1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жанынан тарих, археология және этнография институты ашылды. Зерттеу жұмыстары жүргізілген экспедиция нәтижесінде құнды археологиялық бұйымдар жинақталды.
1973 жылы Ш.Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында Археология мұражайы құрылды. Мұражайдың құрылуымен байланысты археология саласындағы зерттеулер, археологиялық материалдарды өңдеу, сақтау жа қсы деңгейге көтерілді. Мұражайдың негізгі мақсаты — адам қоғамының Қазақстан территориясында ежелгі заманнан кейінгі орта ғасырларға дейінгі дамуын көрсету. Біздің Республика территориясын мекендеген тайпалар мен халықтар және олар тастаған көптеген ескерткіштер әлем мәдениетінің қорына қосқан жоғарғы деңгейде дамыған мәдениеттің болғанын көрсетеді. Музей экспозициясы төрт үлкен бөлімнен тұрады. Олардың ішінде материалдар хронологиялық кезеңдер бойынша және аудандар бойынша жүйеленген.
Бірінші бөлім “Алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауына” арналған. Қазақстан археологиясының ең тамаша ашуларының бірі ежелгі палеолит ескерткіштерін табу болып есептеледі. Бұл адамзат – тарихындағы маңызды кезең. Мұражай экспозициясы Қазақстанның адамзат дамуының жүрген, қалыптасқан аудандарына енгенін көрсетеді. Мұнда орта, жоғарғы палеолит ескерткіштері, неолит, энеолоит ескерткіштері бейнеленген. Мұражайдың келесі бөлімі қола дәуірі ескерткіштеріне арналған. Орталық Қазақстанның қола дәуіріне арналған экспозициясында материалдар екі кезеңнен берілген. Бұл Қазақстан археологтары бөлген Нұра және Атасу кезеңдері. Арнаулы бөлім кейінгі қола ескерткіштеріне (Беғазы-дәндібай мәдениеті) арналған. Садақтардың қола ұштары, қола, алтын әшекей бұйымдары көрсетілген. Арнаулы бөлім қола дәуірінің қоныстарының мәдениетіне арналған. Қоныстардың жоспарлары, жерлеу рәсімдері мен жерлеу орындарының сипаты көркем материалдармен көрсетілген.
Музейдің үшінші бөлімі б.з.д. VІІІ б.з.ғ., V ғ. қамтыған. Бұл кезеңде Қаза қстанның ежелгі тұрғындарында көшпенді мал шаруашылығына өту, тайпалық одақтардың құрылу процесі жүрген.
Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің, савроматтар мен сарматтар тайпалары қалдырған ескерткіштердің экспозициясы бейнеленген. Жетісудың сақ мәдениеті жақсы көрсетілген. Қарулар, еңбек құралдары, әшекейлер, жерлеу бөлмелерінің макеттері сақтар мәдениетінің жоғары жеңгейін көрсетеді. Осы бөлімде Есік қорғанының материалдары көрсетілген. “Алтын адамның” киімі мен бас киімін қалпына келтіріп, көрсету өте қызықты және ерекше. Жетісудің үйсіндер мәдениеті әр түрлі саз ыдыстардың түрлерімен таң қалдырады. Экспозицияның бір бөлімі Оңтүстік Қазақстандағы б.д. І мың жылдығындағы қоныстарға арналған. Мұнда Ақтөбе, Баба-Ата, Шаушықұм қоныстарының материалдары көрсетілген.
Музейдің төртінші бөлімі б.д. І мың жылдығының ортасындағы тарих қа арналған. 10-12 ғ.ғ. ортағасырлық Қазақстан қалаларының өркендеуі берілген. Басқа мұражайлар секілді археологиялық мұражай көпшілік жұртшылыққа арналған. Мұражай келушілердің білімін кеңейтуге, ұлғайтуға ұмтылады. Қазақстанда жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар музей қорын толықтыруда және экспозицияда көрсетілуде.
Тағы рефераттар
- Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі
- Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
- Кремнийорганикалық сұйықтықтар (силиконды майлар)
- Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары курстық жұмыс
- Криминалистиканың жүйесі мен әдістері