Жаңа экономикалық саясат рыноктық қатынастарды дамытып, жеке ынталандыру, шаруашылық еркіндігі мен демократиялық потенциалды жандандырды. Уақытша табысқа алданған өкімет социалистік құрылысты Ленин жоспарлағандай ұзақ мерзімге емес, тез арада орнату бағытын басшылықка алып, жедел индустрияландыруға кірісті. Өйткені экономикадағы рыноктық қатынастардың дамуы мен меншіктің көптүрлігіне мемлекеттің түрі пролетариат диктатурасы, сәйкес келмеді. Сөйтіп, жаңа экономикалық саясат Кеңес өкіметінің түпкі мақсаттарымен -үйлеспеді. Ең басты кедергі — Ресейдің өнеркәсіп жағынан артта қалуын жою мақсатында жүзеге асқан индустрияландыруды қаржыландыру — халықаралық экономикалық блокада жағдайында тек ішкі мүмкіндіктерге ғана негізделді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында калыптасқан салыстырмалы тепе-теңдік индустрияландырудың карқынын жеделдетуге байланысты бұзылып, ауыл шаруашылығын қиын жағдайда калдырды. Өнеркәсіп товарларының қымбаттап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының төмендеуі — мемлекеттің азық-түлік дайындау қызметіне қиындықтар туғызды. Оның алғашқы белгілері Ресейде 1927 жылдың жаз айларында байқалып, шаруалар дайындау бағасының төмендеуіне байланысты астық тапсырудан бас тартты.Ең бастысы-дайындау дағдарысы астықтың аздығынан емес, қате экономикалық саясаттан туындады. Егер Ресейде 1926/27 жылы 438 «млн. пут астық тапсырылса, егіннің бітік шықканына қарамастан 927/28жылы 300 млн. пұт /21/ дайындалып, астықты шетке шығару түгілі, қалаларды нанмен жабдықтау мүмкіндігінен айырды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталанып, 1927/28 жылы 25.086 мың пұт астық дайындалды, ал 1926/27 жылы оның көлемі 54095 мың /22/ болғанын ескерсек, дағдарыстың өте жоғары деңгейін көруте болады.
Сталин бастаған партия басшылығы бұл дағдарысты «шаруалар бүлігі» деп, экономикадағы қателіктеріне талдау жасай алмады.Шын мәнінде, дайындау дағдарысын тудырған объективті себептердің болғанын айтпауға болмайды.Біріншіден, бұл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайшылығы қаржы тапшылығынан, жедел индустрияландыру нәтиже бермей, арзан товар шығару мүмкіндігі қалыптаспаған кездегі теңсіз товар айналымынан туындады.Екіншіден, ауыл шаруашылығына қажетті құрал-сайман,техниканың ескеруі мен жетіспеуіне индустрияландырудың тез нәтиже бермеуі емес,жеңіл өнеркәсіп, қолөнер кәсібіне мемлекеттің мүлде көңіл бөлмеуі де әсер етті. Өнеркәсіптің тоқырауы кезінде қолөнер өндірісін дамыту шаруа қажеттілігін өтеуде маңызды роль атқарар еді. Керісінше, 1926жылдан бастап қолөнер кәсібіне салық көбейтіліп, оның дамуын тежеді. Сонымен қатар шаруаның кәсіпкерліктен түсетін кірісінің 35%-і шаруашылық кірісіне қосылып, салық мөлшерін көбейтті . Үшіншіден, Кеңес өкіметінің арнаулы шешімімен кедей шаруалардың салықтан босатылуы да оларды салық төлеу үшін өнімдерін сатудан босатып, өнім дайындаудың белгілі бір көлемін азайтуға септігін тигізді. Ресейде кедей шаруалардың 35%-і, Қазақстанда 37,0% салықтан босатылғаны белгілі.
Алайда, Кеңес өкіметі бұл объективті себептерді есепке алмады. Қиындықтан шығудың азамат соғысы жылдарында «сыннан» өткен оңай жолы әкімшіл әдістерді енгізді. Индустрияландыруға қажетті технологияны шеттен сатып алу үшін астықты экспорттау жоспарын орындау жолында төтенше шаралар басталды. Сталин бастаған мемлекет, партия басшылары елдің түпкір-түпкірлеріне астық дайындау жұмыстарына жіберілді. 1928 жылдың каңтар айынан бастап, әкімшіл-әміршіл өдістерте кең жол ашылды. Бұл жаңа экономикалық саясаттың дағдарысының басы болды.
1928 жылы каңтарда Сталиннің үлгісімен республика басшылары да астықты аймақтарға іс-сапарға жіберіліп, астық және ет дайындау, қаржы жинауға қатаң партиялық талаптар қойылды.
Өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф.Голощекин Қазақстанның 5 солтүстік губерниясын аралап, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен салық жинауда кейін жол берілген асыра сілтеулерте мұрындық болды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанайда астық тапсырудың бұрын бекітілген жоспарлары қайта қаралып, ішкі губерниялық ішіп-жеу мақсаттарына пайдаланатын астық қорын, тұқым қорларын күрт азайтуға бағыт берілді. Мысалы, Ақтөбе губерниясында ішкі мақсаттарға жұмсалатын астық 23263 мың пұттан 19000 мың пұтка азайып, мемлекетке астық өткізу 7 миллион пұттан 12 миллион пұтқа дейін жоғарылатады. Шаруаларға салынатын салық түрлері де астық дайындауды жеделдетуте қызмет етті. 1927жылдың 29желтоқсанында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің жабық мәжілісінде кабылданған Астық дайындауды күшейту туралы» қаулысы «деревня мен селолардағы ақшаны жинақтау мақсатында салықтар мен төлемдердің қарыздардың толық төленуі кажет» деп көрсетті. Каржы комиссариаты, Қазақ ауыл шаруашылығы банкісі мен баска да ұйымдар Өлкелік партия комитегінің 1928 жылғы 7 қаңтарындағы «Астық дайындаудың барысы туралы» каулысы шешімдерне сөйкес төмендегі шаралар жүзеге асыруға тиіс болды.
— Астық дайындауды жеделдету және ақша түсіру мақсатында салыктың барлық түрлері: ауыл шаруашылығы салығы, өзіне-өзі байға міндетті салық (самообложение) т.б. несие мемлекеттік қамсыздандыру, серіктестіктердің пай төлемдерін тез арада жинап алу кажет болса кей жағдайларда күш қолдану;
— Астықты аудандарға дайындау кезеңі біткенше ешқандай ақша жібермеу, сонымен қатар қарыз беруді тоқтату;
— Ауыл-село тұрғындары арасында заемдар таратып, ақшаны жинақ кассаларынан өткізу;
— Өзіне-өзі салық салуды күшейту;
-Өнеркәсіп товарларының 80%-ін ауыл-селоға жіберу;
— Астықты мемлекетке өткізу бағасы тұрақтандырылып, бағаны көтеруте қарсы күрес жүргізу; мемлекеттік және кооперативтік дайындау органдарының жауапкершілігін арттыру;
1928 жылдың 7 қаңтарында Өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісінде сөйлеген сөзінде Голощекин мұндай шаралардың қазақ байына қолданылмай отырғанына катты қынжылып, бұл наукан оны (байды.) да қамтуы қажеттігін баса көрсетті. Байды әлсірету 2 бағытта:
1) Өзіне-өзі салық салуды көбейту;
2) Жоғары бағамен деревнядан астық сатып алуға кедергі қою арқылы жүргізу керектігін айтты.
Ақырында, салықтың жоғары деңгейі мен өзіне- өзі салық салуды көбейту — ет дайындаудың мөлшерін көбейтуге ықпал етуі тиіс болды. 1928 жылы астық дайындау науқанындағы бұл нұсқауларды басшылыққа алған жергілікті органдар астық дайындау науқанында заңсыздыққа жол беріп, төтенше шараларды жүзеге асырды.
Астық тапсырудың жоспарын орындату мақсатында 1928жылдың ақпан айынан бастап базарлар жабылып, шаруаларға ақша тапшылығын тудырды. Осындай жағдайда шаруа салықтық төлемдер қарызынан құтылу үшін арзан бағамен мемлекетке астық тапсыруға мәжбүр болды. Бірақ шаруалар тапсырған астық көлемі өкіметті қанағаттандырмады, сөйтіп, салық алудың заңсыз, зорлықты жолдары енгізілді. Бұхтырма уезінде шаруалардың астық қамбалары тінтіліп, ішіп-жеуден артық астықты зорлап тапсыртқан. Тарбағатайда астық екпейтін шаруашылықтарға астық тапсыру міндеттемесі беріліп, олар 1 пұтын 4 сомнан базардан сатып алып, астық дайындаушыларға 45 тиынан өткізген. Осындай міндеттеме астық өсірмейтін балықшы селоларға да салынған, олар малын сатып, төлеуге мәжбүр болған. 1927 жылдың желтоқсанында Одақтық Сауда Комиссариаты 1 пұт бидай бағасын 1 сом 55 тиын деп белгілесе, Қазақстанда мемлекеттің сатып алу бағасы 1 центнер бидайға 7 сом 14 тиын. Ал 1 пұт астықтың базардағы нарқы 1927/28 жылдарда Орал губерниясында 2,50 сомнан -4,70 сомға дейін көтерілді, яғни мемлекеттік бағадан 3 есе артық. Мұндай жағдайда шаруалардың мемлекетке астық өткізуге ынталы болмағаны әбден түсінікті.
Астық дайындаушылар «салық объектілерін жасырып отыр» деген сылтаумен тінту шараларын жүзеге асырып, тауып алған астықты зорлап тапсырып, шаруаларға сот шешімімен айып-пұл салған.
Семей губерниясында егіс алқаптарын жасыру деңгейі 48% деп, асыра көрсетіп, Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің 62 бабы (салық объектісін жасыру), 104 бабына сәйкес (саудагерлікпен айналысқаны үшін) сотка тартылды.
