М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
1. Абайсызда адам өлтіру түсінігі
2. Адам өлтірудің субъективтік жағы
3. Абайсызда адам өлтірудің субъектісі
4. «Абайсызда адам өлтіру» РФ ҚК берілген түсініктеме
5. Менмендік және немқұрайдылық
6. Немқұрайдылықтың объективтік кририйі
7. Қылмыстың сылтауы және мақсаты
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің зандылық анықтамасы берілмеген еді. Казақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің зандылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тура керсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірак топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс күрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға карсы қылмыс үшін жауап-тылык. көзделген тарауда орналаскдн. Өмірге қарсы кылмыс-тың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамнын өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулык жағдайына карамастан кез келген адамнын өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестеніңтуған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уакытынан басталады. Бұл кұбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалык және биоло-гиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қаннын, айна-лысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалык өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минуткд созылады. Өлудін сонғы кезені — биологиялык өлім, орталық нерв жүйесі кыз-метінін істен шығуына байланысты мидын өлуі басталады. Адамның баска органдары мен тіндерінің еміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биология-лық өлім.

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, баска да әдістерді колдануы аркылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан за-рдап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кезде-седі. Соңғы уакытгарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалык әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.

Адам өлтіру сондай-ак әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру максатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.

 Курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар