‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты
Африка
Африка туралы қазақша реферат
Африка — Жердiң Евразиядан кейiнгi көлемi жағынан екiншi үлкен материгi. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегi ауданың 30,3 млн. км2, аралдарсыз —29,2 млн. км2.
Африка материгi Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек қызыл және Жерорта тенiзi бөлiп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың бiртұтас құрлық массивiн құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеңiстiктерi болып тастаған. Толығырақ »
Виктория сарқырамасына жалпы сипаттамасы
Виктория сарқырамасына жалпы сипаттамасы туралы қазақша реферат
Африканың Замбези өзенінде табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірінен саналатын Виктория сарқырамасы бар. Сонау алыстағы ағылшынның әйгілі саяхатшысы Давид Ливингстон ашып, оған Англияның патшайымы Викторияның есімін берді.
Алып сарқыраманың ені-1800 м, биіктігі-120м. Толығырақ »
Сарқыраманың орналасуы мен зерттелу тарихы
Сарқыраманың орналасуы мен зерттелу тарихы туралы қазақша реферат
Замбезиндегі ең ірі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі – Виктория – оның биіктігі 120 м, ені 180 м.
Виктория сарқырамасы Африка құрылығындағы көлемі жағынан 4-ші орындағы сарқырама, Зимбабве мен Замбия елдерінің шекараларында орналасқа. Бұл әлемдегі ең ірі, ең көлемді, әрі табиғаттың жеті кереметінің бірі болып санатын сарқарама. Ашылуына дейін 1800 жылдары өмір сүрген Кололо тайпалары бұл сарқыраманы «Мози-оа-Тунья» деп атаған. Оны аударғанда «Дым который гремит» деген мағыаны білдіреді. Өте сұлу, әрі көлемді сарқырама адамдарды қазірге дейін таң қалдыруда. Толығырақ »
Африка сарқырамаларына сипаттама
Африка сарқырамаларына сипаттама туралы қазақша реферат
Оңтүстік Африка сарқырамалары.
Оңтүстік Африкадағы Оранжевая өзенінен 146 метрлік платоға өзен саласы ағып түсіп, Ауграбис сарқырамасының негізін салады. Бұл сарқырама күшті жылдамдықпен ағып түсіп, алдында кездескен гранитті қабаттардың бәрін шайып әкетеді. Гранит –табиғатты ең қатты та жыныстарының бірі болып саналады. Осы күшті жынысты шайып кететіндей күшке ие болған сарқыраманың биіктігі тым биік емес. «Ауграбис» деген сөз жергілікті готтентоттардың тілінен аударғанда «өте шулы жер» деген мағынаны береді. Бұл атау да бекерден шыққан жоқ. Құрғақ кездерде Оранжевая өзені кішігірім бұлаққа ғана ұқсап, ағу жылдамдығы мен өзен көлемі қысқарады. Біра көктем айынағы жаңбырлы маусымдарда, өзен ағысы күшейіп, сарқырама өз атауын растатып тұратындай. Толығырақ »
Африканың ішкі сулары
Сарқырамалар — өзеннің жалғасы ретінде. Африканың ішкі сулары туралы қазақша реферат
Сарқырама дегеніміз-өзен салаларының көтеріңкі территоиялардан түсетін, өзіндік пішінге ие, өзеннің саласының бір бөлігі. Сарқырамалар көптеген жылдық су ағыныың салдарынан тау жыныстарының жұзылуынан пайда болады.
Сарқырамалардың жасалуына байланысты келесі ерешеліктерін айтуымзға болады:
- Қатты тау жыныстарының күшті өзен ағысының салдарынан бұзылып, көтеріңкі территориядан сай территорияға өзен суының түсуінен пайда болған сарқырамалар. Бұл сарқырама түрлеріне Виктория, Черчилл, Сети-Кедас және т.б. жатқызуымызға болады.
- Тауда пайда болатын сарқырамалар. Бұл сарқырамалардың біріншілерінен айырмашылығы тау сарқырымаларының су жылдамдығының күші тым күшті емес болуында. Таудан түскен су тау жыныстарының пішінін өзгертіп, өзіндік сарқырамаларды құрайды. Толығырақ »
Азияның өзендерінің су мөлшері мен су айналымы
Азияның өзендерінің су мөлшері мен су айналымы туралы қазақша реферат
Табиғатта қорғау , әсіресе су байлықтарын қорғау – мемлекеттік үлкен маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ұлы көсеміміз В. И. Ленин табиғатты қорғау біздің ең маңызды міндетіміздің бірі екенін, оны тиімді пайдалану қажеттігін атап айтқан болатын. Бұл даналық нұсқаулар Совет өкіметінің табиғатты қорғау жөніндегі заңдарына негіз болуда.
Соңғы кездері осы салада ірі – ірі шаралар жүзеге асырылуда. Дегенмен табиғатты қорғау, әсіресе өзендерді қорғау жұмыстарында әлі де болса біраз кемшіліктер орын алып келеді. Мысалы, өзен, көл суының ластануының салдарынан су жәндіктері уланған жағдайлар байқалуда.
1958 жылы Неман өзенінің төменгі жағында балықтардың уланғаны анықталды. Олар су ішінде өсетін балдыр өсімдіктерінен уланған болып шықты. Осындай судың зиянды заттармен ластануы өте үлкен шығындарға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан өндірістерде және тағы басқа қажеттерге қолданылған лай суларды өзендер мен көлдерге апарып құяр алдында оны тазарту керек. Тазартылмаған су ауыл шаруашылығында егістіктерді бүлдіреді, ішкен малдарды індетке ұшыратады, суда тіршілік ететін балықтар мен жәндіктерді зақымдандырады.
Соңғы жылдары өзендерді, көлдерді, теңіздерді ластанған, уланғансулардан қорғау мәселелерін жер шарының халықтары бірлесіп шешуді қолға алуды. 1961 жылы дуние жүзілік денсаулық сақтау қоғамының ұйғарымы бойынша Женевада конференция болды. Осы конференцияда өзендерді, ауыл шаруашылығында пайдаланатын суларды, ішетін суларды, жалпы табиғатты қалай қорғау мәселесі талқыланды.
1980 жылға дейін өндірісте пайдаланған лай сулардың, шаруашылықта пайдаланылатын сулардың көлемі 1960 жылмен салыстырғанда бес есе көбеюі мүмкіндігі есептеліп отыр. Осы лай, ластанған судың әсерінен ішуге жарамай қалады, ондағы балықтар, жәндіктер азайып, бойында өсетін өсімдіктер қурай бастайды. Ал табиғаттың өзгерісі арқылы бір өзен тазару үшін 4 – 5 жыл уақыт өтеді. Сондықтан табиғатты, өзендерді, көлдерді, орманды қорғау үшін үлкен қаржылар бөлінуі керек. Соңғы кездері шығарылған заң бойынша, әрбір кеме, шаруашылық орындарының лай, ластанған суларды тазартпай өзендерге жіберуіне тыйым салынған. 1961 жылы елімізде 540 – тан астам пайдаланған суды тазартатын орындар ашылса, 1963 жылы 1100 – ден аса су тазартқыш орындары іске қосылды.
Азияның территориясында өзендер біркелкі болғандықтан бір аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан да бір жерде плотина арқылы су қоймасы жасалса, бір жерде канал арқылы шөлейт аудандарға су жеткізілуі керек. Ол үшін жүз кейде мың киллометрдей ұзын каналдар қазуға мәжбүр болады. Осынай бір өзен суын екінші өзен суына қосуды өзен алаптарында су шаруашылық байланыстары деп атайды. Осы күнгі су шаруашылығының транспорттық, энергетикалық және комплексті деген үш түрі бар.
Транспорттық су байланысы 18 – 19 ғасырларда пайда болған. Тихвин, Березин, Днепр – Бу, Солтүстік Двина өзендері канал арқылы жалғастырылды.
Энергетикалық байланыстар әр жердегі су элекр станцияларының энергетикалық күші бір – бірімен ұластырылып, тұтас энергетикалық жүйеге айналады. Осындай байланыс өте тиімді деп есептелуде. Себебі бір өзеннің су шығыны аз, я қысқа мерзімді болса, бір өзеннің су шығыны мол болады. Сондықтан өзен су қоймалары бір – бірінің кемістіктерін толтырып тұрады. Өзендер суын нәтижелі пайдалану үшін, өзен алабының гидрологиялық жайын, қанша су ауыл шаруашылығының, өндіріске керек екендігін, оның мөлшерін алдын ала білу қажет.