Салық салудағы заңсыздықтар деңгейін мына фактілермен көрсетуте болады. 482 сом кірісі бар шаруашылықтардан жалпы саны 494 сом 42 тиын салық алынған. Кодинец деген шаруадан 681 сом жылдық кірістен 507 сом 56 тиын салық алынған, ол ауыл шаруашылық салығын 71 сом 70 тиыннан 2 мәрте төлеп, оның үстіне 154 сом айып төлеген, өзіне-өзі салықты 28 сом төлеп, қатаң сот шешімімен тағы 66 сом 35 тиын төлеген. Жалпы, орыс шаруалардың салығы бұл науқанда 5 есе артық төленген, олар былтырғы жылы 60 сом салық төлесе, науқан кезінде 300 сомға жеткен, оған 1928 жылы 28 мамырда бай-кулактарға, жеке салық салу мақсатында кулак шаруашылықтарының белгілерін анықтаған нұскау әсер етті.
Салықтың шаруашылық кірісіне салынатын соңғы түрі орташа шаруаға тиімсіз болып, әрбір мөлшерден артық 1 десятина үшін кіріс 200-300 сомға өсіп отырған, бұл кейін шаруалардың егіс көлемін азайтуға себеп болған, сөйтіп салық өнімді арпыруға емес, шаруашылықты тоздыруға қызмет еткен. Салық комиссиялары мен финанс қызметкерлері айын-пүл салуға ыщталы болды, өйткені салынған айыптың 50%-і жертілікті бюджетке ітусірілді. Сондықтан көпшілік жағдайда шаруашылықтардың кірісін ойдан шығарылып, салық салу объектілері әдейі көбейтіп көрсетілді.
Бұл заңсыздықтар тек Семей губерниясын қамтын қойған жоқ, жалпықазақстандық сипат алды. Салық саясатындағы әдейі бұрмалау, әдістері Жегісу, Ақтөбе, Орал, Сырдария губернияларында да көлемде жүргізілді. 1928 жылдың каңтар-мамыр айларында жүргізілген науқан барысында Сырдария губерниясының Корнак болысындағы салық мөлшері өте жоғары деңгейге жетіп, шаруашылықтарға кері әсер етті. Санақ барысында мал басы артық көрсетіліп, жүттан қырылған малға да салық салынды. Сонымен катар, ауқаттыға салынатын салықтың жекелік түрі орташаны да қамтыды. Ал жеке салық салудағы басты көрсеткіш еңбексіз пайда немесе қанауға негізделген кіріс болуы шарт болса, Ақтөбе, Қостанай округтерінде жақсы құрал-сайманы, семіз малы, жақсы өңделген жері бар шаруашылықтарға салынатын салық 100-200%-ке өскен.
РКФСР Қаржы Комиссариаты Казақстанда жеке салық төлейтін шаруашылықтар саны — 13831, барлық шаруашылықтардың 2% деп белгілесе, Қастек ауданында жеке салық төлеген шаруашылықтар 47% құрап бүкіл ауданға тиесілі салықтың 63% орындаған, Балқаш ауданында жеке салық төлеушілер барлық шаруашылықтың 3,2% болып, салықтың 48% төлеген. Бұл фактілерден біз салық ауыртпалығының негізінен орташа шаруаға түскенін көреміз.
1928 жынғы 21ақпанда 23226/2 нөмірлі ОГПУ-дың Қаржы Халық Комиссариатіне жіберген хатында Қазақстан бойынша салық саясатына ауыл-село тұрғындарының көзқарасы баяндалып, онда салықтық қысым ауқаттыға емес орташа шаруаларға да тиіп отырғаны жазылған. Көкшетау, Атбасар, Павлодар уездеріндегі шаруалардың салықтан қорқып, егістік жерлерін азайтқан фактілері келтіріледі.
Астық дайындау науқанындағы жүргізілген өрескел әрекеттер көп ұзамай қазақ шаруашылықтарына да қолданылды. Орыс ауқатты шаруашылықтарына төтенше шара қолдану Семей губерниясында «байларға шабуыл» ұранымен жалғасты. Губком хатшысы Беккер казақ байларын «революция шарпымағанын» есепке алып, Голощекиннің «Кіші Октябрін» одан әрі жалғастырды. Оның казақ байларына қарсы саясаты шектен шығын, өкімет қаулысынан 6-7 ай бұрын кәмпескелеу басталды. Кейін Беккер бұл шараның дүрыстығын дөлелдеп бақты: «… Біз орыс помещиктерін күйзеліске ұшыраттық. Неге Қарқаралы помещигі — жартылай феодалы Ақпаев пен Баянауыл феодалы — Шормановқа тиіспеуіміз керек?» дейді. Орыс шаруаларына қолданылған «салық объектілерін жасырын отыр» деген айыптар қазақ малшыларына да таңылып, өте көтеріңкі салық салынды.
Қазақ шаруаларына қысым өзіне-өзі салық салуды көбейту арқылы жүргізілді, оның төлеу мерзімі 1 күннен 3 күнге дейін белгіленді. Уақытында төлеп үлтермесе, сотталып, дүние-мүлкі тәркіленді.
Өзіне-өзі салық салуды төлемегені үшін айып салудың өзі еді, өйткені, Орталық Атқару Комитетінің «Өзіне өзі салу туралы» қаулысының 21 бабына (еріктілік принципіне) қайшы келетін. Осыған қарамастан Семей губерниясының 41учаскелік халық соты өзіне салықты төлемегені үшін 1703 сомға айып салса, 44 учаске соты 11070 сомға айып салған, жалпы науқан кезінде 53845 сомның мүлігі кәмпескеленген.
