Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтауда біз өмірлік жоспарлар, өмірлік позициялар, өмір жолы, өмір мағынасы, өмірлік құндылықтарының ерекшелігі және жалпы өмірлік стратегиясы секілді критерилерді анықтауға тырысамыз.

Жалпы адам өмірі, әсіресе индивидуалды жеке өмір өте күрделі құбылыстардың бірі болып табылады. Негізінен адам өмірінің стратегиясы үш негізгі белгіге ие. Біріншісі, адам үшін маңызды бағытты, өмір тәсілдерін, оның негізгі мақсаттарын анықтау және олардың жетістігіне жетудің этаптарын таңдау. Жасөспірімнің қажет ететін ниеттері мен оған өмірдің ұсынатын талаптары көп жағдайда қарама-қайшылықты құрайды. Сондықтан да , өмір стратегиясының екінші белгісі бұл оның өмір мақсаттары мен жоспарларының жүзеге асуы және өмір қайшылықтарының шешілуі болып табылады. Өмір стратегиясының үшінші  белгісі — бұл шығармашылықтан, өз өмірінің құндылықтарының құрылуынан және өз қажеттіліктерін өз өмірімен біріктіруден құралады. Қызығушылықтан, құштарлықтан ,қанағаттанудан тұратын өмір құндылығы — жеке жасөспірімнің өмір стратегиясы, нақты бір өмір тәсілінің жемісі болып табылады. Әр жасөспірімде әр қашанда өзін жеке тұлға ретінде саналауға, өзінің қарама-қайшылықтарын жеңуге және өз өмірін өзгерту үшін өзіндегі күшті табуға мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан да стратегия бұл жасөспірім өмірінің әр түрлі сферасында өзіндік жүзеге асыру тәсілінің әмбебап заңдылығы болып табылады.

Жалпы жасөспірімде өз өміріне қанағаттану жән қанағаттанбаушылық сезімі болады. Бұл сәтті және сәтсіз, яғни дұрыс құрылмаған өмірден туындайтын жалпыланған қыйын сезім. Қанағаттану бұл біздің өмірлік күштеріміздің, өмірлік тұрақтылығымыздың өмірлік иннициативамыздың негізі, берілгендік және дұрыстық сезімі болып табылады.Сонымен қатар қанағаттанбаушылықта бізді өз кезегінде қайта дұрыс жолды таңдауымызға өз өмірімізді толығымен өзгертуімізге қабілетті болып келеді. Жасөспірімнің жеке өмірі әлемге және адамдарға деген қоғамдық және танымдық, эстетикалық және этикалық қатынасын білдреді. Адам өмірін ең алғаш рет психологиялық тұрғыда Ш. Бюлер түсіндірген болатын. Ол жеке адамның өмірі индивидуалды тарих деп атап көрсеткен. Адамның динамикасындағы индивидуалды өмірді жеке адамның өмір жолы деп атаған. Бюлер өмір аспектілерін былайша бөліп көрсеткен. Бірінші аспект сыртқы жағдайлар; екіншісі қайғырулар мен құндылықтар адамның ішкі әлемінің эвалюциясы ретінде қарастырады; үшінші  аспект адамның іс-әрекетінің нәтижесі.

Өмір сүру бейнесі әлеуметтік топтар мен жеке индивидтердің күнделікті өмірлік іс-әрекеттеріндегі осы әлеуметтік жағдайларының дәл қалай өтетіндігін және жүзеге асырылатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Өмір сүру бейнесі – бұл адамның өз мәнін еңбек процессінде, қоғамдық іс-әрекетте, тұрмыс пен бос уақытында қайта өңдеп шығаруының үнемі жұмыс жасайтын «зертханасы» болып табылады.

