МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АУДИТ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы 5
1.2 Аудит стандарттары және аудитордың кәсіптік этикасы 7
1.3 Аудиттің шетелдік тәжірбиесі 9
2 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТОРДЫҢ ЭТИКАСЫ
2.1 Аудиторлық қызметтің этикалық – құқықтық механизмдері 17
2.2 Аудит қызметінің этикасы 22
2.3 Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этика ережелері 27
3 АУДИТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Аудиторлық қызметті дамыту бағыттары 32
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 38
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді басшылыққа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік
принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуын талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Тақырыптың өзектілігі –нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың замын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі, қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Сондықтан кез келген ұйымда аудитордың қызметі қажет болады. Ал осы қызмет барысында аудитордың қызметін дұрыс жүргізу үшін ең алдымен ол этикалық-құқықтық ережелерді сақтауы керек. Аудитордың этикасы – аудит қызметінің сапалы жүргізілуіне тікелей әсерін тигізеді. Аудиторлардың қызметіндегі ең басты назар аударатын жағдай ол- аудиторлардың өзін өзі ұстауы, басқа адамдармен қарым қатынастарындағы әдептілік ережелері және жалпы айтқанда олардың кәсіптік этикасы болып табылады. Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторлық қызметтің жүргізілу тәртібін, оның ұйымдастырылуын түсіндіріп, аудиторлардың қызмет барысындағы этикасын, кәсіби этика тұрғысынан қарағанда өзін өзі ұстау мәнерлерін толық ашып ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар
- Ойлау бастамасын негіздеу мәселесі
- Жер үсті және жер асты суларының ластану көздері
- Бірігу арқылы жасалған есімдіктер
- Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
- XIX ғ.-XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы