БТА Ипотека ұйымының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы қазақша реферат
БТА Ипотеканың атқарымды бөлімшелерін фронт-офис және бэк-офиске бөлу тұжырымдамасы.Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз БТА Ипотеканың ұйымдастыруына бақылау жасауға және жоспарлау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында мәлеметтерді жинау мен өңдеу жүзеге асырылатын, басшыларға арналған ақпараттар жүйесін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі сапалық сипаты келесілер жатады
- тимді өңделген ақпарат
- өз уақытында алынған есептік құжаттамалар
- дәлдік жоғары деңгейлі болуы
- алаяқты мүмкіндіктерді азайту.
Бұл сипаттарға ие болу үшін олар тәуелсіз болу керек , яғни жекеленген бөлімше немесе департамент түрінде құрылған бухгалтерлік есеп қызметін ұйымдастыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелері мінез құрылымы жок , дегенімен де оның барлық банктерге тән жалпы сипаттамалары болады.
- банктің барлық ресми шоттар жүргізіледу
- тиісті ережелерді жасау мен қабылдау
- тисті рәсімдердің көмегімен есеп мәліметтерін құрастырушы бароық бөлімшелерге нұсқаулар беру
- бухгалтерлік есеп ережелері мен рәсімдерінің сақталуына бақлау жасауға механисімдерді іске қосуға және олардың орындалуына қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп және есептілік үрдіс операциялардың қаржылық нәтижелерін көруге және операцияларды жоспарлау үшін , олардың қажет қаржыларды басқару үшін, олардың барысын қадағалап отыру үшін қажетті қаржыларды басқару бойынша ақпараттарды алуға сол сияқты осы операцияларды ары қарай жетілдіру барысында өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.Бухгалтерлік есеп жүйесі БТА Ипотеканың ұйымдастырылуының негізгі тірегі болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі БТА Ипотеканың үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада қаржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәлеметтерін қаржылық ақпаратқа қайта өңдейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:
- бухгалтерлік есеп бөлімшесі
- жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері
- фиалдардағы есеп бөлімшелері
- есеп мәліметерін өңдеуші орталық
- ішкі аудит
Банктерде, бәріміз білетіндей, ақша қаржылары- тауар болып табылады. Осы құндылықтарға жүргізілетін барлық бақылау , солар ғана ақша қаржыларының өзгерісін тіркеп отыратындықтан, бухгалтер арқылы өтеді.Шығынның,ұрлықтың,сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктерде тиісті ішкі банк құрылымын енгізу қажет. Оный негізгі принципі бір адам немесе адамдар тобы барлық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықтарға манипуляция жасайтын материалдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.
Осындай және басқа да себептерден, Қазақстанның көптеген банктерде банктің ішкі құрылымы шартты түрде екі негізі бөлімдерге жіктеледі.
1. Фронт- офис – оның қызметіне клиенттермен және банк серіктестктермен келісімдерді, мәлеметтерді жасау жатады.
2. Бэк-офис-оның қызметі жүзеге асырылған операцияларды тіркеуден тұрады.
Екі бөлімше де өзара тығыз байланысты қызмет атқарады. Мысалы: қызмет барысында фронт офисте, ары қарай өңдеп, талдау жасау үшін бэк офиске жіберілетін мәліметтер жинақталады. Олар өз кезегінде банктердің клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсетушілернің мазмұна немесе өзгерісіне және сәйкесінше фронт -офистің қызметіне түзету енгізуге негіз бола алады. Фронт-офитің мақсаты- банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк -офистің мақсаты- жасалған мәлеметерді есепке алу бақылау жасау басшыларға мәлемет беру.
Банктердегі есепті операциялық жұмыстарды мәмлелермен айналысатын және бақылау қызметін жүзеге асыратын Бас бухгалтер қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне жетекшілік ету , тек жоғары білімді мамандарға ғана жүктелетін үлкен жауапкершілкті іс, сондықтан да бас бухгалтер , оның орынбасары, депортамент бөлімдерінің бастықтары лауазымдарына жоғары экономикалық білімі бар, қолданыстағы банк заңдылықтары бойынша заңдарда бекітілген банк жүйесінде тиісті жұмыс өтілі бар тұлғалар тағайындалады.
Бас бухгалтер департаментің барлық қызметіне жалпы басшылық етеді, оның жұмысын ұйымдастырып, департаментке жүктелген міндеттемелерді орындайды.
Ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы және әдістемелік принциптерін департаменттің орындауына жауапкершілікті болады, мүше болу құқы бойынша Банк Басқармасының отырысына қатысады және Департаменттің құзырына кіретін мәмлелер бойынша ұсыныстарды талқылауға енгізеді.
Бас бухгалтер тоқсан сайын Банк басшысының алдында Департамент жұмысы жөнінде есеп береді, жұмыстар жоспары белгілеп , олардың орындалуын бақылайды, тексерулерді ұйымдастырып, есепті, бақылауды және банк бюджетінің орындалуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, бухгалтерлік есеп пен есептілік мәселелер бойынша барлық ішкі ережелерді тәртіптерді нұсқаулы әзірлеуге қатысады
Тағы рефераттар
- Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат
- Нуклейн қышқылдары
- Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер
- Неке шартының өзгерілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі