Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті туралы қазақша реферат

«Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» — деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева). Толығырақ »

Психологиялық — педагогикалық дамуының басымдылығы

Психологиялық — педагогикалық дамуының басымдылығы туралы қазақша реферат

      Психологиялық — педагогикалық дамуының басымдылығына баланың іс-әрекетіндегі жетекші рөл атқаратын қажеттіліктен туындайтын, іс-әрекетке итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады.

Іс — әрекеттің жетекші рөлінде баланың жас және жеке басының ерекшелігін ескере отырып, ол неге сондай әрекетке барды деген сұраққа жауап іздеген жөн. Мұндайда баланың сол іс — әрекетке баруына қандай қолайлы жағдай туды, не себепті тежелді, не қозғаушы болды деген сұрақтарға жауап іздеу керек. Толығырақ »

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі туралы қазақша реферат

 Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз — оның жас мөлшеріне, жыныстық және дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс — бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың,әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларынң жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез — құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Толығырақ »

Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық сипаттама

Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық сипаттама туралы қазақша реферат

 Жоғары сынып оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткілігіне әрі негізделгеніне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойланудың талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар. Толығырақ »

Жоғары сынып жасындағы балаларға сипаттама

Жоғары сынып жасындағы балаларға сипаттама туралы қазақша реферат

 Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп — жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп — жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеру, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Толығырақ »

Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері

Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері туралы қазақша реферат

  Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Толығырақ »

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы туралы қазақша реферат

      Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез — құлқы ерекшеленеді. Толығырақ »

Жас ерекшеліктер туралы ұғым

Жас ерекшеліктер туралы ұғым қазақша реферат

        Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым – қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп – жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады. Толығырақ »

Отбасында мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

Отбасында мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері туралы қазақша реферат

   Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін,  даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда.  Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне  әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің  пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа дейін эрогенді аймақта  жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы  мен тіл  сілекейі жатты.   Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды кезең деп аталды. Толығырақ »

Отбасы дағдарыстары

Отбасы дағдарыстары туралы қазақша реферат

    Отбасы психологиясында-  өмірде  кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі  қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі  — дағдарысболып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін  ашық түсті көзілдірікте көреді, ал  неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Толығырақ »