‘Бейнелеу өнері және сызу’ бөлімінің мұрағаты
Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
Мектептегі бейнелеу өнері, басқа оқу пәндері сияқты, өзінің спецификалық ерекшеліктері, мақсаты мен жүйелі оқу курсы бар пән болып табылады.
Сурет салу бірінші сыныптан бастап ойын қызметінен оқу әрекетіне ауысады. Бірінші сыныптан бастап балаларды қарадүрсін сурет салудан бөлектеп, бейнелеу өнерінің білімдерін беріп, бейнелеу дағдыларын меңгерту кезеңі басталады. Мектептегі балаларға ғылымдардың негіздерін оқытуды бастағаны сияқты бейнелеу өнері саласында форманы жазықтықта бейнелеудің ережелері мен заңдылықтары туралы дұрыс түсінік берілуі тиіс. Сондықтан оқу процесін дұрыс ұйымдастыруы, оқушылар зейінін ең басты нәрсеге бағыттау, оқу материалдарын тез меңгерудің жолын көрсетуге жетекші рөль мұғалімге жүктеледі. Толығырақ »
Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы барысында оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетін дамыту педагогика саласындағы маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі кезде көптеген мамандық иелерінің техникамен жұмыс атқаратындығы баршаға мәлім. Осыған байланысты баланың жас кезінен кеңістік туралы ойлау негіздерін үйрету ғылым мен техниканың тілін ерте үйренуге жол ашты. Толығырақ »
Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі маңыздылығын атақты педагогтар Я.А.Каменский, И.Г.Коменский, И.Г.Пестолоций, Джон Локк, Ж.Ж.Руссо айқындаған. Олар дүниені қоршаған таибғатты дұрыс тану арқылы дұрыс ойлау мүмкіндігі сурет салу барысында туындайтындығын көресткен. Толығырақ »
Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы күрделі мәселелердің бірі–бейнелеу өнерінің негізін құрайтын заңдылықтарын оқыту және осы заңдылықтар негізінде оқушылардың бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту көркемдік білім берудің мазмұнын құрайды. Бұл мазмұнға перспектива, жарық пен көлеңке, түстану және композиция заңдылықтарын оқыту кіреді. Толығырақ »
Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту әдістері
Бейнелеу өнерін оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – оқушыларға көркемдік білім беру болып табылады. Оқушыларға көркемдік білім берудің құрылымы бейнелеу өнерінің сауаттылығын құрайтын бейнелеу өнерінің заңдылықтарын меңгеру мен бейнелеудің қарапайым ептейліктері мен дағдыларын қалыптастырудан тұрады. Бейнелеу өнерінің негізгі сауаттылығын құрайтын перспектива, жарық пен көлеңке, ритм, симметрия және композиция заңдылықтарын оқушыларға меңгертудің көкейкесті мәселелері көп. Олар: бейнелеу өнерінің осы заңдылықтарын жинақталып бір жүйеге келтірмеуі мен оны оқытудың мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдерінің жоқтығы арасындағы қарама-қайшылықтардың болуымен ерекшеленеді.
Бейнелеу өнері туралы әңгіме
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ суретішлерінің шығармаларымен таныстыру, картинаның көркемдік ерекшелігі туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу» атты картинасының репродукциясы Толығырақ »
Келінің суретін салу
Сабақтың максаты: нұсқаға қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Ұлттық бұйымның қолдану мақсатымен таныстыру. Толығырақ »
Керегенің суретін салу
Сабақтың мақсаты: нәрсеге қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Бұйымның тұрмыста қолданылу қажеттілігімен оқушыларды таныстыру. Толығырақ »
Құстың суретін салу
Сабақтың мақсаты: еске түсіру немесе елестету арқылы бейнелеу жолдарын үйрету. Зат формасын дұрыс бейнелеуге жаттықтыру, өлшемдерқатынасын табуға оқушылардың қабілетін қалыптастыру. Толығырақ »
Бірнеше гүлдің суретін бір түзудің бойына орналастыра бейнелеу
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сәндік суреттер салу барысында композиция түсініктерін беру. Сәңдік суреттөр салу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнектер бөйнеленген түрлі-түсті таблицалар; гүлдің сәндік түрде салған суретін бір тузудің бойына орналастыру үлгісі көрсетілген таблица. Толығырақ »