Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Сайлаушылар дауыс беру үрдісі

Сайлаушылар дауыс беру үрдісі туралы қазақша реферат

Демократияны танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет, демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар қатарында:

1. Лауазымды кызметкерлерді сайлау;

2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін сайлаулар;

3. Өз ойын еркін жеткізу; Толығырақ »

Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі

Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның  10-бабы).

Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:

1.  Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2.  Аумақтық сайлау комиссиялары;

3.  Округтік сайлау комиссиялары;

4.  Учаскелік сайлау комиссиялары құрайды. Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі 5 жыл. Толығырақ »

Сайлау жүйелері ұғымы

Сайлау жүйелері ұғымы туралы қазақша реферат

Сайлау жүйесі — заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.

Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады. Толығырақ »

Сайлау құқығы принциптері

Сайлау құқығы принциптері туралы қазақша реферат

Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.

Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды. Толығырақ »

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы туралы қазақша реферат

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды.

Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады. Толығырақ »

Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі

Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі туралы қазақша реферат

Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді нарықты экономика кұру, қазақстандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді. Толығырақ »

Азаматтық заңдардың құрамы

Азаматтық заңдардың құрамы туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары жалпы-республикалық зандар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де зандары мен Қазақстан Республикасы Прези-дентінің заң кұші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулы-ларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабы-ның 1,2-тармақтарында аталғанқатынастарды реттейтін Казак-стан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады. Толығырақ »

Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты

Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты туралы қазақша реферат

Қазақ азаматтық ілімінің мақсатына мән беріп қарасақ, оның орыс азаматтық құқығының жолын тандағанын көреміз және де англо-саксон мен континентальдық (романо-герман) құқық жүйесінің нормаларына сүйену байқалады.

Қазақстан Республикасының саяси құқықтық ағымының азаматтық құқықты нарықты экономикаға бейімдеуге бағытталғаны белгілі. Бұл орайда азаматтық құқықтың қандай болуы керектігіне жауап беруге және қандай талаптар дәрежесінен көрінуі керектігі мәселелері күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, құқықтың қандай идеальды түпнұсқа ретінде алу керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика мүддесі ме, табиғи құқық па, «жөні түзу» құқық әлде ұлттық идеал немесе индивидуализм бе? Бұл сұрақтарға жауап әзір табыла койған жоқ. Толығырақ »

Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі

Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі туралы қазақша реферат

Азаматтық кұқық өзінің бүкіл даму кезендерінде Рим құқығымен тығыз байланыста болды, демек кезінде Қазакстан жерінде тұрған халықтардың азаматтык құкығына да Рим құқығы әсерін тигізбей қойған жоқ. Азаматтық құкық тарихы шын мәнінде бүкіл әлемдік тарихи дамудың, халықтардың өзара байланысының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтың әдет-ғұрып құқық нормаларынан Рим құқығының нормаларына ұқсас келетін тұстардың бар екендігі таңдандырмай коймайды. Толығырақ »

Азаматтық құқық ғылымы

Азаматтық құқық ғылымы туралы қазақша реферат

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық кұқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін катынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтык нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білімнің жиынтығы арқау болады. Толығырақ »