Кейін тексеру барысында анықталғандай, партия және салық органдары тарапынан қисынсыз, түсініксіз әрекеттерге жол берілген. Павлодар уезінде 32 учаске халық соты шаруашылықты төлемдері бойынша қарызы барлардың тізімі беріліп, мөлшері 25 тиыннан 5 сом көлемінде болғанына қарамастан, айып салынып, мұны әкімшілік жолмен алуға ұсыныс берген соттар партиялық жазаға тартылған. Салықты уақытында төлеметені үшін қылмыстық кодекстің 60 бабы бойынша сотқа ісі тартылғандар саны 4419 болса, 62 бабы бойынша, яғни салық объектілерін жасырғаны үшін, сотқа тартылғандар — 3826 адамға, айыптың көлемі 200 мыңнан 300 мың сомға жеткен. Бұл РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағасы Бекбатыровтың анықтамасында көрсетілтен цифрлар, ал Орталықтан келген тексеру комиссиясы мұны Голощекиннің өтініші бойынша 3600 деп көрсеткенмен, комиссия басшысы А.Киселев Семейдегі заңсыздықтарды талқылауға арналған Өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісінде жазықсыз жазаға тартылтғандар саны әлдеқайда көп екенін айтады.
Ақпан-наурыз айларында орыс селоларында астық дайындаудағы заңсыздықтар қазақ ауылында салықтық төлемдерді жинау, өзіне өзі салық салудағы «белсенділікпен» ұштасты. Бұл науқан қазақ малшылары үшін ең қиын кезең — каһарлы қыста (ақпан-наурыз айларында) жүргізіліп, елдің тоз-тозын шығарды. Базары жоқ, товар-ақша қатынастары әлі де дами қоймаған қазақ шаруаларынан салықты ақшалай талап етілуінің өзі барып тұрған ойран болды.Қыста мал-мүлкін құнының 1/3, тіпті 1/4-іне өткізуге мәжбүр болғанын ескерсек, салық құнының 3-4 есеге өскенін елестетуге болады. Зайсанда 50 шаруашылық 300 мың сомның салығын төлеген, сонда әрбіріне 6 мың сомнан келеді, бұл — толық күйзеліске ұшырату деген сөз. Өзіне-өзі салықтың байларға салынатын мөлшері 75% тен аспауы шарт болса да, губерниядаа оның көлемі 2-3 есе болған. Карқаралы мен Семей уездеріндегі бұл салық өте қатытездікпен алынған.
Төлем мерзімдері 1 күннен 3 күнге созылып, мал бағасының өте арзандығы және сатып алушы жоқ жағдайда халық баспанасын (киіз үйлерін) сатуға мәжбүр болып, қаңғырып кеткен. Шаған, Шағыз болыстарында салық агенттері 328 киіз үйді арзан бағаға сатып алған. Өзіне-өзі салықты төлеу үшін сатылған үй — мүліктің көбін Карқаралы уезінің Абралы, Қотанбалық, Бауыр болыстарында Коммунистер, атқару комитеті мен ауылдық кеңес қызметкерлері, олардың туысқандары су тегінге сатып алған. Бауыр болысында атқару комитегтнің төрағасы Өскембаев Ш. Қүтдинова деген адамның 76сом өзіне өзі салығы үшін киіз үйін, 15 қойын, 1 биесін алып, казынаға ақшасын қазынаға өткізбеген. Оның туысқандары амалсыз сорлаған халықтан жылқыны — 15 сом, сиырды — 10 сом, киіз үйді — тіпті 20-30 алған. Өзіне өзі салық салудағы сорақы әрекеттер мұнымен шектелмеді. Тіпті Алқатөл болысының 1 мұғалімі де халықтан мектеп салу үшін өзіндік салық жинап, аз күнде 302 ірі мал, 66 сом жинаған, кейбір орташалардан 15 қойға дейін алған /23/. Заңсыздықтар мұнымен тоқтамаған. Ақпан-наурыз айларында салықтық төлемдер үшін шығынданған халықты сәуір айынан бастап, тәркілеу басталды. Тәркілеу үшін мал санағы жүргізілуі тиіс еді. Алайда, бұл жұмыстар жүргізілмей, былтырғы 1927/28 жылғы есеп бойынша төркілеу басталды, тіпті осының алдында ғана салықтық төлемдер үшін сатылған малдың саны да есептен шығарылмады. Сондықтан тәркіленген шаруалардың мал саны сот үкіміндегіден әлдеқайда аз болған, мұндай жағдайда мал санын толтыру үшін өзгелердің малы тартып алынды. Мысалы, Кент болысында Құмаров және Оңғарбаевтардың көмпескелеуге түскен малының саны 569 жылқы, 176 сиыр, 17 түйе, 1702 қой делінсе, қолдағы мал — 164 жылқы, 16 сиыр, 6 түйе, 564 қой болған. Жетіспеген малды басқалардан (Адшаев, Чукубасов), алған. Мұнымен қоймай, салықты көбейту мақсатында әлдеқашаннан еншісі бөлек ағайынды адамдардың малын қосып көбейту нәтижесінде, бай тобына жатқызып, көмпескеге ұшырату фактілері анықталды. Тарбағатай ауданында 15-30, тіпті 40 адамның мал-мүлкі біріктіріліп, кәмпескеленген.
Жергілікті органдардың әрекеттері халыққа кеселін, мемлекетке зиянын тигізуде. Өйткені, байтақ малды өңір, үлкен өндіріс базасы тақыршаққа айналуда.
Төменгі сот органдарының іс-әрекеттеріне губерниялық әкімшілік пен партия комитеті, жоғары сот органдары тарапынан кедергі қойылмай отыр. Заңсыз үкімдерді тоқтатып, кінәлілерді жауапкершілікке тартатын орталықтан беделді комиссия жіберуіңізді сұраймыз /24/.
Әлмұканов, Шынғожин, Нұрақов Бұрақанов, Аманбаев, Қосыбеков т.б. Барлығы 28 кісі қол қойған.
Осы хаттан кейін Москвадан БК(б)П Орталық Комитеті мен Орталық Атқару Комитетінен А.Киселев бастаған комиссия келіп, тексеру барысында заңсыздықтардың беті ашылып, 1928 жылдың 9 қыркүйегінде Өлкелік партия Комитетінің бюро мәжілісінде Семей губерниясында астық дайындау және салық жинау науқанында жүргізілген асыра сілтеулер сыналды. Бюро мәжілісінің стенограммасынмен таныса отырып, заңсыздықтардың сорақылығы соншалық, комиссия басшысы Киселевтің өзін шошындырғанын айтпауға болмайды.
Комиссия жоғарыда көрсетілген заңсыздықтарды көрсете келіп, төмендегі басты тұжырымдарды жасайды:
1. Өзіне өзі салық салу және салықтық төлемдерді жинау, астық дайындау, заемдар тарату науқанын жүргізу үшін төтенше органдар — үштіктер мен бестіктер» құрылып, көмпескелеу жүргізілген. Олар кеңес өкіметі органдарын уақытша ауыстырған. Науқан барысында оларға ерекше құқықтар беріліп, атқару комитеттерін, ауылдық кеңестерін таратып, сот қызметкерлерін жұмыстан босатқан.
2. Семей губерниялық партия және кеңес органдары шарашылықты дамыту болашағына көңіл бөлмей, ведомстволық шеңберден шыға алмаған, салық қысымы шаруаларды күйзеліске ұшыратқан.
- Зорлық-зомбылық және заңсыздықтар Кеңес өкіметі мен партияның беделіне нұқсан келтірген. Рұқсатсыз кәмпескелеу, заңсыз сальіқ қысымдары қазақ малшыларын Қытайға көшуге мәжбүр еткен. Зайсаннан 22 мың бас ірі қара малмен 400 шаруа отбасы көшкен. Сөйтіп, антикеңестік ахуалға әсер еткен.
Ең басты тұжырым — «осы заңсыздықпен кәмпескелеу шаралары губерниялық партия комитетінің шешімімен жүзеге асып, өлкелік партия комитеті бүған еш қатысы жоқ, ол тек қателіктердің алдын-алу және жою шараларына кеш кіріскен» деген пікір. Бұл қате пікірді Киселевтің Голощекинді қорғап қалу мақсатында айтқаны айдан анық. Оған бюро мәжілісінің барысы да, Бекбатыровтың түсініктемесі және ақпары, Семей губкомы хатшысы Беккердің Орталық Өлкелік партия комитеттеріне жазған түсініктеме хаттары дәлел бола алады. Голощекин бюро мәжілісінде кәмпескелеуге өзінің еш қатысы жоқтығын, оның тек «семейлік құбылыс» екенін дәлелдеп бақты. Губком хатшысы Беккер «елден ерек революцияшыл» болғысы келді, сөйтіп, осындай шараларға барды деп, бар кінәні Беккерге аударды.Расында, өкімет қарары қабылданбас бұрын заңсыз кәмпескелеу тек Голощекиннің нұсқауларына сөйкес жүзеге асты. Өйткені, 1928 асылы 7 ақпандағы қазақ байларына қысым жасау керектігін өзіне-өзі салықты аямай салу нұсқауын жоғарыда келтірдік. Екіншіден, салық төлемдерін жинау мен астық дайындау барысы туралы әрбір 5 күн сайын Өлкелік Комитетке ақпар беру жағдайында Голощекиннің Семейдегі кәмпескеленуді білмеуі мүмкін емес. Осы шараға Голощекиннің еш қарсы болмағанын Беккер БК(б)П Орталық Комитетінің хатшысы Косиорға жазған хатында келтірді: «…наши действия не встречают особого возражения».Тіпті орталықтан келген комиссия басшысы А.Киселев Семейдегі қателіктер жөнінде Москваның анағұрлым ерте, мамыр айында хабардар болғанын айта келіп, «Орталық Комитет Муранов жолдасты Семейге іс-сапарға жіберді, оның хабарламасы Орталық Комитет пен Орталық Атқару Комитетінің фракциясында тыңдалғаннан кейін осы комиссияны жіберуге шешім қабылданғанын» айтады. Яғни жоғарыда келтірілген Семейге жіберілтен телетрамманың жазылуы осы уакыттка сай келеді. Муранов келіп кеткеннен кейін Голощекин Жоғарғы соттың Казақ бөлімшесі бастығы Бекбатыровты істің мән-жайын анықтауға Семейге жібереді. Бекбатыровтың маусым айының басында губернияда орын алған заңсыздықтар жөнінде конфискациялау және салық салудағы қателіктерді тоқтату туралы бұйрықтар бергеніне қарамастан, Беккер оны орындаудан бас тартады.
