Жетек туралы қазақша реферат

Жетектер классификацияланады: а) пайдаланылатын энергия түрі бойынша: механикалық, гидравликалық, пневматикалық; б) қызмет ететін скважиналар саны бойынша: жеке және топтық; в) алғашқы қозғалтқыштық типі бойынша: электрлік және жылулық.

Станок-тербегіш скважинаға түсірілетін және штанга колоннасы болып жетектен иілгіш механикалық байланысымен байланысқан штангалы тереңдік сораптың жеке жетегі болып табылады.

Конструкциялық қатынаста станок-тербегіш – алғашқы қозғалтқыштың айнымалы қозғалысын щтанга колоннасының ілгері-кейінді қозғалысына түрлендіретін төрт звенолы механизм.

Сериялық станок-тербегіштің құрылғысы ГОСТ 5866-76 бойынша келесі үлгімен сипатталады.

Айналу моменті электр қозғалтқыштан сына белбеулі беріліс арқылы редуктордың жетекші валына беріледі, содан кейін жетектелінуші валға беріледі. Соңғысында қарсы салмақтарымен кривошип бекітіледі. Кривошип шатунмен траверсалар көмегімен тіректе тербелетін балансирмен байланысқан. Балансир алдыңғы иық жағынан қанаттық ілмек орнатылатын қайырмалы головкамен жабдықталған.

Станок-тербегіш СТ-тің бүкіл жабдығын орнатуға арналған және поперечниктермен қосылған екі полозье түрінде профильді прокаттан жасалады, және редуктор астына арнайы тіреуі бар. Раманың фундаментке бекітуге арналған тесіктері бар.

Стойка балансирге тірек болып табылады және төрт шекті пирамида түрінде профильдік прокаттан жасалады. Стойканың аяқтары өзара поперечиналармен қосылған. Төменде стойка дәнекерлеп немесе блоктармен рамаға бекітіледі, жоғарыда балансир осін екі скаба көмегмен бекіту үшін плитасы бар.

Балансир штанга колоннасына ілгері-кейінді қозғалысты беру үшін арналған. Екітаврлық тілудің прфильді пркатынан жасалады және бір балкалық немесе екі балкалық конструкциясы бар. Скважина жағынан балансип бұрушы головкамен аяқталады.

Балансир тірегі – ось, екісоңдары шойын корпуста орналасқан сфералық роликті подшипниктерде орнатылады. Квадрат тілуі бар осьтің орташа бөлігіне планка пісірілген, ол арқылы балансир тірегі болттар көмегімен балансирмен қосылады.

Траверса кривошипті-шатунды механизммен балансир арасындағы байланыстырушы звено ролін атқарады, және профильді прокаттың тік сызықты балка түрінде конструкциялы орындалады. Сфералық роликті подшипниктер көмегімен балансир бекітілуі – шарнирлік,

Шатун – соңдарында арнайы головкалары  бар құбырлық дайындама; жоғарғы головка көмегімен шатун саусақ болып траверсамен, саусақпен сфералық подшипник арқылы төменгі кривошиппен қосылады.

Кривошип редуктор валының айнымалы қозғалысын штанга колоннасының ілгері-кейінді қозғалысына түрлендіретін кривошипті-шатунды механизиінің негізгі элементі. Шатундар мен редуктордың жетекші валына бекіту үшін тесіктері бар тік бұрышты пластина түрінде орындалған. Қарсықысымдарды орнату мен орын ауыстыру үшін ойықтармен жабдықталған.

Қанаттық ілмек штанга колоннасымен балансир арасындағы иілгіш звено болып табылады. Қанат қысқыштарының төлкелерімен бөлінген жоғарғы және төменгі екі траверсадан тұрады. Жоғарғы траверсада жылтырлатылған штокты бекіту түйіні жатыр. Траверсалар динамографтарды орнату үшін винттермен жылжытылуы мүмкін. СТ-дің сына белбеулі берілісі О,А,Б,В,Г типті сынақ белбеулерді қолданылуы қарастырылады. Белбеудің дұрыс типін таңдау беріліс жұмысының ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Шкивтер дененің конустық жонып жөнделуі және гайкамен бекітілетін конустық төлкені қолдану есебінен тез ауысымды етіп орындалады.

