Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Маркетинг, Менеджмент, Лизинг’ бөлімінің мұрағаты

Менеджменттің мәні

Менеджменттің мәні туралы қазақша реферат

     Менеджмент  кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың  стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың  тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды  тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте  басты нәрсе кез келген адамдық  қарым-қатнастарға жарайтын баршаға  ортақ басқару принциптерін іс жүзінде  бөлу, анықтау және қолдану болып  табылады. Толығырақ »

Басқарудың төрт функциясы

Басқарудың төрт функциясы туралы қазақша реферат

Басқарудың төрт функциясы – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау – екі жалпы сипаттамасы бар: олардың барлығы шешім қабылдауды талап етеді және ақпарат алмасу үшін барлығына коммуникация (байланыс) қажет, себебі дұрыс шешім қабылдауға және ұйымның барлық мүшелеріне осы шешімнің түсініктілігін жеткзу үшін. Сондықтан осы екі сипаттама жоғарыда аталған барлық төрт функцияларды байланыстырып олардың өзара тәуелділігін қамтамасыз етеді және шешім қабылдау мен байланысты өзара байланыстырушы процестер деп жиі атайды. Толығырақ »

Бақылау басқару функциясы ретінде

Бақылау басқару функциясы ретінде туралы қазақша реферат

Бақылаудың мәні және негізгі принциптері. Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.

Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр. Американдық басқару әдебиетінде әкімшілік (немесе оперативті, тактикалық) және басқарушылық (немесе жалпы, стратегиялық) бақылау деп ажыратылады. Егер әкімшілік бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана беретін және автоматизациялануға оңай көнетін болса, басқарушылық бақылау мақсаттарға жету барысында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған және шешім қабылдау мен саясатты жасаудың инструменті болып саналады. Толығырақ »

Ынталандыру басқару функциясы ретінде

Ынталандыру басқару функциясы ретінде туралы қазақша реферат

            Ынталандыру қажеттілгі. Менеджер үшін ынталандыру қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы қойылған сұраққа жауап оң болса, өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған жағдайда өндіріс іркіледі. Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі — өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, бірақ еңбек бірлігінің құндылығын үнемдеуге әрбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру арқылы жетуге болады.

Мұны жүзеге асырудың көптеген жолы бар. Бірақ, оның ішіндегі ең жақсысы — еңбек өнімділігін өсіру стимулы (ынтасы) ретінде материалдық мадақтауды пайдалану. Толығырақ »

Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде

Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде туралы қазақша реферат

Ерте ме, кеш пе қандай болмасын ұйым басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топтық әрекеттесудің артықшылықтарын түсінгеннен бері бұл мәселені шешуге әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі бір теориялық негіздерге сүйенулері қажет.

Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл -процесс  көмегімен  жұмыстар  мен  өкілеттіктер  ұғылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі құрылымдардың салыстырмалы  артықшылықтарын  бағалай  отырып  шешім қабылданады. Ол «бір ретті» немесе «бірте-бірте дамуы» мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін. Толығырақ »

Жоспарлау функциясы

Жоспарлау функциясы туралы қазақша реферат

Ол ұйым мақсатының қандай болуы және оның мүшелері осы мақсаттарға қол жеткізу үшін не істеу қажеттігі жөніндегі шешімдерге келуді көздейді. Шынтуайтқа келгенде бүгінгі күні ертеңгі күні не болатынын ойластырып, оған алдын ала қамдану және ол күні қалай әрекет ету деген сөз.

Жоспар ұйымның келешектегі жағдайының күрделі әлеуметтік-экономикалық моделі іспетті. Жоспарлау барысының сатылары негізінен универсалды. Ал нақты әдістер мен стратегиялар жайында сөз өрбітер болсақ олардың ерекшеліктері ұлғая түседі. Әдетте ұйым жалпыға ортақ жоспар жасайды, бірақ оның шеңберінде жекелеген кәсіпкерлер нақты мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін әртүрлі әдістер қолданады. Осылайша нақты бір кезең үшін ұйым жүріп өтетін жолдың картасы жасалынады.

Үш жоспар да жалпы жүйені құрайды сөйтіп ол жалпы жоспар немесе ұйымның бизнес-жоспары деп аталады.

Ұзақ мерзімді жоспарлаудағы шешімдердің мақсаты — өндірістің календарлық бағдарламаларын жасау және өндірістің орындалуын бақылау, товарлы-материалды запастарды басқару, тұтынушыларға ұсынылған несиені кең тарату.

