Ағылшын тілінен аударылғанда бағалау, тәртіп, жүйелеу деген мағынаны білдіреді. Бұл термин дайындалған сызба үлгісінде кез келген бір құбылыстың субъективті бағасын белгілейді. Рейтингтің көмегімен әлеуметтік-психологиялық нысандардың, оларға тән жалпы қасиеттерін айқындау дәрежесі бойынша, алғашқы жіктелімі жүзеге асырылады. Әлеуметтік ғылымдарда рейтинг бағаның көпқырлы сызбасын құруда негізгі қызмет атқарады. Осы арқылы алынған деректер, көбінесе реттік сызба ерекшелігіне ие болады.

Рейтингті қолдану аумағы, әсіресе педагогикалық зерттеулерде өте кең. Педагогикалық дағды мен шеберлігін белгілеу, сонымен бірге оларды деректеу, киноға түсіру,  рәсімдеу арқылы бейнелеу өте қиын. Рейтинг бұл жағдайда ұстаз қызметінің құрылымын бейнелеуге, бұл бейнелеуді бағалау сызбасымен толықтыруға және ғылыми сипаттама алуға мүмкіндік береді.

Рейтингтің тағы бір қасиеті оны жүргізетін, бақылаушы болып арнайы психологиялық дайындығы жоқ бірақ бірге олар жұмыс істейтін адамдар туралы білетін тұлғалар қатысады. Егер ол істі білумен дайындалған, ойластырылған және жеке тұлға қасиеті мен басқа адам қызметін түсінуге көмектессе, ең соңында бағалау үрдісін лауазымды төрешілер қызығушылығын тудырады.

Рейтингтің басты кемшіліктерін біз оны қолдана отыра, білікті төрешілердің субъективті көзқарасы негізіндегі қорытынды шығарудан көреміз. Алайда, біздің бақылауымыз да зерттеуші ретінде субъективтіліктен айырылмағанын ескерген жөн.
Тағы рефераттар