ЖОСПАР

КІРІСПЕ — — — -3

1. НЕСИЕ ТҮСІНІГІ — — 5

1.1. Несие мәні мен қажеттілігі — — -5

1.2. Банктік несиенің түрлері — — — 10

1.3. Несиенің қызметтері  — — — -14

2. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ — — — — 16

2.1. Несие саясатының мазмұны мен түрлері — — —  12

2.2. Несиелеу механизмі және несиелік процесс — — — 16

3. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ — —  21

3.1. «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамының несие саясаты — — 21

ҚОРЫТЫНДЫ — — — — 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ- — 33

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамда несиелік саясаттың  мәні өте зор. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несие дегеніміз – уақытша бос ақшаны қайтарымдылық, пайыздылық, мерзімділік және кепілділік қағидалары бойынша орналастыруды айтамыз.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың, кәсіпорындардың табыстары мен бос ақшалай қаражаттары жинақталып несие капиталына айналады.

Несиелік қатынастың субъектілеріне несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші банк болып табылады. Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады: қайта бөлу, айналыс шығындарын үнемдеу, капиталдың шоғырлануын жеделдету, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Банктегі несиелік саясаттың негізгі мақсаты – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру, банктегі бақылауды ұйымдастыру, несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау, несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметін міндеттерін, оларды іске асыру

құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа фактор  —

лар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс: несиелік қызметті ұйымдастыру, несиелік портфельді басқару, несиелеуге бақылау жасау, несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері.

Менің курстық жұмысымның мақсаты – Банктің несиесінің жіктелінуі мен несие саясатының құрылымын талдау.

Курстық жұмыстың мақсатына байланысты келесідей талаптар қойылады:

1)     Несие түсінігін талдау;

2)     Банктің несие саясатының құрылымын талдау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынадай талаптар қойылады:

—         Несиенің экономикадағы орны мен рөлін анықтау;

—         Несиенің түрлерін экономикалық – ұйымдастырушылық белгілері бойынша сипаттамаларын жіктеу;

—         Жалпы несиенің атқаратын қызметтерін сипаттау, зерттеу;

—         Банктің несиелік саясатының бағыттарын, түрлерін анықтау;

—         Несиелік механизмінің құрылымдық элементтерін зерттеу;

—         Банктің несиелеу процесінің кезеңдерін талдап, зерттеу.

Осы курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік экономистердің еңбектеріне, газет – журналдарға, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңдарына сүйене отырып жаздым.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, 3-бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

курстық жұмыс / 33 бет


Тағы рефераттар