Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс  iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен  сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi. Толығырақ »

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2009 жж. орындалуы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Толығырақ »

Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді. Толығырақ »

Сырттан қаржы ресурстарын тарту

Сырттан қаржы ресурстарын тарту микроэкономикалық кезеңінде де мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігі    әлде де болса еліміздің экономикасының өзіндік ерекше сипаты болып табылады. Сондықтан да  үкіметіміздің жаңағындай ел  экономикасын  дамыту кепілдіктерін іздестіру және соларды іске қосуға талпыныс жасауы уақыт талабынан туындаған заңды құбылыс саналса керек. Толығырақ »

Қаржы жүйесі мен құрылымының ұғымы, сфералары мен буындары

        Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы  ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Бұрын атап көрсетілгендей, қаржы ақша қатынастарын білдіреді. Алайды қаржының әр сферасында бұл қатынастар түрліше көрінеді, олардың өзіндік өзгешелігі болады. Толығырақ »

Қаржының мәні, рөлі және қызметтері

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Функциялардың жиынтығы қаржыны жан-жақты сипаттайды, демек оның мәнін толық ашады. Қаржы негізінен екі функция орындайды, оның бірі қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының бөлу функциясы болса, екіншісі оның бақылау функциясы. Толығырақ »

Қаржы ұғымы, оның мәні және қажеттігі

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі. Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамтиды. Толығырақ »

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың жағдайын көтеруге , жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады. /1/ Толығырақ »

Мемлекеттік бюджетке инфляцияның әсерін тіркеу

Осы күндері Қазақстанда қапыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағынын тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінін кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Толығырақ »

ҚР инфляцияға қарсы саясат

2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.

Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары Толығырақ »