Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер

Қарама-қарсылық немесе «терістеу заңы» — диалектиканың негізгі заңдарының бірі.  Қоғамның субъектісі ретінде адам айналасында болып жатқан құбылыстарды тек бақылап қана қоймайды, оған ықпал етеді, тікелей қатысады, қабылдайды. Қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалар туралы көрген-түйгенін ой елегінен өткізеді, баяндайды, ол туралы көзқарасын білідіреді, мақұлдайды не терістейді. Адам мен қоғам арасындағы осы байланыстың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс табады. Қазақ тіл біліміне бір кездері «ереуіл», «қайшы» салалас деген атпен енген, кейіннен «қарсылықты салалас» деп аталған бұл сөйлемдердің компоненттері бір-біріне қарама-қарсы келетін әрекеттерді, оқиғаларды баяндайды. Толығырақ »

Компоненттердің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру

Құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлу тұлғалық принципке негізделеді. Бірақ бұл тұжырым бірден қалыптаса қойған жоқ. Ғалымдар арасында салалас, сабақтасқа қандай сөйлемдер жатады деген сұрақ төңірегінде біраз пікірталастар болды. Алғашқы ұстанымды негізге алғандар ( С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев,  Ғ. Бегалиев, Қ. Жұбанов) көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н. Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С. Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай сөйлемдерді  Қ. Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылатынын айтады. Толығырақ »

Аралас құрмаластар

          Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады. Жасалу жолы жағынан келгенде, аралас құрмалас сөйлем құрмаластың ерекше түрi болып саналмайды. Өйткенi мұнда оның өзiне тән арнайы амал-тәсiлдерi болмайды, тек бұрыннан белгiлi салаласа және сабақтаса байланысу амалдарының қабаттаса келуi арқылы жасалады. Құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Толығырақ »

Көп құрамды құрмаластар

Көп құрамды құрмаластар туралы қазақша реферат

Көп құрамды құрмаластардың құрамында, аты айтып тұрғандай, кемінде үш жай сөйлем болады.

         Көп бағыныңқылы сабақтас. Құрамында екi не одан да көп бағыныңқысы, бiр басыңқысы бар  сабақтастың түрi көп бағыныңқылы сабақтас деймiз. Толығырақ »

Компонент санына қарай топтастыру

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда оны көбіне байланысу тәсілі (салалас, сабақтас) мен компоненттер арасындағы семантика-грамматикалық тәсіліне қарай (ыңғайлас, қарсылықты, себеп т.т.) жіктеуге көңіл бөлініп келді.  Сондықтан да құрмаластың аралас деген түріне қатысты әр алуан  пікірлер өрбіді. Осы мәселеге орай, ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді топтастыруға қатысты 1982 жылы «Қазақстан мектебі» журналында (№8) байыпты ұсыныс жасайды: «Құрмалас сөйлемнің құрылымдық типтерін анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластарды компоненттердің санына қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем деп бөлген тиімді болады. Толығырақ »

Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған  А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді  [1: 300-310]. Оны сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен барабар ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты). Толығырақ »

Жасөспірімдер

Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөаспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар.Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есептейді, өйткені осы кезең ішінде балаларда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтан да қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, әлеуметтік педагог пен оның төңірегіндегі ересек адамдар тарапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді. Толығырақ »

Әлеуметтік педагогтың өнегелі мәдениеті

Әрине, әрбір адам мейірбандық, адамгершілік қылық көрсете отырып, өзінің өнегелі қарым-қатынас әлемін, тани бермеуі мүмкін. Кейбір адамдардың санасында өз бақытын басқалардың мүддесімен ұштастыру деген бола бермейді. Кейде мұның бұлай болатын себептері, адам өзі жайлы, өзінің қуаныш-реніші жайлы терең ойланбайды, өз қуанышын басқаларға істеген жақсылығымен салыстырмайды. Бұған өнегелі енжарлығы кедергі жасауы мүмкін. Толығырақ »

«Шаңырақ сыны» сайысы

Тақырыбы: «Ұлағат болсын ұлыма,

                         Ғибрат болсын қызыма».

Мақсаты:

Білімділік. Ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Толығырақ »

Ұлттық құндылық -әдеп сабағында

Еліміз егемендікке қол жетіп, ата-бабаларымыздың салған сара жолымен, тәлім-тәрбие мәселелерімен толық қамтылған мол мұрасының даму кезеңдерімен таныстыратын мектепте жүргізілетін әдеп пәнінің маңызы зор.Әдеп әліппесімен сусындаған мектеп партасында отырғанжеке тұлға өз елінің қайталанбас даналығы мен көрегенділігін, әдептілігі мен инабаттылығын әр кезеңде есте ұстай бермек.  Сабақ беретін сыныптарда әдептілік иірімдеріне көп көңіл аударамын. Толығырақ »