Осыған байланысты Бекбатыров Өлкелік партия Комитеті және Одақтық Заң Халық Комиссариатын хабардар етеді. Сөйтіп, РКФСР жоғарғы Соты Прокуроры Швердиннің кәмпескелеуді тоқтату туралы шешімі жеткізіледі. Бұл бұйрық та орындалмай, Беккер орталық Комитет хатшысы Коссиорға Швердиннің өз шешімін кері қайтарып алуына көмектесуін сұрап, хат жазады. Кейін Бекбатыров 10 маусымда астық дайындау науқанына жіберілуіне байланысты оның кәмпескелеуді заңсыз деп тапқан бұйрықтары орындалмайды.Қараңыз, сонда Жоғарғы Соттың шешімдерін орындамай отырған губком хатшысы Беккер кімге сүйеніп отыр? Әрине, Голощекинге. Ол туралы Бекбатыров Семейдегі заңсыздықтар жөніндеті хабарламасына байланысты Өлкелік партия комитетіне жазған түсініктемесінде былай дейді: «… Семей губерниясындағы тәркілеу науқанының басталғанынан, оның қандай көлемде жүргізілгендігінен өлкелік комитет хабардар болды. Тәркілеу мәселесі өлкелік комитетте мамыр айында талқыланып, мақұлданды». Сөзін растау мақсатында Бекбатыров 8 маусымда Павлодар уезін аралап жүргенде Беккермен телефон арқылы сөйлескен сөздерінің мазмұнын келтіреді, онда Беккер кәмпескелеу шараларын Орталық Комитет хатшысы Косиордың қолдап отырғанын айтады. 9 май күні расында да жергілікті прокуратура органдары Швердиннің бұрынғы бұйрықтарын (кәмпескелеулерді тоқтату туралы.-) қайтып алғандығы туралы телеграмма, ал Павлодар окружкомы Голощекин қол қойған: «Швердин шешімдерін кайтып алды» деген мазмұндағы телеграмма алғанын жазады.
Қазақ ауқаттыларын мезгілінен бұрын кәмпескелеуге Голощекиннің қатысы барлығын Бекбатыров мынадай фактілермен көрсетеді:
«… Маусымда жергілікті жерлер әділет ХК бұдан былай салық салу объектісін жасыруды Қылмыстық Кодекстің 169 бабының 2 бөлімі бойынша жазалау туралы жеделхаттар алды», яғни бұдан 62 статья бойынша айып салынғандар (салық объектісін жасыру) конфискацияға ұшырады деген қорытынды шығарды. Сөйтіп, бүған Өлкелік Комитетінің қатысы болғандығы анықталады.
Киселев комиссиясы кейіннен сынаған Семей губерниясысының партия органдарының сот істеріне тікелей араласу тәжірибесі де Голощекиннен басталғанын көруге болады.
Бекбатыров 1928 жылы 8 маусымда Беккердің телефон арқылы сөйлескен сөзін келтіреді: «Сот байдың ықпалын анықтауға саяси жағынан дайын емес. Бұл науқанда біз заң ережелерін емес, Революциялық сана-сезімді басшылыкқа алдық. Сондықтан кейбір заңсыздықтар болуы мүмкін, бірақ біз еш нәрсе өзгертпейміз».Бұл фактілерден Голощекиннің Семейдеті бассыздықтардан хабардар ғана болып қоймай, соның нұсқауымен жүзеге асқанын, сондықтан Беккердің қателіктерін жоюға шешім қабылдамағанын, ал кейін Москвадан екінші рет келген Комиссия алдында бас сауғалап, бар кінәні Беккерге жапқаны туралы қорытынды жасауға болады. Бұл өрескел заң бұзушылықтарды Голощекиннің қазақ байына қарсы бағытталған «Кіші Октябрь» саясатының жалғасы деп қарастыруымыз керек. «Семей сабақтары» қазақ халқына емес, Беккер сияқтыларға сабақ болды.»Жалбақай ақымақ жауыңнан күшті» деп, Нұрмақовайтқандай Беккер сияқтылар партиялық жаза алғаннан елдегі хал-ахуал жақсармады.
Комиссия қорытындылары бойынша 1928 жылы 9 қыркүйекте қабылданған бюро шешімдерінде заңсыз әрекеттерді жою, жазықсыз жазаланғандарды түрмеден шығару, заңсыз салынған айын-пұл мен кәмпескеленген мал-мүлкін қайтару сияқты шаралардың жүзеге асуы мардымсыз болды. Мерзімі 1-мамырға дейін белгіленгенімен әркімнің қолында есепсіз шашылған халық игілігін кайта қалпына келтіру болмай қалды. Ресми ақпарларда көрсетілгендей кәмпескеленген малдың тек 50% колхоздарға берілсе, қалғандары талан-таражға салынды, шығындарды қайтарып беру- колхоздарды тарату деген сөз, яғни бұл шараға бармайтынын бюро мәжілісінде-ақ айтылды.
