Құқық функциясы – бұл құқықтың әлеуметтік міндет ретінде өмір сүру қажеттілігін тудыратын қоғамдық қатынастарға құқықтық  ықпалды жүзеге асырудың бағыты. Бұл мағынада құқық функциясы құқықтың қажетті, яғни, қоғамның олсыз осы даму сатысында өмір сүре алмайтын (қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін бекіту, реттеу және қорғау) ықпалының бағытын сипаттайды.

Құқық функциясы құқықтың аса бір елеулі және басты жақтарын бейнелейді және құқықтың алдында, оның қазіргі даму сатысында тұрған түпкілікті міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Құқық функциясы, әдеттегідей, қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін тәртіпке салатын құқықтың белсенді әрекетінің бағытын өкілдік етеді. Сондықтан құқық функциясының ең басты нышаны болып динамизм табылады.

Бірқалыптылық фнкцияның қажетті нышаны ретінде оның қызметінің тұрақтылығын,үздіксіздігін және оның жұмысының ұзақтылығын сипаттайды. Құқық функциясының бірқалыпты мінезі туралы оның әрқашанда құқыққа тиісті екендігін айтуға болады. Бірақ ол дегеніміз тәжірибе қажеттіліктеріне сәйкес өзгеретін және дамитын механизм және оның жүзеге асырылу формалары өзгеріссіз қалатынын білдірмейді.

«Құқық функциясы» түсінігі құқықтың міндетін де және содан пайда болатын құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы бағыттарын да бір мезгілде қамтуы керек. Сондықтан да құқықтың қандай да бір функциясының құрамын алып қарағанда, құқықтың міндеті мен оның ықпалының бағыттары арасындағы байланысты әрқашан көкейде ұстаған жөн.

Тегінде, құқық функциясы – бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?

Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын  бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы (қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.Қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, олардың жүйелілігі және динамизмі қоғамның дамуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары болып табылады. Сондықтан құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, реттеу, оларға тиісті орнықтылық беру және азаматтардың құқықтарын іске асыру мен жалпы азаматтық қоғамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.

Құқықтық ықпал – бұл қоғамдық қатынастарға құқық ықпалының жолдары, тәсілдері мен түрлерін сипаттайтын санат.[21;25 бет]

Бұл қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру.

Ықпалдың бағыты – құқық функциясының аса бір елеулі құраушысы, ол қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне өзіндік бір жауап, сонымен қатар осы қажеттіліктерді жинақтайтын және оларды позитивті құқыққа айналдыратын заң шығару саясатының нәтижесі болып табылады. «Құқық функциясы» түсінігін талқылағанда, «құқықтық ықпал» мен «құқықтық реттеу» сияқты санаттардың қатынасына да назар аударған жөн.

Мемлекеттік басқару жүйесінде билердің мынандай кейбір айрықша құқықтары болды: «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкес олар өзіне бағынышты ру – тайпа шегінде әкімшілік билік жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асырып, соған байланысты ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін терең білуге тиісті болды. Билер ру-тайпаның басшысы болғандықтан, әкімшілік қызметті де қоса атқарды, өз қауымының тәртіп, талабына жауапты болды.

Заңгерлік – ежелгі қазақ билеріне тән басты қасиет.  Ел арасындағы даулар билер талқысына салынғанында екі жақтың билерінің бірі – айыптаушы (прокурор), екіншісі – ақтаушы (адвокат) болады және бір би – төрелік айтар төбе би болып тағайындалып, айтыс-тартысты шешуге үш би қатысады. Сол себепті билерді бәріне ортақ атаумен заңгер дегеніміз дұрыс. Себебі, билер айыптауда, ақтауда, төрелік айтуда Заңды білуге тиісті ғой.

Тегінде, құқық функциясы – бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?

Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын  бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы(қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.

Қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, олардың жүйелілігі және динамизмі қоғамның дамуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары болып табылады. Сондықтан құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, реттеу, оларға тиісті орнықтылық беру және азаматтардың құқықтарын іске асыру мен жалпы азаматтық қоғамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.

