Африканың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат
Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекше байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қәзіргі ла ндшафтық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді. Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысықтар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекендейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қояндар, қосаяқтар), жабайы кроликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, тікен қүйрық қаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түрлері, Африка кобрасы тән. Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.
Cолтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы, дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын — тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді. Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. Cолтүстік Африканың сипатты кұсы — ақсары сандуғаш , ол ормандар мен бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.
Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегіртке көп зиян келтіреді, олардың жиі-жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян үлкен қауіп туғызады.
Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.
Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде ең ірі бөкендер — гнулардың табындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.
Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге aйнaлғaн жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі — қуғыншылардан құтылудың бірден-бір ғана айласы.
Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте саванналар мен далаларда африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды.
Кей жерлерде африка пілдері сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда олар мүлде құрып кеткен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер – аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір пілдер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының тирриторияларында тіршілік етеді.
Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге — ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған. Африканың әр түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақ жабайы шошқаларды еті мен терісі үшін аулайды.
Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады. Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстандар мекендейді. Олар екі түрге — берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар экватордан солтүстікке қapайғы аймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік құрып бiткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кіриейді десе де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шие бөрі, қабылан, гепард, қарақал, сервал кең тараған. Виверра тұқымдарының бірнеше өкілдері кездеседі.
Tаулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын маймылдар көп. Олар нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан гверецылар бар. Олардың көптеген түрлері қоңыр салқын тау климатына бейімделген, ал ойпаттардың жоғары темпеpaтypаcын көтере алмайды. Кемірушілердің, тышқандар мен тиындардың бірнеше түрін атауға болады.
Cаванналарда құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, мaрaбy, ткач, өте қызық құс — секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.
Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегіден аз емес.Әр түрлі кесірткелер, жыландар, құрлық тасбақалары көп. Бұл өңipге хамелеонның бірнеше түрі тән. Өзендерінде крокодил жүреді. Насекомдардың фаунасы бай және сан алуан. Олардың ішінде әсіресе ландшафта теpмиттep үлкен роль атқарады; олардың өзіндік өзгешеліктері бар биік жер үйлеpi савннада жиі кездеседі. Қиыр солтүстіктегідей мұнда да көк қасқа шегірткелер көп зиян кетіреді. Цеце шыбыны қауіптi, ол адамда ұйқы ауруын және малда нагана ауруын қоздыратын трипаносом паразиттерін таратады. Сондықтан да Африканың кейбір облыстарында (негізінен батысында) ірі қара мен жылқы өсіру мүмкіншілігі жоқ. Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістіктеріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда қоректілер анағұрлым аз, демек онда жыртқыштар да көп емес. Opман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әpi сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сндай-ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан, шие бөрі , және виверралар кездеседі. Кемірушілерден шашау құйрық жайра мен тікен құйрық ұшар кең тараған. Oрмандардағы маймылдар сан аалуан, әpi олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп-ақ. 10с.е. пен 10о.е. арасындағы Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының — шимпанзе мен горилалардың мекені болып табылады. Олардың әркайсысының екі-үш түрі кездеседі. Батыс рифті зонасының тауларында сирек кездесетін және аз зсрттелген тау горилалары тұрады. Материктің ормандары фаунасының құрамында сондай-ақ лемурдың екі түрі бар. Ормандардың орнитофауналарының сипатты өкілдері — тотының бірнеше түрі, банан жегіштер, әдемi қауырсынды және ашық түсті орман сасық көкектері, құртқандай нектарналар, африка тотысы тағы басқалар.
Кесірткелер мен жыландар көп, өзендерде талпақтұмсық, крокодилдер мекендейді. Қос мекенділердің ішінде әсipecе бaқaлардың түрі сан алyaн. Оңтүстік Африканың шөл және шөлейт кеңістіктері оның ішінде Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде, материктiң басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлеpi тән. Арыстандар түгелімен құрып біткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.
Мадагаскар фаунасында эндемик формалары көп, Африкада жыландар сиақты жануарлар тобы мүлде жоқ өзінше бір ерекше дүние. Мадагаскарға лемурлар тән, оның мұнда көптеген туыстары мен түрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кең тараған, өйткені жергілікті халық оларға тимейді, ал кeйбipeулepiн қолғa үйретеді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олардың ішінде эндемик тенректер көп.
Тағы рефераттар
- В.В. Радлов және оның «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» еңбегі
- Оқиға болған жердегі қолданудың криминалистикалық-техникалық құралдары мен әдістері
- Шығындарды талдамалық топта талдау курстық жұмыс
- Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
- Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы