Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Қазақ халқының музыкалық этнографиясы мен фольклорын зерттеушілер

Қазақ халқының музыкалық фолъклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е.Аллекторов,А.Э.Бимбоэс,Г.И.Гизлер,Ә.А.Диваев, И.Д.Добровольский, А.И.Левшин,П.С.Паллас,РА.Пфенниг,В.В.Радлов,С.Г.Рыбаков,Н.Ф.Савичев, Ш.Уәлиханов, АФ.Эйхгорн, т.б. атауға болады Толығырақ »

Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары

Фолъклор дегеніміз не? Оның музыкалық үлгілері несімен дараланады? Қандай белгілері мен сипаттары болады? — деген мәселелер арнайы қарастыруды қажет етеді. Осы кезге дейін бізде қазақ халқының музыкалық фольклоры мен музыка тарихының аражігі ашылмай келеді. Бұлар бір тарихи-мәдени құбылыстың екі түрлі кезеңі. Танымдык табиғатына келгенде оларды қосақтауға болмайды, екеуі екі түрлі танымдық категориялар аясында қарастырылуға тиіс. Себебі олардың бірі — ұжымдык, екіншісі — авторлық сананын жемісі. Жеке санаға көркем құбылыс тән болса, ұжымдык сананың этникалық сипаты басым. Толығырақ »

Музыкалық этнография және фольклор ұғымдары

Қазақ халқының ежелден келе жаткан рухани-мәдени мұраларының бірі — фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор- сөз өнері, халық даналығы ретінде керсетілген. Сонымен қатар фольклор — ел естілігі, оның сннкреттік сипаты да айкын. Осы тұрғыдан келгенде фольклор — ауыз өдебиеті мен музыка өнерінің біртүтастығына негізделген ерекше бір сала. Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, фольклортанудың өнертану ғылымымен салаластығын да саралаған. Толығырақ »

Х-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Ілкі дәуірдегі түркілер тасқа қашалып түсірілген ойма жа­зумен бірге соғда, ұйғыр, брахми, манихей, тибет делінетін әр түрлі жазу үл­гі­ле­рін пайдаланып, кейіннен біржола араб әліпбиіне көшкені мәлім. Осы жазба үл­гі­лері негізінде жасап қалдырған түркілік жазба мұраларында олардың талайғы та­рихы айқын өрнектеліп сақталған. Ал, бұл деректер олардың иірімі мол мың­да­ған­ оқиғаларға толы ғұмырының көркем бейнесі болып табылатын жазба мұ­ра­сы­, яғни рухани тарихы да күрделі болғандығын, өздеріне лайық, дербес, жоғары өр­кениетті деңгейін көрсететін мәдениет үлгілері жеткілікті дәрежеде болған­ды­ғын­ паш етеді. Толығырақ »

Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін зерттеудегі шетелдік тәжірибе

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатын жүзеге асырумен және мемлекеттің атынан тұрғын халық арасында негізгі экономикалық, әлеуметтік және саясаи бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты қызметтің өзгеше бір түрі. Мемлекеттік қызметтің алғашқы көріністері мемлекет енді қана қалыптасқан кезде бастау алады. Атап айтқанда, б.ғ. дейінгі ХХ ғ. Ежелгі Шумерде мемлекеттік аппаратқа қарсы баытталған алғаш көтеріліс өткен, сол кезде екі палаталық парламент пен мемлекеттік қызметтің тикалық ережелері де бастау алған. Толығырақ »

Төзімділік мәселесін теориялық-әдіснамалық талдау

Әр істе табысқа кенелу төзімділік пен баяндылыққа байланысты болып келеді және төзім болмаса, табыс пен жеңіс қолға оңай түспейді. Ғылым мен білім жолында және табиғаттың құпияларын ашу үшін қажырлы еңбек етіп, қиындықтарға төзген данышпандар аз емес. Олар сол еңбегінің арқасында жоғары ғылыми дәрежелерге қол жеткізген. Сондай-ақ өзінің ұстамдылығы мен еңбек етуінің арқасында жағымсыз әдеттер мен сипаттар орнын игі сипаттармен ауыстырған адамдар да кездеседі. Мұндай кісілер нәпсі құмарлар мен азғындыққа бастайтын әулекі алдында төзімді болып, мықты және құнды адамдарға айналған. Толығырақ »

Аспазшылық сабақтары кезінде сақталатын қауіпсіздік және тазалық ережелері

Жұмыс кезінде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жұмыс барысында олар кесетін, қажайтын, тұрмыстық  техника    құралдарын пайдаланады (пышақ, қырғыш (терка), еттартқыш, пештің түрлері, тоңазытқыш, т.б.). Ас әзірлеуде  олар тағамдарды  өңдеп, арнайы құралдарды қолданып жұмыс істейді.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге және практикалық жұмыс кезінде саусақтарға арналған жаттығулар жасалады. Толығырақ »

Ас – адамның арқауы

Тамақтану мәдениеті  дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады. Толығырақ »

Рейтинг

Ағылшын тілінен аударылғанда бағалау, тәртіп, жүйелеу деген мағынаны білдіреді. Бұл термин дайындалған сызба үлгісінде кез келген бір құбылыстың субъективті бағасын белгілейді. Рейтингтің көмегімен әлеуметтік-психологиялық нысандардың, оларға тән жалпы қасиеттерін айқындау дәрежесі бойынша, алғашқы жіктелімі жүзеге асырылады. Толығырақ »

Ғаламдық мәселе

Ғаламдық мәселенің шешімі күнделікті өмір қажеттілігінен шығатын жеке тұлғаның қадір — қасиетінің сенімділігімен тығыз байланысты.  Кез келген мемлекеттің қажетті атрибуты — оларды қамтамасыз ету. Мүліктік емес жеке құқықтар  бойынша сұрақтар өзекті және маңызды сұрақтар болып келеді. Толығырақ »