Заңды типология туралы қазақша реферат

Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің топтық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу.

Марксистік теорияның құл иелену, феодалдық, буржуазиялық (XIX ғасырдың ортасына дейін) формациялардағы құқық пен мемлекеттің мазмұнын, типін, түрін түсіндіру пікірі ғылыми тұрғыдан дұрыс. Ал, XIX ғасырдың ортасынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі құқық пен мемлекеттің типологиясын түсінуге марксистік пікірді қолдануға болмайды. Себебі бұл кезеңде буржуазиялық құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, типі күрт өзгерді: либерал-демократиялық саяси жүйесі қалыптасты, адамдардың бостандығы, құқықтары жақсы дамыды. Өкініше орай мемлекет пен кұқық туралы марксистік теория социалистік елдерде догмаға айналып, олардың мазмұнын, типологиясын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінуге мүмкіншілік болмады. Сол себепті социалистік жүйе дағдарысқа ұшырап, көпшілігі жаңа нарықты экономикалық жүйеге көшті.

Марксистік теорияның бұл кемшіліктеріне қарап бетті мүлдем теріс бұруға болмайды. Адам қоғамының объективтік даму заңдарын түсінуге әсіресе өткен формациялардың тарихын жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеп білуге бұл теорияның маңызы өте зор.

Формациялық типология құқықтың қанаушы үстемдік таптың мүдде- мақсатын қорғаудың үш түрі болды деп түсіндіреді: көне дәуірдегі құқық, феодалдық құқық, буржуазиялық құқық. Құқықтың алғашқы тарихи типі — көне замандағы Египет, Үндістан, Қытай, Персия, Греция, Рим мемлекеттерінде болған құлиеленушілер құқығы. Оның негізгі ерекшеліктері құлдар адам қатарына саналмаған, толығымен құлиеленушілер тобының меншігінде, қожасы мүлік ретінде сатып, айырбастап жіберуге ерікті. Құқық құлиеленушілердің экономикалық саяси мүддесін, өкіметі мен байлығын қорғайды. Жеке меншікке қол сұғу аяусыз жазаланып отырды [3, 55 б.].

Құлиеленушілер дәуірі өтіп феодалдық қоғам орнауына байланысты құқық иесінің тарихи екінші типі феодалдық құқық болды. Оның нормалары үстемтап- помещиктердің мүдделерін заңға айналдырып, өкімет билігі мен жер-су, басқа өндіріс құрал- жабдықтарға феодалдық жеке меншікті сақтауға қызмет етті. Феодалдық кұкық бойынша қоғам мүшелері 3 сословиеге бөлінді: дворяндар, жер иеленуші феодалдар, басыбайлы шаруалар мен қала халқы. Заң бойынша бұлардың құқықтары бірдей болуы мүмкін емес. Барлық құқықтар мен бостандықтар, дәулетпен дәрежелер иеленушілер қолында. Феодалдық қоғамда құқықта діни ережелер үлкен орын алады. Мысалы, мұсылман діни тараған елдерде кұралды бұзушылар да мемлекеттік жазаға тартылып отырды.

Буржуазиялық құқық қорғаушы таптар құқық оның тарихи үшінші типі. Оның мақсаты — капиталистік қоғамның мемлекеттік құрылысын үстем тап-буржуазияның мүддесін барынша қорғап заң жүзінде іске асырып отырады. Буржуазиялық құқықтың басты өзгешіліктері: 1) ол капиталистік жеке меншікті адамның негізгі және қажетті құқығы деп санайды; 2) қоғам мүшелері заң алдында тең құқылы деп жариялайды, бірақ еңбекшілер үшін жарияланған теңдік пен бостандықтар сайын келгенде қағаз жүзінде қалып отырды. Бұл саяси жүйе XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ғылыми-техникалық прогресс кезінде дамыған капиталистік елдерде либерал-демократиялық саяси жүйе қалыптасып, адамдардың бостандығы мен құқықтары едәуір жақсы дамып, дамушы елдерге үлгі болуда.

