‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты
База материалов университета АУЭС
Уважаемые пользователи!
В сети появился великолепный сайт. Это — база материалов университата АУЭС. Толығырақ »
Тіл үйренудегі ең тиімді әдістер
Қазіргі уақытта шет тілін білу сән емес, керісінше қажетті нәрсе.егер бұрын адамдардың мәртебесін тұрмысына, мал санына қарап білсе, қазір адамға қажетті нәрселердің тізімі анықталды: жоғарғы білім, В санатындағы жүргізуші куәлігі және 1-2 тілді иемдену.Айтпақшы, ғалымдардың зерттеуі бойынша, бірнеше тілді білу жүйке жүйесі ауруларын туғызбайды екен. Толығырақ »
«Болашақ» стипендиясына ие болу үшін не істеу керек?
«Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты карьералық өсудің және оның бітірушілерінің кәсіби қалыптасуының өзіндік кепілі. Мұның дәлелі ретінде ретінде бағдарламаның көптеген бітірушілері мемлекеттік қызметтерде, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарады. Мемлекеттік және халықаралық жобалардың бірнеше түрімен жұмыс жасайды, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады Толығырақ »
Жоғары білімді қалай алуға болады?
Бүгінгі күні Қазақстанда 142 жоғарғы оқу орны бар. Жоғары білім алғысы келген әр адам ізденудің сан сатысында жүріп, ол үшін қандай оқу орны тиімді екендігі жайлы ойланады.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу түрінің 4 нысаны бар: күндізгі, кешкі, сырттай және дистанциялық. ЖОО түсу үшін оқушылар ұлттық бірыңғай тесттен (ҰБТ), ал орта арнайы оқу орындарын бітіргендер – кешенді тесттен (КТ) өтуі керек. Сонымен қатар, оқуды қаржыландырудың бірнеше: мемлекет есебінен, мемлекеттік емес көздерден, өз есебінен іске асырылатын тәсілдері бар. Толығырақ »
Мамандықты қалай таңдау керек?
«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Толығырақ »
Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?
Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді. Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психологиялық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді Толығырақ »
Шет тілін білу не үшін қажет? Оларды үйрену жолдары
Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.
Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Толығырақ »
Мектепті қалай таңдау керек?
Мектеп – бұл әрбір бала үшін екінші үй. Ол мұнда тек бастапқы білім алып қана қоймай, адамдармен қарым-қатынасты, әріптестермен бірге өмір сүруді үйренеді. Оның қандай болып өсетіні де дәл осы мектепке байланысты болады. Мектепті таңдағанда неге назар аудару қажет:
1. Мектептің беделі. Сіздің ауданыңыздағы әр түрлі мектеп оқушыларының ата-аналары қандай пікір айтатынын тыңдаңыз. Сонымен қатар мектеп директоры мен ұстаздардың мектеп беделін көтеруге үлесі туралы білу де аса маңызды. Толығырақ »
Алғашқы қоңырау. Баланы мектепке қалай даярлау керек?
Сәбилік шақ артта қалды, мектепке дейінгі кезең де зуылдап өте шықты. Енді аз ғана уақыттан соң сіздің балаңыз мектепке барады. Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?
Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Толығырақ »
1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы
Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Толығырақ »