Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі туралы қазақша реферат

Мемлекеттік органдар атқаратын қызметінің сипатына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Айталық мемлекеттік органдар өкіліттігінің шеңберіне сай үш түрге бөлінеді: атқару органдары, өкілетті органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің рөлі мен маңызы өте зор деп айтыға толық негіз бар.Президент билігі жалпы жоғарыда аталған билік көзінің ешбіріне де жатқызылмайды, себебі Президент қызметінің ең басты қызметі — ол мемлекеттік биліктің бір біріне қайшы келмей үйлесімді қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады. Толығырақ »

Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру

 Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы — Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.

Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиіс. Толығырақ »

Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері

 Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат — қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары:

— мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады;

— мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;

— мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық,  материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; Толығырақ »

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері

 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.

1990 жылы 25-қазандағы Қазақ КСР-ының мемлкеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай «көздеушілік Декларация» емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы

 Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы туралы қазақша реферат

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  жалпы  түсінік  берілген  және  ол  осы  тектес  актілерде  өте сирек  кездеседі. Оның  айқын сипатталуына  байланысты  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабының  1-тармағының  мән-мазмұны  бойынша «қолданыстағы құқық»    деп  Конституцияның  нақты  кезеңге  күш  жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары  және  осы  бапта  аталған  басқа да нормативтік  құқықтық актілері, сондай-ақ  Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Б Толығырақ »

Конституцияның қолдану мәселесі

Конституцияның қолдану мәселесі туралы қазақша реферат

Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы жазбады десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтығы өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі.  Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын орнынтүсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға, оның қолданылуын, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырлады. Тиісінше, Конституциының мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен тұрады. Толығырақ »

Коституциялық құқықтық нормалардың құрылымы мен түрлері

Коституциялық құқықтық нормалардың құрылымы мен түрлері туралы қазақша реферат

Көптеген ғалымдарымыз  конституциялық құқықтықө норманың ерекгелігін көбінесе оның оның құрылымы мен байланыстырады. Бұл – бір қарағанда орынды жағдай. Конституциялық құқықтық норманың ішкі құрылымын тану  оның өзара байланысты  бөліктерін тануға  және құқықтық табиғатын ашуға кеңінен жол ашатын еді.

Қандай да болмасын құқықтық норманы ішкі элементерінің қатарына гипотеза, диспозиция және санкция жататындығы бізге құқық теориясынан белгілі. Толығырақ »

Конституцияның мәні

Конституцияның мәні туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Толығырақ »

Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы

Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы туралы қазақша реферат

Келесі бағыт — тиімді таңдау теориясы. Тиімді таңдау теориясы — американдық саясаттану мектебінің танымал бағыттарының бірі. Бұл тео-рияға сәйкес — саясат саласында барлық адамдар балама мақсаттар мәнін есепке ала отырып, әрі өз мақсатына қол жеткізу үшін тиімді әрекеттер негізінде өз мүдделерін жүзеге асыруға саналы түрде ұмтылады. Жалпы бұл теория шеңберінде жеке таңдау үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық және социологиялық әдістермен салыстырар болсақ бұл әдістің ерекшелігі индивидке әсер ететін сыртқы факторлардан гөрі, оның ішкі әлеміне көп мән беруінде. Толығырақ »

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс туралы қазақша реферат

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс — әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін, өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы. Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікірінше, сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды. Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әлеуметтік-топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы. Толығырақ »