Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Өтініш

Өтініш – жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс беру және т.б. туралы өтінішпен ұйымға немесе лауазымды тұлғаға бағытталған құжат.  Толығырақ »

Баян хат

Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай-да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін. Толығырақ »

Жолдама хат

Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолдама хат қандай да бір құжаттың жөнелтілгені жөніндегі фактіні куәландыра отырып жіберілген құжаттардың сақталуын бақылайтын сенімді әдіс болып табылады. Толығырақ »

Іскерлік хат

Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.

Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн. Толығырақ »

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық — бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетке итермелегенімен, мәлімет ретінде ғана қабылданады. Толығырақ »

Жеке құрам бойынша құжаттарды мұрағатқа әзірлеу

Жұмыстан босатылған әрбір қызметкердің жеке ісі үшін дербес іс ресімделуі мүмкін. Бұл ретте құжаттарды көлемі 250 беттен аспайтындай етіп бір іске тіккен тиімді. Мұндай жағдайда жекелеген жеке істер қызметкерлердің жұмыстан босатылған жылдары бойынша тігіледі. Істің ішінде олар фамилиялары бойынша әліпби тәртібімен орналастырылады да бір-бірінен ортасына фамилиясы жазылған таза парақ салу арқылы бөлінеді. Біріктірілген іске жеке іс иелерінің аты-жөндері жазылған ішкі тізімдеме жасалады. Толығырақ »

Еңбек кітапшасы

Қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы негізгі құжат болып табылады.

Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын адамға еңбек кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп отырған және еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын ашады. Толығырақ »

Қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу туралы бұйрық

Қызметкерді жұмыстан босату өтініштен немесе қызметтік жазбадан басталады. Алайда бұдан басқа құжаттар да қызметтен босатуға негіздеме болуы мүмкін. Мысалы, заңды тұлғаның таратылуы, қайта құру туралы бұйрық (штаттықң қысқаруы), аттестациялық комиссияның шешімі, қайғылы оқиға туралы акті, еңбек тәртібін бұзу фактісін растау актісі, қызметкердің түсініктемесі, сот үкімі және т.б. Толығырақ »

Іссапар куәлігі және іссапарда болған қызметкерді тіркеу журналы

Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. Іссапар куәлігінің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган жасап, бекіткен. Іссапар куәлігін жазып беруші маман оған бұйрықтағы барлық қажетті деректерді енгізеді. Толығырақ »

Еңбек демалысының кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес әрбір азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамға еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерінде белгіленген белгіленген жұмыс уақытына, демалыс және мейрам күндерінде демалуға, жыл сайынғы ақысы төленетін кезекті еңбек демалысын алуға кепілдік берілген. Осыған орай, ұйымдарда кезекті еңбек демалысын ресімдеу кадр қызметінің басты функцияларының бірі болып табылады. Толығырақ »