Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес әрбір азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамға еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерінде белгіленген белгіленген жұмыс уақытына, демалыс және мейрам күндерінде демалуға, жыл сайынғы ақысы төленетін кезекті еңбек демалысын алуға кепілдік берілген. Осыған орай, ұйымдарда кезекті еңбек демалысын ресімдеу кадр қызметінің басты функцияларының бірі болып табылады.

Кезекті еңбек демалысын ресімдеу кезінде алдымен Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңына жүгіну керек.

Кезекті еңбек демалысын ресімдеу мынадай операциялар жасауды қажет етеді: кезекті еңбек демалыстарының кестесін жасау; жыл бойы аталған кестенің сақталуын бақылау; кезекті еңбек демалысын беру туралы бұйрықты ресімдеу; оны тіркеу және кезекті еңбек демалысы туралы деректерді арнайы базадағы нысанға толтыру және т.б.

Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi.

Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiпті (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі.

Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды.

Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi.

Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады (Еңбек туралы заңның 60-бабы).

Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн мереке күндерiн есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс стажына:

1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт;

2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған уақыт;

4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады.

Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн. (Еңбек туралы заңның 61-бабы).

Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.

Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс кестесi өзгерген жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi (Еңбек туралы заңның 62-бабы).

Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңiнде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен босануы бойынша демалысы кезiнде толық немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек демалысы кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейдi.

Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісiмi бойынша келесi жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта жеке берiлуi мүмкiн (Еңбек туралы заңның 63-бабы).

Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде берiледi немесе қызметкердiң қалауы бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленедi (Еңбек туралы заңның 64-бабы).

Еңбек туралы заңның жоғарыда келтірілген баптарынан мәлім болатындай, жыл сайынғы еңбек демалыстары кестесін жасау шарт болып табылады. Бұл әдетте екі түрлі жолмен жасалынады: нақты және формальды.

Бұлардың өзіндік ерекшеліктеріне және кезекті еңбек демалыстары кестесін жасау мен бекіту рәсімдерінің кезегімен тоқталып өтейік.

Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін жасаудағы нақты әдіс жыл бойы шын мәнінде қолдану үшін қызмет ететін нақты құжат әзірлеуге қолданылады.

Бұл ең дұрыс әдіс, бірақ ол барлық жерде бірдей қолданыла бермейді. Оны негізінен мыңнан астам адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындарда, сондай-ақ кезекті ауысыммен жұмыс жүргізетін үзіліссіз өндіріс орындарында көбірек қолданады. Бұларда кезекті еңбек демалысы кестесінсіз жұмысты жүйелі түрде жүргізу мүмкін емес. Мұнымен қоса көптеген компанияларда  қызметкерлер арасынан кезекті еңбек демалысын алғысы келмейтіндері де табылады. Біреулері жұмыс орнынан айрылып қалудан қорықса, екіншісі көбірек табыс тапқысы келеді.

Мұндай бастамалардан жұмыс берушіге келетін ешқандай пайда жоқ. Себебі кезекті еңбек демалысын бермеу – еңбек заңдылығын бұзу болып табылады.

Кесте арқылы ғана қызметкерді кезекті еңбек демалысына шығуға мәжбүрлеуге болады.

Формальды әдіс бойыншажасалған кестетек тексеруші органдарға көрсететін формальды құжат ретінде ғана қолданылады. Қызметкерлер штаты азғантай және басқарудың демократиялық приниптері бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда бұл әдіс кең тараған. Шын мәнінде де, егер ұйым қызметкерлеріне қалаған уақытында кезекті еңбек демалысын бере алатын болса, алдын-ала әзірленген демалыс кестесі пәлендей қажет болмайды. Бірақ кестенің міндетті түрде болуын заң талап ететін болғандықтан формальды сипатта болса да оны жасап, бекітіп қоюға тура келеді. Әдетте, тексеру алдында мұндай кестелер шынайы жағдайға сәйкестендіріліп, жыл аяғында қабылданған бұйрықтар негізінде қайта жасалады. Сөйтіп оған өткен уақыт датасы қойылады. Дегенмен, тексеру кезінде қолайсыздықтарға тап болмас үшін еңбек демалысы кестесін шынайы жағдайларға сәйкестендіре отырып жасаған дұрыс.

Кестені жоспарлау мен ресімдеу кезінде берілетін демалыс мерзімін бөлшектеу орынсыз, өйткені, тексеруші органдар тарапынан оған келіспеушіліктер көп болады. Бұл жөніндегі мәліметтерді кесте бекітілгеннен кейін, жыл бойы сол бекітілген кестеге енгізген жөн.

Демалыс кестесіне кадрлар қызметінің басшысы қол қояды, сонан соң ол ұйым басшысына бекітуге ұсынады.

Әрбір жұмыскер ішкі еңбек тәртібі ережелерінен бекітілген еңбек демалысы кестесі қай жерде тұрғанын біле алатындай болуы керек: жарнамалар тақтасында ма, кадрлар бөлімінде ме, әлде басқа жақта ма? Ең дұрысы, демалыс кестесін барлық қызметкерлерге қол қойдыра отырып таныстырып шығу.

Өндірістік қажеттіліктерге байланысты демалыс кестесіне өзгерістер енгізілетін болса, бұл жөнінде жұмыс беруші демалыс басталардан екі апта бұрын мәлімдеуге міндетті.

Еңбек демалысы кестесінің үлгісі 

____________________________

(кәсіпорын атауы)

 

 

 

 

 

КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕСІ

«БЕКІТЕМІН»

Директор

____________  ______________

                       (қолы)            (аты-жөні)

2007 жылғы  «____»__________

 

Құры-лымдық бөлімше Штат-

тық кесте бойынша лауазымы

Аты-жөні Табель-дік нөмірі КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ Ескерту
Күн-тізбелік күндер саны Күні Еңбек демалысын ауыстыру
Жос-

пар-

-лан-

ғаны

Нақ-тысы Негіз-деме Бол-жамды дема-лыс күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                   
                 

Кадр қызметінің бастығы            __________                                    _____________

(қолы)                                    (аты-жөні)


Тағы рефераттар