ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамаман бір уақытта пайда болып, тарала бастады.
Мұндай зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
С.И. Ожегов /2/ сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика — осы сияқты, саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева /3/ іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С. Каган /4/ қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән деп қарастырады. М.В.Соковин /5/ адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны — “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев /6/, М.И.Лисина /7/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова /8/, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева /9/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп — екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, әр жас шамасындағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А.Н.Леоньтев /10/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің /11/, А.А.Бодалевтің /12/ коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов /13/ бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста “субъект-субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту.
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрлымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов /14/ көтергенді. Г.М.Андреев , П.Яноушек /15/ зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауды және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінге дейін “бала(лар) мен ересек(тер)” жүйесіндегі қарым-қатынас “бала-бала(лар)” жүйесіндегі зерттеулерден көш ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леоньтев /16/ М.И.Лисина /17/ концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрлымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайысысын жекелей айқындадық.
Мұнда Т.В.Драгунова /18/ бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект рөлінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев /19/, М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский /20/, В.С.Мусина /21/, В:С.Мухина /22/ және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
М.И.Лисина, А.Г.Рузская, С.Ю.Мещерякова, және т.б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві “затталған қажеттілік ” деген А.Н. Леоньтев түсіндірмесіне негізделіп, адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі сипатталады.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А. Леонтьев).
М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын эксперессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруды біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылды (М.И.Лисина, Д.А.Исмайлова т.б.). Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада “коммуникациялық біліктілік ” (Т.В.Антонова), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері (Е.Г.Макарова ), жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге беғытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А.Исмаилова, Ж.С.Әбішева) ретінде анықталады. Ал А.А.Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру – ең негізгі мәселе болып табылды.
Қарым-қатынас анықтамасындағы (М.И.Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынады. Нақтыласақ, жалпы нәтиже — өзара қатынас (Я.Л.Коломинский /23/), таңдамалы бауырластық (С.В.Корницкая, Р.А.Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (А.А Бодалев, Н.Н. Авдеева, А.Н.Силвестру) деп қарастырылады.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністік сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С.Агеев, А.А.Бодалев / сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың меха/низмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрлым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрлымдарды “қарым-қатынас онтогенезінің сатылары”, “қарым-қатынас формалары” деп атаған. Біз өз зерттеуімізде осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Ал М.И.Бобнева /26/ қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау техникасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова).
В.С.Мухина қарым-қатынас стилін “әлеуметтік” психологиялық әсер етудің дара –типологиялық ерекшелігі деп түсіндіріледі. 1930-шы жылдары Н.Левин үш стилін ұсынғанды. Осыдан соң Р.Липпит, К.Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократиялық және либералды-босаң деген классификациясын жасаған еді. Қазірде Г.Андерсон, А.А.Бодалев, Р.С.Буре, И.М.Юсупова, т.б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификацияларын ғылыми қорда берген.
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев /25/ т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы — балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.
В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.
Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс — тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады.
Педагогикалық қарым-қатынастың либералды – босаң стилі негізінде балалардың өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс –тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы сияқты негативтер болады. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен, енжарлығымен түсіндіріледі.
Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, /27/ В.С.Мухина).
Педагогтың қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болатынын А.А. Бодалев жариялаған.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вервальды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бақылауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар – аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-әрекетін диагностау дәлдікке ие болды деп ұйғарамыз. Алайда, барлық қарым-қатынас компоненттерін зертттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын өзінің жеке басына “сіңіреді”, бұл жағдай балалар қарым-қатынасының локалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жүріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субектілерін ұлттық ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, “тексіз”, “ұлтсыз” пенде күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар едік.
Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И.И.Чеснокова, Т.В.Драгунова, Д.Б.Эльконин, И.Непомнящая, және т.б. ). Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
- Баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
- “бала-бала ” жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады;
- Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
Тағы рефераттар
- “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты
- HTML курстық жұмыс
- «Электрондық үкімет» деген не?
- Орал аймақтық «Казкоммерцбанк»АҚ- филиалының қызмет көрсетулерін талдау
- Есеп саясатын дайындау