Өмір сүру бейнесі – бұл ең алдымен сол қоғамның, класстың немесе топтың ішінде объективті қалыптасатын белгілі-бір өмір сүру тәсілі. Бұндай өмір сүру бейнесінің мазмұны мен мағынасы индивидуалды немесе топтық сана мен жүріс-тұрыстың типтікқырларын анықтайды. Өмір сүру бейнесін қоғамдық-саяси іс-әрекет, тұрмыс және бос уақыт сфераларындағы адамдардың қарым-қатынастарының, мінез-құлықтарының және ойлау қырларының ерекшеліктерін сипаттайтын, сақталып қалған, тарихи нақты әлеуметтік қатынастар үшін типтік адамдардың индивидуалды және топтық өмірлік іс-әрекеттерінің формалары ретіндеанықтауға болады.

Л. Пулккинен  пікірі бойынша:«Өмір сүру бейнесі» түсінігі белгілі-бір жағдайлардағы адамдардың өмірін сипаттайтын іс-әрекеттер жүйесі ретінде анықталады. Өмір сүру бейнесі материалдық және материалдық емес жағдайлармен, әлеуметтік қатынастармен, қажеттіліктермен және іс-әрекеттің әр түрлі түрлерімен байланысты күрделі жүйе болып табылады.[21.]

С.Л. Рубинштейн тұлғаға өмірдің субъектісі ретіндегі бағытты қалыптастырды. Ол тұлғаның өмірлік жолын зерттеудегі кеңестік психологияның негізгі әдіснамалық ұстанымдарын қалыптастырды. Оның қалыптастырған өмірлік жолдың субъектісі ретіндегі тұлға тұжырымдамасы тек тұлғаның өмірге тәуелділігін ғана емес, сондай-ақ өмірдің тұлғаға тәуелділігін де қарастырады: өмірлік кезеңдер, оқиғалар, құрылымдары тұлғаға тәуелді ретінде қарастырылады.

С.Л. Рубинштейннің шәкірттері субъектінің өмірлік іс-әрекеттерінің динамикалық және сапалық сипаттамаларын синтездеуді жүзеге асырды, өмірдің кезеңдері мен құрылымдануын субъектінің өзінің белсенділігімен байланыстыра бастады. Олар тұлғаны өмірдің субъектісі ретінде қарастыра отырып, біз тек оның өмірге деген қатынастарын, құндылықтарын, мағыналарын ескеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар олардың өмірдегі іске асу тәсілін, олардың операциялық-практикалық аспектісін де ескереміз деп көрсеткен.

Біз өмірлік жолдың үш құрылымын бөлеміз: өмірлік позиция, өмірлік сызық және өмірдің мағынасы. Тұлғаның белсенділігі оның өзіндік анықталуынан тұратын өмірлік позицияны қалыптастырады, оны уақыт бойынша өмірлік сызық ретінде ұзақ мерзімді жүзеге асырады және өмірдің мағынасының негізінде өмірлік позиция мен өмір сызығын құндылықты анықтайды. Өмірлік позиция – бұл тұлғаның құндылықтарының негізінде өзінің таңдап алған, жалпыланған өмірді жүзеге асыру тәсілі, бұл өмір жағдайларымен өзара әрекеттестіктің негізінде тұлғаның жасаған, оның барлық өмірлік көрінулерінің негізгі детерминанты ретінде шығатын екінші реттік қалыптасу.

Жеке адамның өмір жолы идеясына Ш.Бюлердің соңынан психолог С.Л.Рубинштейннің қосқан үлесі зор. Ол жеке адамның өмір жолын түсіндіруде, жеке адамның өмірге, сонымен қатар  өмірдің жеке адамға тәуелділігін көрсетеді. Жеке тұлға өзінің өмірін қалыптастырады, оның динамикасын реттейді және өзіне керекті бағытты таңдап, оны іске асырады дейді [ 22, 25-30б.].