1960 жылдың 22 — ші сәуірде Министрлер Советі « Су ресурстарын комплексті түрде пайдалану және оны қорғау туралы» қаулы щығарды. Мұнда бүкіл елімізді түгелдей сумен қамтамасыз ету мәселесі айрықша қолға алынды. Бұл жоспарда көптеген жобалау, зерттеу институттарының күшін бірлестіру, инжинерлік жұмыстарды бірігіп жүргізуге жұмылдыру көзделген.
Өзен арнасымен бірге мерзім ішінде ағып өтетін су көлемін өзендердің су мөлшері деп атайды. Өзен суын шаруашылықтың әр саласында пайдалану өзендердің су мөлшеріне байланысты болады. Мысалы, белгілі қуатты су электр станцияларын салу үшін әуелі сол өзен суының мөлшері жыл бойы біркелкі болмайды. Өзендердің су мөлшері жыл бойы бір келкі болмайды. Өзен арнасы әсіресе тасқын кезінде толы болады. Әрбір өзеннің су мөлшері оның алабының көлеміне және жауын – шашынның неғұрлым үлкен болса, өзендердің су мөлшері де соғұрлым мол болады. Егер республикамыздың картасына қарайтын болсақ, онан толып жатқан өзендердің құмға сіңіп жоқ болатындығын көреміз. Олардың көпшілігі жер суаруға пайдаланылады. Қырғыз жотасынан шығатын Таз өзені тасыған кездің өзінде ешқашан да Шаньдэньха жеткен емес. Ал кейбір өзендер тасқын кезінде басты өзенге жетеді де, кейін кеуіп кетеді. өзендерге көптеген инженерлік құрылыстар салғанда белгілі бір жерден бір секундта ағып өтетін судың мөлшерін білу қажет. Бұл көпірлердің, плотиналардың ұзындығын анықтау үшін, сонымен қатар жер суару үшін және басқа да қажеттіліктерге суды жұмсау үшін керек.
Судың шығыны әдетте текше метр секундөлшемімен өлшенеді. Тасқын кезіндегі су шығыны орталықтағы, яғни жазғы өзен деңгейі төмендеген кездегі су шығынынан айырмашылығы өте үлкен болады. Егер біз өзеннің ағысын көлденең кесіп тастауға болады деп шамалассақ, онда өзеннің ағысты кесіндісін көз алдымызға келтіреміз. Өзеннің сол кесіндісі бойынша су ағысының жылдамдығының шамасы әр түрлі болады.Ағыстың жылдамдығына араның терендігі де, оның формасы да, өзеннің өз жолында кездестіретін бөгеттері де әсер етеді. Егер ағыс бөгетке мысалы, көпірдің тіреулеріне, аралдарға соқтықса, онда қатты ағыс өзеннің табанына қарай ауысуы мүмкін. Ескі арнада тасқын кезінде табанға жақын жерде жылдамдықпен нөлге дейін төмен түседі.
Өзен бойының қысқа учаскелерінде судың шығыны тең болғандықтан, ал иерімде қайраңдағыдан «әрекетті» кесінді үлкен болғандықтан ағыстың жылдамдығы да әртүрлі болады : терең жерде су жай, ал қайраңды жерде едәуір қаттырақ ағады.
