1960 жылы АҚШ ядролық күштерде біршама артықшылықтарды иеленді. Салыстырсақ: АҚШ қару – жарақтың 6000 оқтығын иеленіп отырғанда, КСРО тек 300-ге жуығын иеленді. 1962 жылы АҚШ та 1300-ден астам бомбылаушылар болды, және олар КСРО-ға жеңіл түрде 3000 нан астам ядролық қару жарақтарды ікеле алады. Ал КСРО АҚШ территориясына тек 300 ден астам әскери қару жарақтарды әкеле алатын еді.

1961 жылы АҚШ Түркияда Измир жаңында 15 зымыран  орналастырды. Оның жарылыс ауданы 2 400 шаршыға дейін жететін. Олар толықтай КСРО — ның европалық жағына қауіп төндіретін еді. Бірақ, Джон Кеннеди бұл зымырандарды шектелген зымырандар деп есептеген. Себебі, су асты кемелерінде орналасқан қару жарақтар, осындай ауданды жоққа шығаратын.

КСРО аналитиктері ядролық қару жарақтан біршама оздық көрсеткішке жетуге болатынын түсініп, Кубаға өзінің ядролық зымырандарын орналастырды. КСРО қару жарақтарының күштілігі, жарылыс болған жағдайда, 4000 шақырым жерді қиратушы еді.

Хрущев, АҚШ- тың Түркияда өзінің зымырандарын орналастырғанына ашық түрде наразылық тудырды. Ол осы зымырандарды өзіне қарсылық көрсетіп жатыр деп есептеді. Кубада зымырандарды орналастыру – КСРО зымырандары КСРО территориясын бірінші рет тастап кетті, — американдық зымырандарына жауап ретінде саналды. Хрущев өзінің жазбаларында айтып кетті, оған кеңес зымырандарын Кубада орналастыру туралы идеясы 1962 жылы келді. Сол кезде, ол Болгарияда Кеңес үкіметінің делегациясын басқарып келген. Сол уақытта, оның жақтаушыларының біреуі, Қара теңізге көрсетіп, теңіздің арғы жағында Түркияда зымырандар орналасқан, және оның қаупі, ол КСРО-ның басты өнеркәсіптерін 15 минут ішінде қырып жоятынын мәлімдеді.

.

Тағы рефераттар