Өмірдің қарама-қайшылығын және осы қарама-қайшылықты жеңу қажеттілігін түсіну жасөспірім үшін өмірді қиындатады. Жеке тұлғаның белсенділігі өмірдің өту барысын бағыттайды және өмірлік позицияны қалыптастырады. Жалпы, жасөспірім өмірінің динамикасы оның белсенділігіне, өмірді ұйымдастыру қабілетіне және қажетті бағытты таңдауына тәуелді болады. Өмірді ұйымдастырытын және оның қарама-қайшылығын жеңетін, құндылықты қатынасты қалыптастыратын барлық қабілеттерді біз өмірлік позициялар деп атаймыз. Өмірде жеке тұлғаның өзіндік анықталуының оның өмірлік құндылықтар негізінде жалпыланған және жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін тәсілді өмірлік позициялар деп атауға болады.

Өмірлік позиция — бұл жасөспірімнің өз өмірі мен өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Олай болса, өмірлік позиция жеке тұлғаның келесі өмірлік бағыттарын анықтайды. Жалпы, жасөспірімнің өмірлік позициялары бұл оның өмірге деген қатынасының жиынтығы. Өмірлік позиция бұл тек өмірлік қатынастар ғана емес, сонымен қатар, жеке тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретін және қатынастарды ретке келтіретін тәсіл.

Өмірлік позиция — бұл ретке келтіретін өмірлік қатынастардың, құндылықтардың, идеялардың жиынтығы және олардың жүзеге асырылуында қалыптасатын мінез-құлық. Жеке тұлғаның позициясы тұтастылығымен, мақсатты-бағыттылығымен сипатталады. Егер негізгі қатынастар бір-бірімен байланыста болмаса, ал олардың жүзеге асырылу тәсілі олармен сәйкес келмеген жағдайда, мұндай позицияны-тұрақсыз немесе анықталмаған деп, ал жасөспірімді өз-өзіне сенімсіз деп атауға болады. Мұндай жасөспірім өмірлік өзгерістерге, келеңсіз оқиғаларға, өмірлік қиындықтарға дайын болмайды.

Жалпы, өмірлік позициялардың өмірлік жағдайларда жүзеге асырылуын  жасөспірімнің өмір жолы деп атауға болады. Өмір жолы-бұл жасөспірімнің өз өмірінің позициясын жүзеге асырудағы анықталған жүйелілік (немесе жүйесіздік), өзгермелі жағдайда өзіне және өзінің принциптері мен қатынастарына сенушілік дегенді білдіреді. Өмір жолы әр жасөспірімде әртүрлі сипатта болады, мысалы, бір жасөспірімдердің өмір жолы жүйелі, бірізді болады, бұл олардың өмірлік позициясын нығайта түседі; ал екінші біреулерде ол жүйесіз болады; ал үшінші бір жасөспірімдерде, өмір жолы тоқтап қалады, бұл жасөспірім тұлғасын регресске әкеледі.

Жасөспірімнің өмір жолы бұл тек сызықтық қана емес, сонымен қатар, иерархиялық түрде құрылған жүйе, яғни өмірдің үлкен құрылымға ие болуы. Бұл жасөспірімнің  тек болашағын елестетуге ғана емес, сонымен қатар, оның негізгі позициясы қаншалықты құрылымды болғанына да байланысты. Өмір ағымында жасөспірімнің негізгі өмірлік қатынастары өзгеріп отырады. Жасөспірімнің өмір жолын өмірлік жетілу(немесе жетілмеу) анықтайды. Ал өмірлік жетілу «қызығуларға» немқұрайлы қарауда, қарама-қарсылықтарды жеңуде және өз өмір жолын қолдауда көрінеді.

Жасөспірімнің өмірлік қарама-қайшылықтарды шешуге қабілетсіздігі «қашу» және жауапкершілікті басқаға жүктеуден көрінеді. Жеке тұлғаның «қашу» формасы оның өмірлік қиындықтардан қашуға тырысатын симптомын білдіреді. Алғашқы кезде «қашу» формасы жаңа өмірлік позицияларды іздестіруде, өмірлік бағыттар мен өмір жолын өзгертуде жеке тұлғаның белсенділігінің көрінуі ретінде қабылдануы мүмкін, бірақ бұл «қашу» формасы адамдардың алғашқы өмірлерінің жалғасуыүшін, алғашқы ролдерін орындау үшін күштерінің жеткіліксіздігін немесе жоқтығын сипаттайды. Қайшылықтан кетудің екінші феномені-жауапкершілікті жүктеу. Бұл жауапкершіліктен қашу кезінде көрінеді және жасөспірімнің «мен» ролі мен белсенділік ролін төмендетеді.