Ағыстың жылдамдығы арнаның егістігіне, оның түбінің ойлы қырлығына және тереңдігіне де байланысты болады. Жазықтық жерде өзенннің алабы тереңірек келеді, өйткені су ағыны алқаптағы топырақты үңгіп, жер асты қыртысындағы судың жолын ашуы мүмкін. Осының нәтижесінде қыс мезгілінде қар, жаз айларында жаңбыр болмаған кезеңде осы жер асты суы өзен арнасын толтырады. Жер асты суы келмеген өзен арнасы бұл мезгілде ортайып, не құрғап кетеді. Әр өзеннің басы және аяғы болады. Ол өзеннің ұзындығыда тармағына байланысты. Өзеннің негізгі және қосалқы тармақтары, ал әрбір негізгі тармақтың жүйе тармағы болады. Бұл жүйе тармаққа кішігірім өзендер қосылып, теңіздерге немесе көлдерге құяды. Әрбір өзеннің өзінің су айырығы, осы жерге жиналатын судың негізгі арнасы болады. Өзеннің алабы неғұрлым ұзын және үлкен болса, суы да мол болады. Өзендердің су мөлшері ең алдымен жауын- шашынға байланысты . Сондықтан орыстың белгілі географы, профессор А.И.Воейков «өзендер климаттың жемісі» деген. Бірақ өзендердің су мөлшеріне тек климат қана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар жер бетінің құрылымы да әсер етеді, өйткені өзендердің алабы мен ағысы жер бедеріне байланысты.
Өзендер тұмадан , мұздақтан , қар суынан басталып, бірімен –бірі қосылып, көлге, теңізге немесе мұхитқа барып құяды дедік. Қазақстан территориясында мұхитқа тек Менам өзені ғана құяды. Қалғандары теңіз бен көлдерге барып құяды, ал Хонгха, Вейхе сияқты біраз өзендер ештеңеге де құймай, құла далаға сіңіп кетеді. Өзендер суының аз — көп болуы ауа-райына байланысты екенін мынадан да көруге болады. Мысалы, Гималай тауындағы Черрапунджи деген жерде жылына орта есеппен алғанда 13 мың миллиметр, ал тәулігіне 1200 миллиметр жаңбыр жауады. Ал біздің территориямыздағы Балқаш немесе Арал алабына жылына орта есеппен алғанда 150-200 миллиметрден артық жаңбыр жаумайды. Осы салыстырылып отырылған екі аймақта өзен суының мөлшері де өзгеше екені мәлім. Бұл жауын-шашынның аз көптігінен. Өзен суының мөлшері сондай – ақ оның алабына, жер бедеріне өсімдігіне де байланысты. Егер өзен арнасы суға мол болса, онда оның шаруашылыққа да пайдасы үлкен. Өзен суының мол не аз болуынан білу үшін кемінде 20 – 30 жыл қатарынан жүйелі түрде зерттеу қажет, өйткені өзен суы ауа – райына әрдайым құбылып тұрады. Осы құбылу әр жылы түрлі болып қана қоймай, бір жылдың ішінде әртүрлі болуы ықтимал. Қар еріген кезде суы көп болса, күз айларында азаяды, болмаса сәуір – мамыр айларында мол болып, маусым айларында құрғап кетеді. Өзен суының екінші рет көтерілуі ол күз айларында болатын құбылыс. Бұл кезеңде жауын – шашынның жағдайына байланысты су мол болып ағады немесе құрғақ болады. Осы кездерде су электр станциялардыңда жұмыс істеу режимі бірқалыпты болмайды. Қыс айларында өзен арнасы қатып қалады. Сондықтан өзен суының режимі және сапасы бұзылады да, оның суының одан әрі пайдалану мүмкіншілігі азаяды.