Құқықтың заңды типологиясының екінші түрі — цивилизациялық бағыт. Оның негізгі мазмұны құқықтың, мемлекеттің типтерінің өзгеруіне экономикалық базистың өзгеруі жеткіліксіз дейді. Оған қоса коғамның мәдени-рухани жүйелері жақсы дамып, олардың сапасының жоғары деңгейде болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл пікірді ғалымдар-заңгерлердің көпшілігі қолдап отыр. Цивилизациялық пікір құқықтың типін, түрін анықтаудағы әдіс-тәсілдері формациялық көзқарастан басқаша. Әлемдегі елдердің экономикалық даму тұрғысынан 5-түрге бөледі: үйреншікті жай қоғам, өтпелі кезеңнің қоғамы, даму деңгейі төмен қоғам, дамушы елдер қоғамы, дамыған елдер қоғамы (бұл американдық политолог Уолт Ростау пікірі). Ол дамыған елдердің құқығы мен мемлекетін бірнеше түрге бөледі: технологиялық, индустриалдық, постиндустриалдық мемлекеттер мен құқықтар.

Бес түрлі қоғамның даму уақытын да жобалап көрсеткен. Қоғамның бірінші түрі — ауыл шаруашылықтың экономикада басым кезі. Екінші түрі — өндірістің ептеп өмірге келе бастауы. Үшінші түрі — техниканың өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана бастауы. Төртінші түрі -техникалық қоғамның барлық саласында қолдануы. Бесінші — ғылыми-техникалық прогресс арқылы қоғамның қарқынды түрде дамуы. Міне, осы 5 кезеңде — 5 түрлі құқық пен мемлекеттің бес типологиясы болды  [4, 241-243 б.].

Әлемдегі мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, географиялық т.б. ұқсастығына қарай заңды типологияны 20 түрге бөлуге болады. Бұл англияның ғалымы А. Тойнби пікірі. Сонымен, құқықтың заңды типологиясын түсінуде формациялық және цивилизациялық тәсілдерді біріктіріп зерттегенде ғана ғылыми дұрыс қорытынды, тұжырым жасауға болады.

Құқықтың хронологиялық типологиясы да болады: көне дәуірдің құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа дәуірдегі құқық, қазіргі замандағы құқық. Олардың өздерінің әдіс-тәсілдері болады. Сол арқылы әр дәуірдегі құқықтың мазмұны мен нысанын, түрлері мен типологиясын анықтап отыруға болады. Қоғамның құқықтық жүйесінің элементтері: заң ғылымы, құқықтық түсініктер,  құқықтық әдіс-тәсілдер.

Қазіргі заманда заңды типологиялық жіктеудің маңызы өте зор. XX ғасырда құқық жүйесі үш есе өсіп екі жүзге жақындады. Типология -заңдарды немесе құбылыстарды қандай да болмасын бір белгілерінің ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу.

Типологияның негізгі міндеті-дүние жүзіндегі көпұлттық, аспектілік, көп түрлі құқықтық жүйелердің тарихи дамуын, саяси, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми жүйеге қалыптастыру. Мұның негіздері — дүние жүзінің құқықтық картасы, құқықтық тарихи типі, ұлттық құқықтық жүйелері.

Құқықтық жүйелерді жіктеу, оларға сипаттама берудің бірнеше жолдары, түрлері болады. Бұлардың ішіндегі ең негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. сала жүйеге бөліп қалыптастыру, сол арқылы әр елдің құқықтық жүйелерінің; айырмашылығын, аражіктерін анықтау.

Құқықтың жүйесі бір елдің нормативтік актілерін сала-салаға бөліп жіктеу. Құқықтық жүйе ұлттық көлемде барлық нормаларды біріктіріп, оның мазмұнын, белгілерін, қағидаларын, функцияларын т.б. ерекшеліктерін анықтау.

Құқықтық типологияны қалыптастыратын құбылыстар: ұлттық құқықтық жүйе, құқықтың тарихи типтері және құқықтық жүйелердің мазмұндарының ұқсастығы (құқықтық «семья»),

1. Ұлттық құқықтық жүйе- бір елдің шеңберінде экономикалық, саяси, тарихи және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасқан құқықтық жүйе. Сонымен бірге бұл жүйе өз елінің рухани, мәдени, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дебірлестіре дамиды. Бұл құқықтық жүйенің құндылығы осы ұлттық өзгешеліктерді, ерекшеліктерді ескере отырып бірлестіре отырып қалыптасуында.