Қорытындыда мынадай түйіндемелер келтіргім келеді:

1.Құқық функциясы ретінде не құқықтың әлеуметтік міндеті, не құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы, не олардың біріккен жиынтығы саналады.

2.Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен қалыптасады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес белгілі бір қатынастарды бекіту, реттеу мен қадағалауға бағытталған жаңа заңдар қалыптасады.

Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды реттеу мен қадағалаудан, оларға тиісті тұрақтылық беруден, азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруға және жалпы, қоғамның қалыпты тіршілік етуіне арналған қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.

3.Құқықтық ықпал – бұл қоғамдық қатынастарға құқық ықпалының жолдары, тәсілдері мен түрлерін сипаттайтын санат. Бұл қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру.

4.Ықпалдың бағыты – құқық функциясының аса бір елеулі құраушысы, ол қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне өзіндік бір жауап, сонымен қатар осы қажеттіліктерді жинақтайтын және оларды позитивті құқыққа айналдыратын заң шығару саясатының нәтижесі болып табылады.

5.Осылайша, құқықтың функциясы – бұл оның имманенттік, спецификалық қасиеттерінің бейнеленуі. Функцияда әлеуметтік феномен ретіндегі сапалы дербестіктенпайда болатын құқықтың мынадай қасиеттерді жинақтайды:

Құқықтың функциясы оның болмысынан пайда болады және құқықтың қоғамдағы міндетімен анықталады. Функциялар – бұл құқық болмысының қоғамдық қатынастардағы ағартушылығы. Сонымен қатар болмыстың иманентті қасиеттерінің бейнесі бола тұра, функциялар оған апармайды және олардың қарапайым «жобасы» болып табылмайды. Құқықтың болмысы мен функцияларды механикалық түрде байланыстыруға болмайды. Қалай бейне әрқашанда болмыстан тәуелсіз болса, солай  құқықтың функциясы да оның болмысынан белгілі бір дәрежеде тәуелсіз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

  1. Енгибарян Р.В., Краснов Ю.К. Теория государства и права: Учебное пособие. –М.: Юрист, 1999. -272 с.
  2. Комаров С.А., Малько А.В. Теория государства и права. Учебник. -М.: Норма, 1999. -448 с.
  3. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права: Хрестоматия: В 2-х т. Т.1. 620 с.
  4. Малько А.В., Матузов Н, Теория государства и права: Курс лекций. М.: Юрист — 2001, 672 стр.
  5.  Марченко М.Н. Проблемы теории государства и права. Учебник. — М.: Проспект, 2001. — 760 с.
  6. Радько Т. Н. Методологические вопросы правоведения. Саратов. «Наука», 1998, — 312 с.
  7. Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Учебник. — М.: Юрайт 2001. 432 с.
  8.  А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин «Құқықтану», Алматы, 2006 жыл       25 бет
  9. Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері», Алматы, 2003 жыл  -80 бет
  10. Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану», 2007 жыл  -66 бет

11. Жоламан Қ.Д. <Мемлекет және құқық теориясы>  -225 бет

12. Копабаев О., Озбекулы С. : Мемлекет жане кукык теориясы -552 бет

13. Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құқралы. Алматы, 1997жылы. 23 бет

14. Жамбылова Р. Заң терминдерінің қазақша-орысша, орыша-қазақша анықтамалық сөздігі. Алматы, 2001 жыл 88 бет

15. Сапаргалиев Ғ,Заң  терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы. 1997 жылы     56 бет Пожалуйста, опишите:

16.Жоламан Қ.Д. Мемлекет және  құқық теориясы, Алматы, 2005. 84 бет

17.Ибраева А.И. Мемлекет және  құқық теориясы, Алматы, 1997. 17 бет

18.Батыр А.П. Всеобщая история государства и права. Москва, 1998г. 55 бет

19.Марченко М.М. Теория государства и права М., 1998. 98 бет

20.Общая теория государства и права. М., 1998. 22 бет

21.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Т12. Алматы: “Жеті Жарғы”,2003. 25 бет

22.Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. С21. “Фолиант” баспасы, Астана-2007. 125 бет

23. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. О-78., Алматы “Жеті Жарғы”,2010. 101 бет
Тағы рефераттар