Өмірлік позициялардың бейімсіздігі жасөспірімнің өзінің өмірге деген көзқарастарын, принциптері мен дағдыларын, қарым-қатынас ортасын т.б. өзгеріссіз сақтауға ұмтылуда көрінеді. Мұндай күй көбінесе жастарда өмірінің қандайда бір жақтарын өзгертуін қаламаудан немесе қиындықтарға бетпе-бет келіп, белсенділік танытуға ұмтылмаудан көрінеді. Жасерекшеліктік қарама-қайшылықтар өмірлік позиция, өмір жолы, өмірлік бағыттылықтың өзгеруімен байланысты қарама-қайшылықтармен шиеленіседі. Тәрбиеленуі қиын жасөспірімдер өмірінің ең қиын кезеңі-бұл колониялық өмір кезеңінен жаңа өмір кезеңіне өту болып табылады. Мұндай жасөспірімдер колонияда қайта тәрбиелеуден өтіп, жаңа өмірге белсенді бейімделуі керек. Бірақ олар жаңа өміріндегі жағымды өмірге, ондағы жұмысына қанағаттанбаушылықпен қарап, өзіне жақын топты іздеуге тырысады. Бұл жағдай мұндай жасөспірімдердің сыртқы қайшылықтары шешілгенімен, ішкі қайшылықтардың шешімін таппағандығын көрсетеді.

Жалпы, жасөспірімдердің өмірлік жоспарларының өзінде де, әртүрлі ерекшеліктер көрінеді: бір жасөспірімдер өз болашағын әлеуметтік жетістіктер сферасында көретін болса, басқалары, өзіндік көрінудің жеке тәсілінде, ал үшіншілері, өз болашағын шығармашылықты түрде көрсетеді. Өмірдің ең маңызды жағы- бұл рухани, мәдени, және өнегелі құндылықтардың құрылуы, таңдалуы және анықталуы болып табылады. Осы құндылықтардың таңдалуы, олардың адам өмірінің принциптеріне айналуы және олардың құрылуындағы күрес өмір стратегиясын, өмірдің негізгі стратегиялық бағытын құруы мүмкін.

Жалпы, өмір мағынасы жасөспірімнің өмірлік концепциясын, өмірінің саналы және жалпыланған принциптерін, оның өмірлік мақсаттарын бейнелейді. Психологияда мағыналылықты- субъект үшін қандайда әрекет,  ішкі жағдай,  мотивацияланған индивидуалды мағына деп атау қабылданған. Жасөспірім қандайда бір әрекет жасағанда оны не үшін жасайтынын түсінеді және саналайды, ал бұл оның мағыналылық сферасын бекітеді. Кең көлемде мағына — бұл құндылық және оны құру процесіндегі адамның сол құндылықты сезінуі.

Өмір мазмұны- іс-әрекет, еңбек және қажеттіліктер болып табылады. Жасөспірім өз өмірінде осы қажеттіліктерді нақты түрде біріктіреді және олардың қанағаттануының тәсілін бөліп шығарады. Осылайша, жасөспірім өмірінің мағынасы қалыптасады. Өмір мағынасы бір жағынан жасөспірімнің талаптануын, оның ұмтылыстары мен қажеттіліктерін білдірсе, екінші жағынан, оның шынайы жетістіктерінің, өмір формаларында өзін көрсету қабілеттілігінің жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан да, өмір мағынасы бұл тек жасөспірімнің болашағы ғана емес, сонымен қатар, оның жетістіктерге өз күшімен жету бағасы болып есептеледі.


Тағы рефераттар