‘Қазақша реферат’ бөлімінің мұрағаты
Құнанбайұлы Абай (1845-1904)
Құнанбайұлы Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты — Ибраһим. Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. Толығырақ »
Ыбырай Алтынсарин туралы
Ыбырай Алтынсарин. Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық “Қазақ хрестоматиясын” және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды. Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби тілінің негізін салушылардың бірі және халықтың ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпын зерттеуші ретінде белгілі; Толығырақ »
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғылымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Толығырақ »
Көрнекті ақын – жыраулар
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.
15–18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Толығырақ »
Әйтеке би, шын аты Айтық Бәйбекұлы
Әйтеке шын аты Айтық Бәйбекұлы (1683-1722) – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, “тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып” өте әдемі сөйлейтін әділетті, білгір шешен би болған. Әйтекенің артында қалған мол мұрасы, оның халқына арнаған өлеңдері, толғамдары. Толығырақ »
Қазыбек би Келдібекұлы
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, ақын-жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында орналасқан Совет ауданына орта жүздің атақты биі, Қазыбек бидің аты берілді. Толығырақ »
Төле би Әлібекұлы
Төле Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би ұлы жүздің биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды көп оқыған. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі. Төле он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығын, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Толығырақ »
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған. Толығырақ »
“Қобыланды” батыр жыры
“Қобыланды батыр” — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі–ірі эпос айтушыларының қолынан өткен.
“Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сыр бойының белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушыларының осыншама көп болуы бұл сюжеттің халыққа кең тарағанын көрсетеді. Толығырақ »
Қазақ эпосы
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтамыз.
Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп, ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса (“Қобыланды”, “Алпамыс”), бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Енді бірде өмірде болған нақты тарихи оқиғаларды жырлайды (“Бекет”, “Досан батыр”). Толығырақ »