Қысқа мерзімді жоспарлау әдетте жуықтары бірнеше аптаны қамтиды, ал оперативті — күнделікті ұйым жұмысын анықтайды. Іс-қимылды тәптіштеп реттеу, жұмыстың бастау мен аяқтау мерзімін, жаңа заказ болған жағдайда жұмыс орындалу ретін өзгерту, пайда болған дауларды шешу және т.б. қысқа мерзімді жоспарлаудың функциялары болып танылады. Даулар сәтті шешілсе шығарылатын өнім көлемінің үнемділігі, ресурстардың шектілігі, орнатылған мерзімдер, жұмыс күшіне сұраным, өндірістік қуаттарды қолдану арасында келісімге келуге болады.

Жоспарлау процесі тиімді болу үшін ол үзіліссіз болуы тиіс, өйткені барлық салаларда болатын өзгерістердің қарқыны өсіп кетті. Сондықтан жоспарлар үнемі қайта қаралып тұруы керек. Белгілі бір кезеңнен кейін (әдетте 1 жыл) перспективалық жоспар қайта қаралып, белгіленген мерзімге ұзартылады.

Жоспарлаудың үзіліссіздігі және икемділігі, жоспардың орындалу фазасы оның жобалану фазасының тікелей жалғасы деп қарастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Теория жоспардың орындалу мәселесін шешу үшін бір қатар тиімді ұйымдастырушылық әдістерді ұсынуда. Олардың бірі болып мақсат бойынша басқару әдісін атауға болады. Бұл әдіс бойынша ұйымның ресми перспективалық жоспарымен сабақтасып әр менеджердің жеке жоспарларын жасау арқылы жоспарлаудың үзіліссіздігі мен икемдігін қамтамасыз етеді. Басқарушы мен оның қол астындағы қызметкерлердің жоспарларын үйлестіретін процедураларды тиісті түрде ұйымдастырылса ықылас, ынта өсіп, «ой туу» интенсивтілігі елеулі жоғарылайды. Мұнда әрдайым жоғары басшылар жағынан мұқият бақылауды және жеке жоспарларды үнемі қайта қарауды және уақытында орындалуды талап етеді.

Бұл процедуралар арнайы, болашақка бейімделген кадрлар біліктілігін жоғарылату мен оларды тиімді қолдану бағдарламасымен толықтырылады. Мұндай «мақсаттарды орындау» процедуралары және қызметкерлердің «мотивациялау» бағдарламалары жоспарды жақсартуына және оның тиімді орындалуына өз себебін тигізеді

Қорытынды және ұсыныстар

Қорытынды және ұсыныстар туралы қазақша реферат

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды   ұсыну табылады.

Маркетинг-қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға   бағытталған   мақсат. Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген  сұранысын, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлі өте зор. Қазақстанда отандық кәсіпкерлер маркетингті және маркетингтік зерттеуді әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ. Толығырақ »

«Нұржанар» АҚ сыра зауытының қазіргі кездегі жағдайы

 «Нұржанар» АҚ сыра зауытының қазіргі кездегі жағдайы туралы қазақша реферат

Ашық Акционерлік қоғам Нұржанар Орал қаласының сыра нарығында 17 жылдан астам уақыт белгілі. Олай болса, сыра зауыты 1993 жылы құрылған. Сыра зауыты жоғары сапалы сыраны ескі дәстүрлермен шығаруда әйгілі болғандықтан сыра саласының ең ескі кәсіпорындардың бірі болып табылады. 1995 жылға дейін сыра зауыты «Сусындар» бірлестігінің құрамында болып келген. Қазіргі таңда жеке кәсіпорын ретінде жұмыс атқаруда. Зауыт үшін ең үлкен жетістік болып американды-технологиялық жаңа қайнату пештерін цехтарға ендіру табылады. Ал бұл жоғары сапалы өнім алуға және өнім құрамындағы темірді болдырмауға мүмкіндік беруі өнімді жаңа технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Толығырақ »

Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау

Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау туралы қазақша реферат

Өлшеу дегеніміз – зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талғам, әдет, т.б) қарағанда, объективті қасиеттерді (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл  қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір сан жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Адамдардың белгілі бір тауарға қатынасын қалай өлшеуге болады? Өлшем шкалаларының мынадай түрлері бар:

1.  Номиналды   шкала.    Объектілерді   айқындау   үшін оларға сандық мән беріледі (мысалы, әлеуметтік сақтандыру коды). Зерттеулер жүргізгенде ерлерге — 1, ал әйелдерге – 2 деген код берілуі мүмкін. Толығырақ »

Сауалнама құрастыру және пікір сұрақ жүргізу әдістемесі

Сауалнама құрастыру және пікір сұрақ жүргізу әдістемесі туралы қазақша реферат

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек. Толығырақ »