Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мемлекет’ бөлімінің мұрағаты

Мемлекеттік билікті бөлу

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ туралы қазақша реферат

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты. Толығырақ »

Мемлекеттік билік түсінігі

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ туралы қазақша реферат

Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.

Билік бұл — бір  жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл «басқару-орындау» қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б). Толығырақ »

Билік жалпы әлеуметтік категория

БИЛІК ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯ туралы қазақша реферат

Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып алуымыз қажет.

Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады. Толығырақ »

Мемлекет

Мемлекет туралы қазақша реферат

Мемлекеттің қоғамнан және басқа  да қоғамдық  ұйымдардан айырмасын  білуге  көмектесетін,  өзіне тән белгілері болады.

Біріншіден,   мемлекеттің тұтас аумағы  болады,  онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси  өктемдігі   жүреді.  Сол аумақта  өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына  айналады.  Қандай мемлекет  болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін  көп жағдайларды ұйымдастырады және  шешеді. Толығырақ »

Мемлекет механизмі

Мемлекет механизмі туралы қазақша реферат

Мемлекет тетігі — мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.

Заң ғылымында «мемлекет тетігі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік  берілген оргаңдарды жатқызады, ал «мемлекет тетігі» түсінігіне мемлекеттік аппараттың «материалдық қосылымдары» кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады. Толығырақ »

Мемлекетті Басқару нысаны

Мемлекетті Басқару нысаны туралы қазақша реферат

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды  элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Толығырақ »

Мемлекет функциялары

Мемлекет функциялары туралы қазақша реферат

Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте,  өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына  белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет фунциясын құрады. Оның астарынан  мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын  түсіну қабылданған,  онда өзіне қажетті қарым – қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған  мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Толығырақ »

Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты

Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы қазақша реферат

Мемлекеттің әлеуметтік  мақсаты  туралы  мәселе мемлекеттің мәні туралы  мәселеге  тікелей келіп тіреледі.  Сонымен қатар,  өзінің кейбір   аспектілерінде олар қиылысып та жатады.  Жалпы  айтқанда,  мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе  билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе,  солармен қатар, сондай – ақ  халықтың кейбір  басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады.  Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп,  қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы – үстемдік етуші тапқа  ма,  билік жүргізетін  топқа  ма  немесе  сондай – ақ  халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтардың жауабы  бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе  реакцияшыл ма,  демократиялық па немесе  халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді. Толығырақ »

Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары

Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары туралы қазақша реферат

Мемлекетті әлеуметтік  мәні  оның  функциялары  арқылы  нақтыланып көрініс табды.  Мемлекеттің  функциялары —   қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді  шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі  бағыттары болып табылады.  Оның белгілері мынадай:

1)қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің  қызметі; Толығырақ »

Мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздер

Мемлекеттің  түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық  негіздер туралы қазақша реферат

Мемлекет — басқару  функциясын   орындайтын  және соның көмегімен   қоғамның тіршілік  — тынысын  қамтамасыз  ететін,  оған қажетті  жағдайлар   мен алғышарттар  жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айырықша нысаны. Өзіне тән ерекше  белгілері мен қажетіне,  сондай – ақ  өзіндегі аса  мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы  дамытудың, әлеуметтік- саяси,  рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың  маңызды мәселелерін шешуге нақты  қатысып,   қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет  тек өзіне ғана  тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар  айырықша құрылым ретінде сипатталады.  Соның арқасында оны қоғамда,  ұйымда, құрылымдар   мен институттарда   әрекет ететін  басқалардан ерекше  өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси  организм ретінде  қабылдаймыз. Толығырақ »