Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы туралы қазақша реферат
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық стандарттқа сәйкес «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖЩС-нің активтерін қысқа және ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі. Баланстың I-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер және II-ші бөлімінде ұзақ мерзімді активтер орын алады. Осы уақытқа дейін баланстың I-ші бөлімінде ұзақ мерзімді актив,II-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер орналасқан еді. Қысқа мерзімді активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер , өзге ұзақ мерзімді активтер.
«Щңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің акционерлік қоғамында Чалықаралық қаржылық есептілік стандарттқа сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді активтерге төменде көрсетілген шоттарды есеп саясатына бекітілген.
Жалпы ақша қаражаттары «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінщі тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
- Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
- Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
- Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады.
Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құралады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттары әр тараптандыруды ескере отырып бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол өз қолына түнкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылырдың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай қаражат салымшының көздері болып табылады.
Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез-келген звңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.
Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты принциптерді басшылыққа алады;
- Инвестициялық салымдарды әр тараптандыру;
- Бағалы қағаздармен ас қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
- Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;.
- Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу;
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады,бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез-келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және фьючерстік шарт бойынша мәмілелермен,маржа, «ықшамдап сату» бойынша мәмілелермен айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы-басқарма-инвестициялық қордың басқарушысы.
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;
- Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
- Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
- Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).
Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.
Инвестициянық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдарын сату үшін сатып алған тауарлары,сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;
- Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
- Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану меозімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.
Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
- Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
- Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі-анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес объектілеріне, электрондықесептеулерге машиналарының бағдарламаланһрына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілер (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтерге:
- Авторлық куәлік (құқық) – ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.
- Патент – оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторларға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептеледі.
- Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайынды) қолдануға ерекше құқық беріледі.
- Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық беріледі. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.
- Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне патенрттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиясы белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем – заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім – шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.
Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім – шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім –шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау – субъектінің практикалық (тиәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындв тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтық құн дйңгейі кәсіпорынның табыстылығымен,өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және қатардығы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық активтерімен баланстық құнымен асып түскен айырмасы фирма бағасы болып табылады.
Ұйымдастыру щығындары – субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру щығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары, құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалды растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар ); басқадай шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, таурларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өдщеу және реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құүралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісі:
- егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
- егер кәсіпорын үшін активтің ззіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.
Осымен ұзақ мерзімді активтерді иммобильдік қор болып табылады. Және де қоғамның негізгі капиталы болғандықтан ұйымның қажетті көздерінің бірі деуге болады. Негізгі құралдары уақытында жөндеуден өткізіп немесе жаңа құралдарға ауыстырып ортырса құралдары сапалы өнім шығара алады. Және де қаражаттары уақытында айналысқа түскен жағдайда ақша қаражаттары мен өз міндеттемелерін уақытында қайтара алуы көп жетістік.
Тағы рефераттар
- Ойлау бастамасын негіздеу мәселесі
- Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің маркетингі курстық жұмыс
- Барбитур қышқылы
- Қылмыстардың көптігінің түсінігі
- Ілияс Есенберлин (1915-1983)