одақтық жиындар Алматыда өте бастады. Халықаралық деңгейде де АФИ қызметкерлері сыртта қалған жоқ, көптеген комиссия мүшелігіне енді, шет ел әдебиеттеріне публикация жазды.

Жасалған жұмыстардың негізгі бағыты, бүгінгі күнде, фотометрия мен спектрофотометрия нәтижелерінде алынған атмосфера мен бұлт қабатарын зерттеу болып қалып отыр. Юпитер мен Сатурн спектрлеріндегі молекулярлы жолақтардың пайда болуы, планета дискісінің шекарасындағы жұтылудың әлсіреуін түсіндірмеуі, зертеулердің бірінші этапында дәлелденген болатын. Сондықтан жұтылу жолақтары, тек бұлтасты атмосферада ғана емес, көпшашырау процессі арқасында бұлт қабатында да, пайда болтынын ескеретін, метан мен амиактың жұтылу жолақтарын бақыланатын интенсивтілігінің кейінгі интерпретациясында жаңа модель қабылданды. Осы жаңа модель негізінде алып планеталар атмосферасындағы көміртегтің көлемі Күндегі көлемнен әлдеқайда көп екендігі көрсетілді.

Инсоляцияның айнымалы режимы, әсіресе Сатурн үшін, ішкі процесстермен  қатар аэрозоль құрамасының тығыздығының вертикальды таралуына үлкен өзгерістер әкеледі, бұл солтүстік және оңтүстік жарты шеңбердегі оптикалық және жұтылу қасиеттерінің нақты, айқын ассиметриясына әкеліп соғады. Бұлт қабаты мен атмосферада пайда болатын, эффективті тереңдігіне тәуелді маусымды және зоналы варияциаларды табуды, көпжылдық зерттеулер мүмкіндік берді.

Юпитер мен Сатурн жүйелеріндегі серіктерде бақыланатын ерекше құбылыстар, планета атмосферасының тұрақсыздығын зерттеу, түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысумен, алып планеталарды зерттеу жалғасып жатыр.
Тағы рефераттар