2. Құқықтық «семьялық» жүйе — құқықтық нормалардың мазмұнына қарай бірлестіріп, жүйелеу. Бұл жүйелеуге бір немесе бірнеше дәуірдің құқықтық нормалары кіруі мүмкін. «Семьялық» жүйелеудің үш негізгі компоненті болады: құқық жүйесі, тәжірибе және құқықтық сана. Бұл үш элемент құқықтық «семьяда» міндетті түрде болуға тиіс. Әр елдің ұлттық экономикалық, саяси, тарихи, мәдени т.б. ерекшеліктеріне сәйкес дамып, қалыптасқан құқықтық жүйеде, оның «семьялық» мазмұны айқын көрініп бір заңды типологияны қарастырады.

3. Құқықтың тарихи типтері — қоғамның, экономикалық, саяси, рухани-мәдени бірлестіктері арқылы қалыптасатын құқықтық жүйе. Бұл туралы бірнеше пікір бар. Марксизм құқықтың түрін таптық құрылыспен және экономикалық жағдайлармен байланыстырады, сондықтан, құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік құқықтың түрлері болады деп түсіндіреді. Дүниежүзінің заң ғылымдарының пікірі — құқықтың өзгеруіне тек экономикалық базистің өзгеруі жеткіліксіз. Оған қоса қоғамның саяси, рухани, мәдени негіздері өзгеруге тиіс. Сонда ғана құқық жаңарып жаңа заңды құқықтық типология қалыптасады.

4.  Бұл пікірдің қорытынды тұжырымы бойынша құқықтың тарихи төрт түрі болады: ежелгі дәуірдегі құқық жүйесі, орта ғасырлардағы құқық жүйесі, жаңа ғасырлардағы құқық жүйесі қазіргі замандағы құқық жүйесі.

5.  Ғаламдық құқықтық типология — қазіргі замандағы дүниежүзілік көлемде құқықтық жүйелердің бірлестігі мен дербестігін зерттеп, олардың бір бағытта дұрыс дамуына ғылыми тұрғыдан мүмкіншілік жасауда. Оның негізгі бағыты дүниежүзілік қоғамның саяси-экономикалық құрылысын, дамуын жақындастыру. Бұл ғаламдық құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі критериі болуға тиіс. Осы процесс арқылы бірнеше мәселе анықталуға тиіс: бірінші — ұлттық құқықтық жүйелердің әлемдік көлемде пайдалануға болатын нышан-белгілері; екінші -жартылай (бірнеше мемлекеттердің бірігуі) пайдалануға болатын белгілер; үшінші — құқықтың семьялық жүйе көлемінде пайдалануға болатын белгілер; төртінші — тек ұлттық құқықтық жүйе шеңберінде ғана дамитын құқық жүйесі. Бұлардың, алғы үшеуі ғаламдық құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі бағыттары [5, 45-54 б.].

Қазіргі заманда ұлттық құқықтық жүйелер объективтік прогрестік жолмен дамып, соған сәйкес заңды типологияның мазмұны да өзгеруде:

— құқықтың негізгі бағыты халықтың әлеуметтік жағдайы және адамдардың денсаулығына бет бұру;

— әлемдік глобалдық проблемалардың, барлық мемлекеттерді біріктіруі, сол арқылы құқықтық жүйелердің өзара бірігіп дамуы;  — құқықтық мемлекетті қалыптастыру дүииежузілік мүдде-мақсатқа айналуы.

Сонымен, заңды типология — әлемнің құқықтық қатынасына көп аспектілі, көп қырлы жіктеп анализ берудің алғы шарты. Философиялық тұрғыдан заңды типология құқықтың тарихи типтерінің бірлестігін, құқықтық семьяның ерекше маңыздылығын, ұлттық құқықтық жүйесінің бірлігін көрсетеді.

Сондықтан, құқықтың мазмұны өзгеру үшін тек базистың өзгергені жеткіліксіз, оған қоса қоғамның мәдениеті, рухани сана-сезімі де дамып, өзгеруі керек. Қазіргі заманда дүние жүзінің ғалымдары толығымен цивилизациялық пікірді дұрыс деп, қолдауда. Цивилизациялық көзкарас қоғамның, сонымен бірге адамның рухани сана-сезімін, мәдениетінің деңгейін бірге зерттейді және таптық мүдде-мақсатты қоғамдық мүдде-мақсатпен біріктіріп зерттейді

.

Тағы рефераттар