Бұрушы жылжымалар көлбеу қалпында бекітілетін қозғалтқыш үшін рама болып табылады, бұл валдар осьтері арасындағы ортаралық қашықтықты өзгертуді және белбеулердің тартылуын қамтамсыз етеді.

Екі жаңғырықты конструкциясын тежеуіш барабанында бекітіледі және жерүсті винтпен қозғалысқса келтіріледі.тежеуіштің рукаяткасы қауіпсіздік мақсатында станок-тербегіштің рамасының соңына шығарылған.

Станок-тербегіштің жетегі сәйкесінше 1.8-1-2.0 және 2.2.-2.5 іске қосқыш және максималды моменттерінің қалдықсыз бөлінгіштік еселіктерімен (кратность) қысқа тұйықта роторы бар су-мұзға төзімді орындалуында үш фазалық осинхронды электр қозғалтқыш болып табылады.

Негізгі синхронды айналу моменті 1500айн/мин. Штанга ілмегі нүктесінің қажетті жүрістер санын алу үшін 750 немесе 1000айн/мин жиілікті АОП сериясының электр қозғалтқышы қолданылуы мүмкін.

Тербелетін негізгі балансир болып табылатын суреттелген жетектен басқа Ресейде және шетелде балансирсіз жетектерді бірнеше конструкциялары жасалып келеді. Осы жетектердің артықшылықтары – жетектің бүкіл гарабитінің кішіреюі қызмет көрсету талаптарының жақсаруы және металл сыйымдылығының төмендеуі, транспортабельдіктің жоғарылауы және монтаж мүмкіндігі.

Барлық балансирсіз СТ-дің принципалдық ерекшеліг тербелетін балансирдің жоқтығы.

Балансирсіз механикалық жететің мысалы келесі конструкция болып табылады. Ол жоғарғы санында екілік шынжырлық дөңгелек және роликті шынжырлар орналасқан тіректі жебеден тұрады. Шынжыр соңылары траверсаға бекітіледі. Соңғысына шатундар әкеліп қосылған. Редуктордың электр қозғалтқыштан жетегі бар. Редуктордың жетекші валында шатундарды бекітуге арналған тесіктері  бар V типті форма бекітілген. Диск шеңберінде қарсы салмақтар орнатылады.

Шетелде баланстрсіз жетектердің брнеше типтері қолданылады, түрлерінің бірі келесісі болып табылады. Ол скважина сағасында орнатылатын болат фермадан тұрады. Ферманың жоғарғы алаңында шығушы валында шкив бекітілген реверсивті редукторы бар жетекші қозғалтқыш орнатылған. Шкив арқылы ферма жағынан теңілгіш жүк, ал басқа жағынан штангасымен қанат лақтырылады. Ферма реьстердеорнатылады және жерасты жөндеу кезінде сырғанап кетуі мүмкін. Реверсті редуктор пультпен басқарылады: шеткі қалпыларына жылтырлатылған штокпен жеткенде пульт айналу бағытының өзгертуіне бұйрық береді.

АҚШ-та «ойлвэл» компаниясы шығаратын СТ-дің сипаттамалары: жүріс ұзындығы 10.2 метрге дейін, жүк көтергіштігі 157кН-ға дейін, жүрістер саны 2мм-ге дейін,қуаты 30кВт-қа дейін.

Шетелде штангалы сораптардың гидравликалық жетектері көп қолданылады. Оның ішіне көтергіш цилиндр, теңілгіш цилиндр, бұл цилиндрлер өзара майлы сымдар жүйесімен қосылған. Гидравликалық күштік бөлік сораптан және орналастырғыш құрылғыдан тұрады. Сорап көтергіш цилиндрге май айдайды, соның нәтижесінде поршень, содан кейін штанга колоннасы көтеріледі. Жоғарғы қалпында орналастырғыш құрылғы іске қосылады және пморшень астынан май ағып шығады.

Цилиндрдің поршень асты қуысына цилиндр төменге жүргенде оның поршень асты қуысынан май ағып өткізуі арқылы гидравликалық жетектің теңесуі және цилидр поршенінің көтерілуі орындалады. Содан кейін жоғары жүргенде кері процесс жүреді: май цилиндр поршенінің қуысынан поршенасты қуысына өтіп, поршеньнің жоғарыға қарай орын ауыстыруына көмектеседі.
Тағы рефераттар