Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты

Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Толығырақ »

Қорлардың жіктелуі

Еңбек заттары бір тектес емес.  Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі — оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Толығырақ »

Қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Толығырақ »

Қор биржасы

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. «Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі — «бурзэ», яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Толығырақ »

Қор биржасының ережелері мен қызметтері

Қор биржасының акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ ҚР заңдарына сәйкес құнды қағаздардан басқа өзгедей қаржы құралдарымен мәмілелерді іске асыруға құқылы заңды тұлғалар  арасында орналастырылады.

Қор биржасының әрбір акционері, оған тиесілі акциялардың санына байланыссыз, биржа акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауыс иеленеді. Толығырақ »

Қор биржалары түсінігі

Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Толығырақ »

Биржа және биржа сауда- саттығы түсінігі мен негізгі белгіліері. Биржа түрлерін жіктеу

Биржа – бұл биржа сауда- саттығының ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға. Биржа сауда- саттығы – ол өнімнің (бағалы қағаздары, валюта және басқадай құндылықтарды) айырбастау және сату саласы. Биржалар капиталдың бастапқы жинақталу заманында пайда болған. Алғашқы биржалар тауарлық болған: XV ғасырда Венецияның, Генуяның, Флоренцияның және Италияның және басқа да сауда- саттық қалаларының базарлары мен сауда биржалары кеңінен танымал болды, ал XVI ғасырда оларға Нидерландияның, Францияның, Англияның ірі тауар биржалары қосылды. Толығырақ »

Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері

Кез-келген заңның  мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай  болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік»  үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа  жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес Толығырақ »

Бағалы қағаздардың түсініктемесі

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады. Толығырақ »

Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қоғамның мүлкі және капиталы.

Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады. Толығырақ »