Сонымен қатар, Киселев Москваның Семей қателіктері үшін шығынданбайтынын ашық айтты. Заңсыздық салдарын жою қаражаты республика бюджетіне жүктелді. Сөйтіп, Голощекин сияқтылардың «жалаң белсенділігі» сорлаған халықты одан әрі сорлатты. Голощекин «семейлік құбылыс» деп сендіргенмен, осындай заңсыздықтар басқа аймақтарда да кең өріс алды.
Астықты аймақтар Ақтөбе, Қостанай, Орал облыстарында РКФСР Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша астықты тұрмыс кажетіне байланысты сатқандардың астығы, дүние-мүлкі конфискацияланды.
Мүндай жағдайлар аталмыш бюро мәжілісінде Ноготовичтің сөзінде айтылды. Сонымен қатар ОГПУ-дің Ақтөбе губерниясындағы астық дайындау науқанындағы заңсыздықтардан туындаған саяси экономикалық жағдай туралы 1928 жылдың 1 мамырында берілген ақпарында былай көрсетілген: «Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің уәкілі Башкирцев Алексеевка селосында кулактар мен орташаларды шақырып алып, 100-150 сомға дейін шаруалар заемын зорлап жаздыртып, облигациялардан бас тартқандарды сотқа жіберген. Темір уезі Қалмаққырған болысында Тағанбергенов деген уәкіл №12 ауыл халқынан өзіне-өзі салыққа ақша жинаған.
1928 жылы астықтың күйіп кетуі кейбір аудандарда аштық қаупін туғызып отыр. Мемлекет тарапынан ешқандай көмектің болмауы Темір уезінің Жұрын поселкесінде 40 шақты кедей шаруашылықтарын аштыққа ұшыратып отыр» /25/. Ақтөбе губерниясындағы зорлық-зомбылық деңгейін ОГПУ-дың осы мәліметіндегі антикеңестік деп танылған өлең жолдарында Октябрьдің 10 жылдығы өтсе де, шаруаның жағдайы түзелмегендігі, қорадағы соңғы сиыры мен астығын тартып алғандығы туралы айтылған. Астық жинау, дайындау науқанындағы асыра сілтеулер шаруалардың Кеңес өкіметіне наразылығын тудырды. Ақмола — гуерниясында Дашев деген шаруа «Кеңес өкіметі астық тапсырмағаны үшін ең соңғы малды тартып алады, мұндай жағдай кезінде де болған емес» — дейді. Ал, қостанайлық орташа Яхонцев М. өкіметтің салық саясатын крепостнойлық жағдаймен теңестіреді. Ауыл селоларда салық төлемегендерді қамауға, зорлап облигация, заемдар өткізу, тіпті ауылдарға әскери жағдай енгізіп, қорқыту, үркіту әдістері жиі қолданылған.Зорлық-зомбылық, заңсыз әрекеттер нәтижесінде 1928 жылы жиналған салық мөлшері ең жоғарғы деңгейге жетті. Окруттерден келіп түскен материалдар 1928 жылғы салықтың былтырғымен салыстырғанда кейбір аудандарда 2 есеге дейін өскенін көрсетті. Гурьев округіндеті Қызылқоға ауданында 187% өссе, Новобогат ауданында 195%, Теңіз ауданында салық өсімі 103%-ке жеткен. Ақтөбеде салық жер шаруашылықтары үшін 208% өссе,малшыларға 228%-ке көтерілген. Салықтың заңсыздықтардың өрістеп кетуінен және оның тұрақты сипат алуынан қауіптенген Орталық өкімет (ХКК мен ОАК) ауыл шаруашылығы салығының жоғары деңгейінің шаруашылық дамуына кері әсеріне баса назар аудара отырып, келесі 1928-1929 жылда салық өсімі бұрынғымен салыстырғанда 50% жоғары болмауы туралы нүскау берді. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан өкіметі де осы жылдың 5 қыркүйегінде салықтың мөлшерін азайту туралы шешім кабылдады. Бірақ бәрібір салық өсімі азаймай, Қазақстан бойынша 50-70% өсім қалдырылды. Семей губерниясындағы салық салу науқанындағы заңсыздықтар аиыпталып, оның зардаптарын жою шаралары қабылданғаннан кейін де, Павлодарда салықты мерзімінен бұрын тапсыру, салық салу объектілерін ойдан қосып, көбейту сияқты қателіктер қайталанды.
1928/29 жылдың салығын алдын-ала анықтау кезінде Қарқаралыдағы салық өсімі 75%-ке жеткені бұған дәлел болады. Бұрынғы Семей губерниясында жіберілген заңсыздықтардың зардаптарын жою қатаң бақылауға қойылмады. Бұдан біз Семей сабақтарын жергілікті органдар басшылыкқа алмағанын көреміз.
