Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi,  оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.  Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,  онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады.  Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап бидай).

Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.  Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар қабылдады.  Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.  Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ “кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.

Ақша тауардан  дами  отырып,  тауар  болып  қала  бередi,  бiрақ  тауар  ерекше  жалпылама эквивалент.

Ақша —  жалпыға бiрдей  эквивалент,  ерекше  тауар,  онда   барлық басқа  тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде  қатысуыменнен   тауар  өндiрушiлер   арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi .

Жалпыға  бiрдей  эквивалент ролi  тарихи  түрде  алтынға  бекiтiлген.  Алтынның  басқа  тауарлардың   құндылығын   бейнелеу   қасиетi,  оның   табиғи  қасиетi  емес.  К. Маркс   айтқандай:  “Табиғат  ақшаны  жаратпайды. Алтынға бұл  қасиет  қоғаммен  берiлгген ”.

Алтын  жалпыға бiрдей  эквивалент  ролiн  орындау   үшiн  ең   бiр   лайық  тауар   болып  қалып  отыр. Бiрiншеден  ол ерекше   табиғи  сапаға  ие:   бөлiнуi  оңай, әдемi,  бұзылмайды,  тот  баспайды,  тек  қана “патша  арағында”  ( 2/3  тұзды  және 1/3  азот  қышқылында  еридi. Екiншiден  ең бастысы   алтын   жоғары  құнға   ие.   Қанша  дегенмен оның  қорының  аз  болуы,  алтынға  кететiн  еңбек шығындарының  өте  жоғары  болуына  әкелiп  соқтырады. Алтынды  тұтынуға  жылдан  жылға   өсуде.  Ол  әр   түрлi  салаларда  пайдалыналады – электроникадан  бастап   зергерлiк  iстерге  дейiн,  бiрде  өте  жұқа  қалыңдықпен,  бiрде балқытылған  құймалар  күйiнде  кездеседi .

Алтын  өндiру  қиын  және  капиталды  көп  қажет  етедi . Қазақстанда   160  алтын  кен орындары  бар.  Соның  iшiнде  70-тен астамы  жұмыс  iстеп   тұр.

Ақша —  өндiру  мен бөлу   процестерiнде  адамдар  арасындағы  белгiлi бiр  эканомикалық   қарым-қатынастарды  көрсететiн,  тарихи  даму  үстiндегi   эканомикалық  категория  болып  табылады.  Эканомикалық  категория   ретiнде ақшаның  мәнi  оның  үш  қасиетiнiң  бiрiгуiмен   көрiнiс  табады. Оларға:

—         Жалпыға  тiкелей  айырбастау ;

—         Айырбас  құнының  дербес  формасы ;

—         Еңбектiң  сыртқы   заттық  өлшемi .

По фиксированным ценам авто в аренду под любые нужды. .

Тағы рефераттар