Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Нормативтік құқықтық актілер түсінігі мен түрлері

Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады. Толығырақ »

Құқықтық норманың түсінігі мен мазмұны

Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma — улгі) — Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.

Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы. Толығырақ »

Құқық түсінігі, мемлекет пен құқық арақатынас

Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі  басыда бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Толығырақ »

Жеке мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес жеке қатынас

Азаматтық құқық пәніне мүліктік қатынаспен қатар  мүліктік емес қатынас жатады, жеке мүліктікпен байлынысты мүліктік  емес жеке қатынасты жасайды.  Мүліктік емес жеке қатынастың екі белгісі бар екенін атынан  көруге болады. Біріншіден мүліктік емес жеке қатынас  ар-намыс, қадір-қасиеті, іскерлік бедел сияқты рухани  игіліктер,азамат  есімі, юристтік  жеке тұлға атауы, авторлық шығарма, кәсіптік үлгі, өнертабысы сияқты т.с.атаулардан туындайды.  Толығырақ »

Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Толығырақ »

Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.

Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Толығырақ »

Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау

Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтауда біз өмірлік жоспарлар, өмірлік позициялар, өмір жолы, өмір мағынасы, өмірлік құндылықтарының ерекшелігі және жалпы өмірлік стратегиясы секілді критерилерді анықтауға тырысамыз.

Жалпы адам өмірі, әсіресе индивидуалды жеке өмір өте күрделі құбылыстардың бірі болып табылады. Толығырақ »

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар

Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Толығырақ »

Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау

Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады. Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын мінез-құлқы ретінде қарастырылады. Толығырақ »

«Қылмыс субьектісі» мен «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері

Қылмыстық  құқық  ғылымында  қылмыс  субьектісі  екі  мағынада  түсіндіріледі:   жалпы және  тар,  яғни  бұл  сөздің  арнайы  мағынасында.  Бұл сөздің  жалпы  мағынасында  — ол,  қылмыс  жасаған  адам,  қылмыскер.  Біршама  тар  мағынада,  арнайы  мағынада – қылмыс  субьектісі —  қылмыстық  заңда  бекітілген  қоғамға  қауіпті  іс  әрекетті  қасақана  немесе  абайсызда  жасаған  жағдайда  қылмыстық  жауаптылықты  тартуға  мүмкіндігі   бар  адам.  Аталған  тар  мағынада  « қылмыс  субьектісі»  категориясы  қылмыстық  заң  көзделген  қоғамға  қауіпті  әрекет  жасаған  уақытта  кім  қылмыстық  жауаптылықты  тартады  деген   сұраққа  жауап  береді. Толығырақ »