Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Қылмыскер тұлғасының құрылымы және қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтік және биологиялықтың арақатынасы

Криминология ғылымында қылмыскер тұлғасының негізгі құрылымдық элементтері жеткілікті дәрежеде айқын көрініс тапқан.  Қылмыскер тұлғасының құрылымын жалпы алғанда қылмыскердің келесі анықтаушы сипаттық белгілер мен қасиеттер қамтылады: әлеуметтік – демографиялық, әлеуметтік — өнегелік,  әлеуметтік – рольдік, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік —  құқықтық белгілер.  Аталған белгілер әртүрлі авторларда: Ю.М.Антонян, П.С.Дагель, А.Б.Сахаров, Б.С.Волков және т.б. әрқалай кездеседі. Толығырақ »

Қылмыскердің тұлғасы: түсінігі, қылмыскерлер тұлғасының жалпы сипаттамасы

    Қылмыскер тұлғасы,оның түсінігі,құрлымы, қылмыс жасаған адамның әлеуметтік мәнін білдіретін қазіргі криминология мәселелерінің бірі ретінде жетекші құқықтанушылардың басым көпшілігімен негізделген түрде қарастырылуда.

Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады.Бұл мәселенің маңыздылығы ең алдымен қылмыс адам қылығының әрекеті және әрі нақты адамның еркін білдіруі ретінде, оның өзіндік сипатының және ерекшелігінің мәндік жағынан шығады. Толығырақ »

Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы

Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы. Толығырақ »

Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды. Толығырақ »

Қылмыстардың көптігінің түсінігі

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Толығырақ »

Қылмыстық құқық

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері — әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.  Толығырақ »

Құқықтық идеология

Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді. Толығырақ »

Құқықтық психология

Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін. Толығырақ »

Құқықтық сана, жалпы түсінігі,міндеттері

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. Толығырақ »

Құқық функциясы

Құқық функциясы – бұл құқықтың әлеуметтік міндет ретінде өмір сүру қажеттілігін тудыратын қоғамдық қатынастарға құқықтық  ықпалды жүзеге асырудың бағыты. Бұл мағынада құқық функциясы құқықтың қажетті, яғни, қоғамның олсыз осы даму сатысында өмір сүре алмайтын (қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін бекіту, реттеу және қорғау) ықпалының бағытын сипаттайды. Толығырақ »