‘Құрылыс’ бөлімінің мұрағаты
Тұрғын үй көмегіне кімнің құқығы бар?
Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша:
ü жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға; Толығырақ »
Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі
ПИК-тің атқарып жатқан шаралары өте көп. Ең басты міндеті – үйді ұстау бойынша барлық мәселелерді шешеді: жайластыру, жабдықтау, бір реттік және қайталанатын жөндеу, баспана, өжіре, шатырдың асты, инженерлік коммуникациялар күтімі, техқамтамасыз ету, аймақ тазалығы. Егер баспана немесе құбыр жарылып су ақса, онда ПИК–ке шағымданыңыз. Толығырақ »
Коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды қалай үнемдеуге болады?
Әлемдік дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар табысының азайып қалғанын сезінді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз. Жан-жағыңызға қараңыз да, неге үнемдеуге болатынын елестетіңіз. Батыс елдері тіпті ең қажетті деген заттардың өзіне үнемдеуді үйренді. Толығырақ »
Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?
Қысқы суық күндерде үйде жылу мен жайлылық жетіспейді. Жылу сақтаудың ең қарапайым жолы — терезе, қабырға, еден мен есікті жылыту.
Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығып, қалыңдығы 4-5 см. мақталық қағаз жабыстыру керек. Ол үшін ескі ақ жайма жарайды. Кесілген жолақтарды сулатып, кір сабын жағу керек. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орамаға орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады. Толығырақ »
Пәтерді қайта жобалау үшін не істеу керек?
Осы күнде ешбір толыққанды жөндеу жұмыстары қайта жобалаусыз жүзеге аспайды. Адамдар әдетте өз тұрақтарын өз талғамдарына, әдеттеріне және жайлылық туралы түсініктеріне байланысты «бейімдейді». Сол себепті артық қабырғаны алып тастау, бөлмелердің кескінін өзгерту, дыбыстық оқшаулануды арттыру, еден төсемдерін өзгертіп, оған жылы еден орнату, лоджияға терезе салу және сол сияқты көптеген қажеттіліктер туындайды. Алайда бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әр түрлі қажетті орындардан сәйкес рұқсаттар алу қажет.
Қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін сіз мемлекеттік өкілеттілігі бар сәулет, құрылыс және қала құрылысы органдарына өтініш тастауыңыз қажет. Толығырақ »
Тұрғын үйдің техникалық жағдайын қалай тексеруге болады?
Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді. Толығырақ »
Тұрғын үй саламын десеңіз…
Біздің әрбіріміз өзіміздің жеке үйіміз болса деп армандаймыз. Әрине, көп қабатты үйдің кіре берісіндегі ұсақ-түйек мәселелер, есік алдындағы жастардың түні бойғы даңғаза шуы, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары мен болмашыға бола есігіңді қағып тұратын қытымыр көршілердің әрекетінен талайымызды бұл ой сан рет шаршатқан да болар. Толығырақ »
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы қалай тұрғын үйді алуға болады?
Қазіргі уақытта жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры) іске асыруда.
Жылжымайтын мүлік қоры жалдау және кейін сатып алатын жалдау талаптарында тұрғын жай береді. Бұл нені білдіреді? Толығырақ »
Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?
Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алуға құқығы бар басымдыққа ие адамдар санатына: балалары бар (29 жасқа толмаған) жас отбасылар; мемлекеттік қызметшілер; мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері; мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады. Толығырақ »
ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСІ
ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСІ туралы қазақша реферат
Бұл материалдардың кеңінен қолданылуы арзандығына негізделген. Битумдарды қолданудың бірнеше әдістері бар:
-битумды барынша қозғалымдылығына дейін қыздыру (150…2000С), битумды ыстық кезінде микро- және макротолтырғыштарға жағу және сіндіру; жабындарды сіндіру алдында шаңнан тазалайды және БН 50/50 немесе БН 70/30 маркадағы 90….950С дейін қыздырылған битумы бар Толығырақ »