Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер туралы қазақша реферат

      Бағалы  қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО- да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін, оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

1)    Сұраныс пен ұсыныс

2)    Делдалдармен басқа қатысушылар

3)    Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.с.с.

4)    Нарықты реттейтін және өзін- өзі реттейтін жүйелер.

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық  бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының  негізгі субъектілері — акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші рөль атқарады.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі, бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты /4, 119бет/.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздар өтімдісі қандай?

Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең  көлемділігі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері.  Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

1)    Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті — Қаржы

Министірлігі.

2)    Ұлттық банк – оның қаржы агенті, сонымен бірге мемелекеттік бағалы қағаздар дилері. Дегенмен, бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар мемлекеттік бағалы қағаздар:

1) Мемлекеттік қазыналық вексельдер;

2)  Мемлекеттік қазыналық облигациялар;

3)  Және т.б.

Бағалы қағаздарды реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті.  Ондағы мақсаты — бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының  ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы Министірлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет  саналады.

Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құралады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер Министірдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді.  Қызметтен де осы жолмен босатылады.

Дүниежүзілік тәжірбиеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен  жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс- шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

1)    Бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;

2)    Осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулалары мен бұйрықтары;

3)    Бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары.

Жараласу тетіктеріне мыналар жатады:

1)    Несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

2)    Мемлекеттің салық саясаты;

3)    Депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

4)    Қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

5)    Мемлекеттің сырқы экономикалық іс- шаралары.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымдарға, не қаржы министірлігіне, не мемлекеттік банкке жүктеледі. Мысалы АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министірлігінде қаралады. Реттеші органдар инвесторлардың  қаржысын қорғауға  бағытталған негізінен үш қызмет атқарады:

Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін  барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың  керекті мөлшерде өз капиталы болғаны жөн.

Екіншіден, экономиканың барлық  субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады.

Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын  тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады.

Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін- өзі реттеу іс- шараларының  да маңызы зор. Оның дамыған формасы — қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен  қатар оған қатысушылардың іс- әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады [6, 54бет].


Тағы рефераттар