Жалпы, Семейдеті заңсыздықтарды жою жұмыстары қожырап кеткенін төмендеті хабарламадан көруе болады. 1928 жылдың 1 қарашасында 335 нөмерлі құжатта Киселев анықтаған заңсыз 889 арыздың кайта қаралуы жөнінде жоқтығы, заңсыз қылмыстық істерді қайта карауда прокуратура органдары тарапынан қолдау аздығы атап көрсетілген. Қаражат органдарының 1928жылдың 30 қарашасына дейінгі мәліметі бойынша 107 баппен кері қайтарылуы тиіс 24428 сомның 12433 сомы, ал 60, 62, 169 баптар бойынша қайтарылуы тиіс 92483 сомның 2692ғана қайтарылғаны көрсетілген.Прокуратура бақылауға алған 4617бас мал мен 13828 пұт астықты қайтару туралы еш мәлімет жоқтығы айтылып, заң комиссариаты тарапынан тапсырмалар берілген /26/.
Біз бұл тапсырмалардың орындалуына күмән келтіреміз, өйткені задсыздықтарды жоюдың аяқасты болуына 1928 жылғы 27 тамызда қабылданған «Қазақ АКСР-інде ірі бай, жартылай феодалдардың мал-мулкін кәмпескелеу және жер аудару» туралы шешімі тікелей әсер етті. Бұл шара Голощекиннің ойлап тапқан «Кіші Октябрьдің «шырқау биігі болды. Сөйтіп, Голощекин сияқты зорлыққұмар жандардың канын жай таптырған бұл әділетсіз шешім қазақ халқын тағы да әуреге салып, экономиканы құлдыратуға алғышарт жасады. Ресми мәліметтерте сүйенсек, Қазақстанда 696 ірі бай феодалдар шаруашылықтарының 225972 бас малы көмпескеленіп, өздері, жалпы бір мыңнан астам адам, жер аударылды. Экономикалық жағынан қажеттілігі де, тиімділігі де жоқ бұл әрекет Голощекиннің «казақ ауылын кеңестендірудегі басты кедергі — бай» деген кағидасын растайтын шара ретінде жасалды.
Біріншіден, 1927 жылы байға салықтық қысымды күшейткен шаралар нәтижесінде ірі байлар тіпті қалмаған еді. Сондықтан олардың қатары бұрынғы ақсүйек ұрпақтары мен патша заманында болыс, правитель қызметін атқарғандарымен толықтырылды. Ресми мәліметтер бойынша кәмпескеленгендердің 89,75%-і — ірі байлар, 19,75%-і — жартылай феодалдар: ақсүйек тұқымдары, бұрынғы правитель, болыстар. Зерттеуші СА.Жакишева бұл көрсеткіштердің әдетте екенін дәлелдеп, байлар 65,7%, бүрынғы атқамінерлер мен ақсүйек ұрпақтары — 34,3% деген пікір айтады. Оған қосымша ірі байлар мен бұрынғы ақсүйектер ұрпақтарын анықтауда да заңсыздықтарға жол берілгені анықталып, «байлардың» 48,6%-і заңсыз тәркіленген, малдың санын көбейту үшін 2 немесе бірнеше шаруашылықтарды қосып, тәркілеу нәтижесінде бір отбасының бірнеше отбасын құрайтын 40-60 адамға дейін жер аударылған. Сөйтіп, жер аударылған шаруашылықтардың жалпы саны 696 емес 1034-ке жеткен /27/.
Сонымен қатар, жартылай феодалдар саны да дұрыс емес, оған ауыл билері мен ақсақалдар да енгізіліп, жазықсыз жапа шеккендер мәліметтердегі 34,6%-тің 11,42%-ін құрайды /28/ деген пікір айтады, яғни 1/3 бірі — жазықсыздар.Екіншіден, кәмпескеге ұшыраған малды тиімді пайдалану жүзеге аспады.Оның 29320 басы — колхоздарға берілсе, жеке шаруашылықтарға
84599-ы үлестірілген, яғни шаруашылыкка пайдаланылғаны 113919бас. кәмпескеленгені — 225972, сонда қалғаны не талан-таражға салынды, не бұл нақты дерек емес. Кәмпескеленген 696 ірі байлардың малының саны 144474 деген жорамал жасауға болады. Олай болса, 1 шаруашылыққа шаққандағы мал саны — 207 бастан келеді екен. Сөйтіп, кәмпескелеу экономикалық мақсатта емес, кеңес өкіметіне қарсы саяси элементтерден құтылу мақсатында жасалды деген пікірді растайды.
Тәркілеу шаралары ұзаққа созылып, халықтың берекесін қашырды. Осының алдында ғана әшкереленген, сынға алынған Семейдегі заңсыздықтар тағы да қайталанды. Көмпескелеу шаралары өкімет ақпарлары бойынша 1928 жылдың 11 қарашасына дейін аяқталады деп көрсетілгенімен, ол 1929 жылдың ақпанына дейін созылып, одан әрі кулактарды тап ретінде жою шараларымен жалғасты.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау дипломдық жұмыс
- Экология
- Тауар айналымы және тұтыну құны
- Маккартнидің ғылымға қосқан еңбегі мен «4р» жұмысының түсінігі
- БЕТОН КОРРОЗИЯСЫНЫҢ III ТҮРІ