Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Маркетинг, Менеджмент, Лизинг’ бөлімінің мұрағаты

Маркетингтік зерттеулердің мәні

Маркетингтік зерттеулердің мәні туралы қазақша реферат

Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.

Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.

Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету. Толығырақ »

ЖАРНАМА – ТАУАР ЖЫЛЖЫТУ ҚҰРАЛЫ, ӨТКІЗУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

ЖАРНАМА – ТАУАР ЖЫЛЖЫТУ ҚҰРАЛЫ, ӨТКІЗУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ туралы қазақша реферат          

Жарнама туралы сөз жазба тарихының алғашқы құжаттарында-ақ кездеседі. Жерорта теңізі мемлекеттері территориясындағы қазбалар кезінде археологтар әр түрлі оқиғалар мен ұсыныстар туралы маңдайшадағы жазулар тапқан болатын. Римдіктер қабырғаларда гладиаторлық жарыстар жайлы хабарландырулар, ал финикиндіктер өз тауарларын көтеру мақсатында жүрген жолдарындағы жартөбелерде суреттер салып кететін. Осының барлығы да қазіргі сыртқы жарнама мысалдары. Помпейдағы қабырғадағы жазбалардың бірі саясат қызметкерін мадақтап, тұрғындарды оған дауыс беруге шақырады.       Толығырақ »

Маркетингтіктегі коммуникациялық саясат түсінігі мен түрлері, процесі

Маркетингтіктегі коммуникациялық саясат түсінігі мен түрлері, процесі туралы қазақша реферат

Маркетингтіктегі коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының “тауарды жылжыту” деген синонимі жиі кездеседі. Толығырақ »

Маркетинг

Маркетинг туралы қазақша реферат

Маркетинг — шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет. Толығырақ »

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау туралы қазақша реферат

«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын.

Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. Толығырақ »

Бағаның компанияда алар орны

Бағаның компанияда алар орны туралы қазақша реферат

Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

  • Есептік өлшемдік;
  • Қайтаүлестіру;
  • Ынталандыру;
  • Баланыстық / теңестіру;
  • Өндірісті орналастыру. Толығырақ »

Тауар және оның қасиеті

Тауар және оның қасиеті туралы қазақша реферат

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.                                                                   Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру, баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру. Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу нәтижесінде, байқалған кемшіліктер түзетіледі. Толығырақ »

Маккартнидің ғылымға қосқан еңбегі мен «4р» жұмысының түсінігі

Маккартнидің ғылымға қосқан еңбегі мен «4р» жұмысының түсінігі туралы қазақша реферат

Маркетинг кешені 4 құрылымдық компоненттен тұрады:

1. Тауар.

2. Баға.

3. Тарату әдістері.

4. Ынталантыру әдістері Толығырақ »

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі туралы қазақша реферат

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі бір ғасырдан асты. Ол ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропа елдерінде пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылыми тұрғыдан негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады. Толығырақ »

Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыр

Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыр туралы қазақша реферат

Маркетингті басқару бұл табыс табу,  күтпеген   кездейсоқ  өрістер бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін, мақсатты сатып алушылармен пайдалы  алмастыруды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын жолдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.

Маркетингті басқару жүйесінің құрылымы функционалдық немесе георафиялық  принципке, шығарылатын тауарлар немесе игерілмек нарықтар түріне, тауарлы-нарықтық жобаға және басқа әдістерге сәйкестене қалыптастырылады.. Толығырақ »