МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ….3

I. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…..5
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері….5
1.2 Инвестициялық тәуекелдің ерекшеліктері…….8
1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар..12

II. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТҚА ТАЛДАУ ЖАСАУ…16
2.1 Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама………16
2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері….21
2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау….27

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ТӘУКЕЛДІЛІГІН ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ……30

ҚОРЫТЫНДЫ….33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..35

 

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Ал экономикалық тиімділік – бұл экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізетін факторлардың, ресурстардың шығынына қатынасымен сипатталады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Жоспарлы уақыт кезеңінде Қазақстанның экономикада нақты инвестициялау секторы, орталықтанған шоғырландыру көмегімен және қаржылық ресурстардың көмегімен жүзеге асырылды. Командалық-әкімшілік жүйенің және оған қатысушы дерктивтік әдіспен реттеу жойылып, оның механизмі орталықтанбаған қаржыландыру институттарының ивестициялылық-қаржылық мекемелердің түрлеріне ауысуы керек еді. Бірақ та накты түрде бұл ауысылмаған болатын. Мақсатқа бағытталған ивестициялық саясаттың қатыспауы шамаланған-инновациялық нарық институттарын құру инновацияны дамытудағы инвестицияны қысқартуға алып келді, яғни шектеулер жаңа техника-эконмикалык парадигмаға өтуге мүмкіндік бермеді. Бүгінде эконмикалық әдебиеттердің көз карасы бойынша, ең негізгі жетіспеушіліктер болып оның ішінде даму жолындағы инновациялық қызметтердің бойынша қаржылық ресурстар жеткіліксіз. Қазіргі заманғы этаптардың дамуы Қазақстанның ұлттық жинақтауы оның негізін кұраушы болып Ұлттық қордың құрадарынан тұарды, зейнетақы қорының жинақталуы және банк жүйесіндегі депозиттер есептелінеді. 2007 жылдың аяғындагы статистикалық деректерге сүйенсек зейнетақы жинақтауының салымдары 648,6 млрд теңгені, жалпы депозиттер сомасы 2300,5 млрд теңгені, Ұлттық қордың жинақталуы шамамен 5,2 млрд долларды кұрады. Осылайша сомалық жинақталулар 3599,8 млрд теңге, немесе 60% ЖІӨ-ге жоғарлады. Негізгі капиталдагы инвестицияфның келемі 1,8 долларды құрды. Орта есеппен алғанда 28,6% сомасы шетел инвесторымен салынған, яғни негізгі Қазақстанның экономикасындағы қарама-қарсылық шағын болып табылады, яғни оларды инвестициялық жинақтаумен салыстырғанда. Берілген жағдайда монетарлық саясаттың классикалық наборын қолдануға болмайды. Есептерді шешу үшін, Қазақстанның стратегиялык дамуы «Қазакстан 2030″ және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің катарына кіру үшін, ұлттық инвестициялык саясатың тиімділігі қажет, инвестицияның сапалық есіміне бағыттары инновациялық дамуда қаржылық және нақты сектордың арақатынасын күшейту негізі. Қазіргі уақытка дейін ешқаидай консепция жасалмаған.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты — кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

— инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;

— инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;

— шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;

— ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

— инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

 Курстық жұмыс / 35 бет
Тағы рефераттар