Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:

  1. Жарғылық капиталды көбейту;
  2. Таза кірісті көбейту;

Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:

  1. Қорғаныс қызметі;
  2. Шұғыл қызметі ,
  3. Реттеуіш қызметі;
  4. Айналым қызметі;
  5. Резервтік қызметі;

1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

 Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.

4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын туекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады

Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк каиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында қолданылатын құрал ретінде жатқызады.

Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:

  • Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
  • Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
  • Тәекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;

Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады: егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз мінднттемелерін орындауды тоқтатса,лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін сақтайды.Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады,себебі ол міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан, акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады.Ал банк қарызы бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін, активтердің көп бөлігі төленуі мумкін және соғұрлым банктің тәекелділігі төмен болады.

Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке қарыз алуға мүмкіндік береді.

Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып луды жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы керек.

Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей, меншікті капитал – банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің тәуелсіздігіне жәе оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды. Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі. Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады, одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық құндылықтармен төленеді.

Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы мумкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы қорытынды есеп жасацды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен бекітіледі. Ұлттық банк шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі проблема – курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер етпейтінін қамтамасыз ету.

Конвертацияланатын курсы ретінде – ақша шығару кезінде тарихи курс болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.

Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету балама нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.

Конвертацияланған акциялары мен тарихи немесе ресми курстың бастапқы құны арасындағы айырмашылық, бөлінбеген резервге жатқызылуы тиіс, яғни акциялар бойынша премиялар шотына. Егер де бір кездейсоқ себептермен заңды күшін жою және конвертация шығынға алып келсе, онда оны акциялар бойынша премиялар есебіндегі қандай да бір кредиттік қалдыққа жатқызу керек. Егер олардың олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдың табыстары мен шығындары шотына жатқызу керек.

Шетелдік валютадағы капиталдың заңды күшін жою бойынша және теңгедегі капиталын шығару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді валюталық позиция шоты арқылы өткізгені дұрыс. Бұл үшін нарықта теңгені сататын және валюталық позицияны сатып алатын сатып алушы болуы керек. Мұндай банктер үшін Ұлттық банк соңғы инстанциядағы сатып алушы болуы мүмкін.


Тағы рефераттар