Эмитенттер мен инвесторлар туралы қазақша реферат

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар – бұлар бағалы қағаздар алып – сатумен айналысатын не оның айналымы мен есебіне қызмет көрсететін жеке тұлғалар не мекемелер; бұлар бағалы қағаздар айналымына қатысты өз араларында белгілі бір экономикалық қатынастармен айналысатын тұлғалар.

Функционалдық қызметтеріне байланысты қатысушылардың төмендегідей негізгі топтары да бар  :

1)    эмитенттер

2)    инвесторлар

3)    қор делдалдары

4)    бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін мекемелер

5)    мемлекеттік заңдылығын қадағалау және бақылау органдары :

Эмитенттер – бұлар бағалы қағаздарды айналымға жіберетіндер.

Инвесторлар – бұлар айналымға жіберілген бағалы қағаздарды сатып алушылар.

Қорлық делдалдар – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттер мен инвесторлар арсындағы байланысты қамтамасыз ететін саудагерлер.

Бағалы қағаздар  нарығына қызмет көрсететін мекемелер – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздарды алып – сату ісінен басқа барлық қызметтерді орындаушы мекмелер.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуіне бола қызмет ететін мекмелерге төмендегілер жатады:

1)    бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырушылары (қорлық биржалар не нарықтың биржалық емес ұйымдастырушылары)

2)    есеп орталығы (есептеу палаталары, клирингті орталықтар)

3)    депозитарии

4)    тіркеушілер

5)    ақпараттандыру органдары не мекемелері.

6)    бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырушылары (қорлық биржалар не нарықтың биржалық емес ұйымдастырушылары)

7)    есеп орталығы (есептеу палаталары, клирингті орталықтар)

8)    депозитарии

9)    тіркеушілер

10)     ақпараттандыру органдары не мекемелері.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуіне бола қызмет ететін мекмелерге төмендегілер жатады:

11)     бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырушылары (қорлық биржалар не нарықтың биржалық емес ұйымдастырушылары)

12)     есеп орталығы (есептеу палаталары, клирингті орталықтар)

13)     депозитарии

14)     тіркеушілер

15)     ақпараттандыру органдары не мекемелері.

16)     бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырушылары (қорлық биржалар не нарықтың биржалық емес ұйымдастырушылары)

17)     есеп орталығы (есептеу палаталары, клирингті орталықтар)

18)     депозитарии

19)     тіркеушілер

20)     ақпараттандыру органдары не мекемелері.

Бағалы қағаздар нарығында сатушы қандай мақсаттар көздейді? Оның негізігі мотиві болып капитал жинау болып табылады (ақша қаражаттары). Онымен  қатар, бағалы қағаздар саудасы жеке меншігін қайта жаңартуына мүмкіндік береді, мысалға мемлекеттікті приватизация жолымен акционерлікке. Сатушы өнідірстік бағалы қағаздарды сатып алуды ұсына отырып,  өз ісіне келетін қауіп мүмкіндігін төмендетуге тырысады – кредиттік, пайыздық, валюталық және басқа да қауіптер.  Бағалы қағаздар саудасы қарыздардың секьюритизациялау жүргізуіне мүмкіндік береді. Бағалы қағаздарды саудаға жібере отырып, қаржыландыру жоспарын немесе қаржы ағымын басқаруды жақсартуға болады.

Нарықтың келесі басында бағалы қағаздар сатып алушы-инвестор, оның негізігі мақсаты болып өз қаражаттарын жұмыс істеуге және табыс әкелуге жұмылдыру. Онымен қатар, ол бағалы қағаздардың әлдебір түрімен кепілдеме берілген, құқықтарды алуға мүдделі болуы мүмкін (мысалға, дауыс құқығы). Эмитентке ұқсас инвесторда хеджированиеге де, ликвидностті басқаруға да бағалы қағаздар сатып алады.

Жоғарыда қаралған нарықтың қатысушылары арнайы болып саналады, яғни тек осы нарыққа ғана тән.

Нарықтың қатысушысы не сатып алушы позициясында, не сатушы позициясында, не тек нарық үрдісіне қызмет ету позициясында да бола беруі мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында эмитент тек сатушы позициясын ұстанады. Бағалы қағаздардың басқа да сатушылары болып инвесторлар да, қорлық делдалдар да болуы мүмкін. Осы нарықта сатып алушы болып тек инвесторлар не қорлық делдалдар ғана бола алады. Нарыққа қызмет көрсету ұйымдары болып қорлық инфрақұрылым ұйымдары және нарық ісін реттеу органдары табылады [3, 80бет].

Бағалы қағаздар нарығына қатысты барлық тұлғаларды 3 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қорлық нарықтың «клиенттері» не «пайдаланушылары» жатады. Бұлар эмитенттер мен инвесторлар. Олардың кәсіптік мақсаттары, негізгі іскерлік өмірлері көбінесе бағалы қағаздар нарығынан тыс жатады. Бұл нарық оларға өздері пайдаланып жүрген қаржыландыру қызметтері өрісінің тек бір элементі болып саналады. Эмитенттер қорлық нарыққа өзінің белгілі бір бағдарламасына ұзақ мерзімді не орташа мерзімді капитал керек болғанда ғана жүгінеді. Инвесторлар қорлық нарығын өз қолдарындағы капиталдарын сақтап, көбеюту мақсатында ғана қолданады. Эмитенттер мен инвесторларды біріктіретін бір жағдай, оларға бағалы қағаздар нарығы мамандық не «негізгі» кәсіптік бизнес емес, «сыртқы іскерлік ортаның» бір бөлшегі.

Екінші топты кәсіптенген сатушылар мен қорлық делдалдар құрайды, яғни брокерлер мен дилерлер. Бұл ұйымдар, кей елдерде бағалы қағаздар саудасы негізгі кәсіптік қызмет боп табылатын жай азаматтар. Олардың негізігі қызметі болып эмитенттер мен инвесторларды күту, олардың қорлық нарыққа шыққандағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады. Кәсіпкер сатушылар бұл жерде клиенттерге кең көлемдегі қаржы қызметін және қаржы аспаптарын ұсынады.

Қорлық нарықтың бөлшектеп сату сегменттері қатарында одан маңызы кем емес жалпылап сату  сегменті орын алған – бұл өріс тек кәсіпкер сатушылар арасындағы қатынастар. Мұнда кәсіпкерлер бір-бірімен терезесі тең түрде саудаласады. Бұл сауданың қағидалары жалпылай алғанда жеке сатудан мүлдем бөлек.

Үшінші топты қорлық нарықтың барлық қатысушыларына қызмет көрсететін ұйымдар құрайды. Бұлардың толық жиынтығын қорлық нарықтың «инфрақұрылымы» деп атайды. Бұларға қорлық биржалар және басқа да сауда ұйымдастырушылар, клирингті және есепті ұйымдар, депозитарилар мен тіркеушілер жатады.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» федералдық заң бекітеді, «эмитент- бұл заңды тұлға, бір-бірімен келісімдер бойынша байланысқан заңды тұлғалар тобы, не бағалы қағаздармен куәләндырылған құқықтарды инвесторлар алдында қорғау бойынша міндетті мемлекеттік билік органдары және жергілікті басқару органдары». Эмитент қорлық нарыққа тауар – бағалы қағаздар жеткізеді, оның сапасы эмитенттің статусымен, қызметінің шаруашылық-қаржылық нәтижелері бойынша сарапталады, ал маркетабельності – көбінесе ысылмаған инвесторлар көзінше керемет болып көрінетін «қоңыраулар мен ысқыруықтар» санымен таңдалады.

Бірақ эмитент нарықа бағалы қағаздарды жеткізіп кетіп қалады деп ойлауға да болмайды. Эмитент өзі әкелген бағалы қағаздардың өзі куәләндырған құқықтарына міндеттеме алу үшін үнемі қатысып отырады.

Бағалы қағаздар нарығында эмитент инвестициялық сапалығына орай бағаланады.

Ресейлік эмитенттер арасында біріншілікті мемлекет нық ұстап тұр.  Бұл эмитенттің бағалы қағаздарының ерекше факторы болып статусы саналады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың қауіптілігі нольге тең деп саналады, басқа банктер жабылып қалуы, акционерлік қоғамдар банкротқа отыруы мүмкін, тек мемлекеттік осындай жағдайдың бірі де болмайды, сондықтан да ол өз міндеттерін әрдайым нақты орындап отырады. Инвестициялық талдау қағидасы бойынша қауіп-қатері нольге жуық бағалы қағаздар минималды табыс бойынша сатыла беруіне болады. Әлемнің дамыған қорлық нарықтарындағы бағалы қағаздар саудасынан алынған тәжірибе осы қағиданы дәлеледеп отырады. Мемлекеттік емес құрылыстар бағалы қағаздар шығару барысында әр түрлі дәрежедегі билік органдарының көмегіне сүйенуіне болады, олар осы бағалы қағаздар бойынша гарант бола алады не салықтық льготалар орнатады.

Осы эмитентке мысал ретінде РАҚ «Высокоскоростные магистрали» алуға болады, олардың гаранты ретінде Ресей Федерациясының қаржы Министрлігі шығып отыр.

Өндірістік секторларға жататын акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар эмитенті ретінде төмендегідей топтарға бөлінеді: жеке меншіктелген кәсіпорындар бір топты, екіншісін қайта құрылған акционерлік қоғамдар құрайды. Жеке меншіктелу нәтижесін де эмитент ретінде құрылған акционерлік қоғамдар табысының аздығымен, ақпараттың құпиялылығымен, экономикалық перспективаларының мағынасыздығымен және көрсеткіштерінің төмендігімен сипатталады.

Нарықты жаулап алу үшін бұл эмитенттерге реестрлерінің техникалық жетістігі, бағалы қағаздарының курстық бағасының тұрақсыздығы керек.

Инвестор маңыздылығын нарық қорында бағалау өте қиын. Кез- келген бағалы қағаз нарығы өмір сүреді және дамиды, егер инвестордың иеленуге деген қызығушылығы болса. Сондықтан да инвестор мүддесін түсіну, оның талаптарына сай құнды қағаздарды ұсыну —  нарық қорында бірде – бір жетістіктің бірі.

“Бағалы қағаздар нарығы туралы” заң инвесторды құнды қағазға иелігін, жеке меншік құқығы негізінде тұлға ретінде анықтайды.

Одан басқа “Адал иегер” деген түсінік енгізілген, бұл “бағалы қағаздар сатып алған және оған ақша төлеу барысында бағалы қағаздарға үшінші адамның құқы бар екенін білмеген тұлға ” деп саналады. Инвесторларды бірқатар белгілермен топтастыруға болады. Көп жағдайда ең маңызды олардың статусы. Осыған орай оларды жеке, ұжымдық және нарық мамандары деп бөлуге болады (8 сурет) [1, 98бет].

Егер бағалы қағаздар нарығында негізгі эмитент – мемлекет болса, онда қор нарығының күйін анықтайтын негізгі инвестор-жеке инвестор, демек бағалы қағаздарға  ие болу үшін  өз қаржысын жұмсаған тұлға.

Корпоративтік нвесторлардың екі жақты позициясы  кәсіпорындармен

ұйымдарға тән қасиет, өз қолдарында қаржы болғанымен өз инвестицияларын шығаруға мүмкіндігі жоқ.  Бір жағынан кәсіпорындар бағалы қағаздарды қаржы ресурстарын тарту үшін сатып алады, екінші жағынан өзінің уақытша бос тұрған қаржысын пайдалы өндіріске жұмсауға тырысады. Кәсіпорын қызметінің осы екі бағыты макро және микроэкономикалық факторлар жиынтығына тәуелді болады.Сонымен эмитент пен инвестор бұлар бір бүтіннің екі жақ басы – қор нарығы.

Біз жоғарыда қараған инвесторлардың статусы оларға эмитент рөлінде шығуға мүмкіндік береді, яғни нарыққа бағалы қағаздар жеткізуші. Сонымен қатар өз қызметін мамандандырылғандар сияқты жүргізетін инвестициялық институттар да бар.Олар инвестициялық компаниялар мен инвестициялық қорлар. Бағалы қағаздар нарығында өз жұмыстарын істей жүріп, олар барлық жиыннан 50 пайыз кем емес үлесте пайда табады. Қарсы болған жағдай лицензиясының қайтарылуы мүмкін.

Осы топқа зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын және басқа да қаржыландыру нарығының инфрақұрылысын құратын және жұмсаумен айналысатын басқа да институттар бар.

Инвесторларды инвестициялау мақсатында келесі топтарға бөлуге болады. Олар стратегиялық және қоржындық.

Осы топқа зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын және басқа да қаржыландыру нарығының инфрақұрылысын құратын және жұмсаумен айналысатын басқа да институттар бар.

Инвесторларды инвестициялау мақсатында келесі топтарға бөлуге болады. Олар стратегиялық және қоржындық.

Стратегиялық инвесторлар акционерлік қоғамды қолына алып жеке меншік алуды көздеген, соның арқасында көптеген қаржы табуға тырысатын тұлғалар.

      Қоржындық  (портфельді) инвестор өзіне тиесілі бағалы қағаздардан ғана пайда табуды ойлайды. Сондықтан қайдан, қашан, не сатып алу мәселелері оған әрқашан өзекті болып табылады.

Осы мәселелерге жауап беруден бұрын инвестор бағалы қағаздарға қандай мақсатпен қаржы салғалы отырғанын, ресурстардың инвестициясы кеізінде  қаншалықты шығынға ұшырауы мүмкін екендігін, оған ненің маңызды екенін-жұмсалған қаржы мөлшерінің сақталуы ма, не өте көп мөлшерде шығынға ұшырауы, не мол табыс алу үшін тәуекелге баруына  болатын мүмкіндігін анықтап алуы керек [4, 115бет].


Тағы рефераттар