Табиғатта су ұдайы айналыста болып отырады. Планетамыздағы мұхиттардың суы 1 миллиард 370 миллион текше километр, ол атмосферада айналыс жасаған себепті 3000 жылда бір рет толық жаңарып отырады. Ал 60 миллион текше километр жер асты суы 5000 жылда бір рет, 24 миллион текше километр атмосфера ылғалы 330 жылда бір, 230 мың текше километр көл суы он жылда, адамға ең пайдалы өзен суы 10 күнде бір жаңарып тұрады. Бір жылдың ішінде жер бетінен 520 мың текше километр су буланады және осыншама су жерге жаңбыр, қар болып жауады. Егер бұл суды бір тегіс жайсақ, бүкіл жер шарын тереңдігі бір метрге жуық су басар еді. Жер шарының әр жерінде болатын жауын – шашының мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, мұхиттар мен теңіздерге жылына 400 мың текше километр жауын – шашын түседі, бұл – бүкіл Жер бетіне түсетін жауын – шашынның 79 процентіне тең келеді. Мұхиттар мен теңіздерге құрлықтан түрлі арналар жылына 100 мың текше километр су, яғни жер бетінен ағатын судың 19 проценті құйылады. Мұхиттармен жалғаспайтын, тек көлдерге ғана құятын судың мөлшері жылына 10 мың текше километр болады. Ол – жер бетінен түсетін судың 2 процентін құрайды. Ал мұхиттар мен теңіздерден жылына 450 мың текше километр су буға айналады. Бұл бүкіл жер бетіне түсетін судың 86 проценті. Құрлықтан мұхиттарға ағып қосылатын судан жылына 60 мың текше километр, яғни жер бетіне түсетін судың 12 проценттейі буға айналып кетеді. Мұхиттар мен жалғаспайтын, тек көлдерге құятын судың жылына 10 мың текше километрі, немесе жер бетіне түсетін судың 2 проценттейі буға айналып отырады. Республикамызда бір жылдық жауын – шашының 70 проценті қар, ал қалған 30 проценті жаңбыр болады. Таулы аудандардың өзендеріне көбінесе мұздардың еруі есебінен суға ағады. Азияның өзендер шынында да қар суымен де, жаңбыр суларымен қабат толатын өзендерге жатады. Су әбден тасығаннан кейін өзендер жаңбыр және жер асты суларынан, яғни жауын – шашынның жерге сіңіп, өзен арнасы арқылы бұлаққа айналатын бөлігімен толысады. Өзендер суы қатқан кезде тек жер асты суларымен ғана толығады. Солтүсік аймағында өзендерге жер асты суы есебінен 30 процент, орта өңірдің өзендеріне 10 – 20 процент су ағып келіп тұрады. Су ресурстарын тиімді пайдалану қазіргі уақытта ең маңызды орын алуда. Өзен суын жарату үшін өзен арнасын ғана пайдаланып қоймай, судың басталатын жерінен құятын жеріне дейін толық игеріп, өзен алабын түгелімен шаруашылыққа пайдалану қажет, өйткені, өзен алабының табиғаты — өсімдігі, топырағы, бедері, гидро – географиялық, гидрогеологиялық жағдайы, биіктігі – осының бәрі су режимінің ерекшелігін көрсетеді. Осы табиғи жағдайлар өзгерсе, өзен суының режиміде де өзгереді. Мәселен, өзен алабында өсетін тоғайлы жердің топырағын тыңатса және түрлі агротехникалық жұмыстар тиімді де жоспарлы жүргізілсе, су режимінің бұзылмауына себепкер болады.
Тобыл өзені
Тобыл өзені туралы қазақша реферат
Тобыл өзені – Оңтүстік Оралдың шығысынан басталып, Есілге сол жағынан барып қосылады. Ұзындығы 1678 километр. Қазақстан территориясында оның ұзындығы 800 километр. Оған Сынтасты, Аят, Үй және Обаған өзендері қосылады. Қазақстан территориясына жетпей Есет, Тура және Тавда өзендері құяды. Толығырақ »
Есіл өзені
Есіл өзені туралы қазақша реферат
Есіл өзені — Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113 шаршы километр. Толығырақ »
Бұқтырма өзені
Бұқтырма өзені туралы қазақша реферат
Бұқтырма өзені ─ Ертістің оң жақ саласы. Ол Оңтүстік Алтайдағы Ақайрық пен Қанас тауындағы мұздақтан басталады. Бұқтырма өзеніне Ақберел құяды. Бұқтырманың ұзындығы 398 километр, алабының су жиналатын аймағы 15 620 шаршы километр. Өзеннің ағысының ені тауда 50-70 метрге жетсе, жазықтықта 100-150 метрге дейін барады. өзеннің орта шеніндегі су шығыны секундына 251 текше метрге жетеді. Толығырақ »
Ертіс өзені
Ертіс өзені туралы қазақша реферат
Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай, Қалбы, Сарыарқа тауларының шығыс және солтүстік биіктіктерінен оңтүстік Орал мен Батыс, Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды, алоң жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш, Құлынды және Барбы жазықтарынан ағатын өзендер келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады. Толығырақ »