Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Психология’ бөлімінің мұрағаты

Агрессия түсінігі

Агрессия түсінігі туралы қазақша реферат

Күнделікті  өмірде  агрессия  дегеніміз: «Жағымсыз  қатынас  туғызатын ашық  түрдегі  өшпенділік,  ал  агрессивті  бұл  күш  салу,  зиян  келтіру   əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу,  күш жұмсаумен байланысты  əрекеттерді  белгілеу  үшін  кеңінен  қолданылады.  Агрессия  түсінігіне  формасы  мен  нəтижесі  бойынша  əр  түрлі əрекеттер  біріктіріледі,  соның  ішінде  орынсыз  əзіл-қалжың,  өсек,  нұқсан келтіру  ойларынан  бастап,  кісі  өліміне  дейін.  Өшпенділік  неғұрлым  тар мағынада  алынады,  белгілі  бір  объектіге  бағытталады.  Əдетте  өшпенділік жəне  агрессивтілік  үйлесімде  болады,  бірақ  адамдар  өшпнділік  сипатындағы қарым-қатынаста бола  отырып,  агрессивтілік  көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы  маңызды  мəселе  бұл  осы  терминнің  əр  түрлі  əрекеттер мағынасында болуы. Толығырақ »

Психология туралы қазақша реферат

Психология туралы қазақша реферат

Психологияда адамның жан дүниесінің ғылыми негізінде зеттеудің орнына, тек қана жан деген не, оның қандай қасиеттері бар, адам өлгенде онымен бірге жаны да өле ме, жоқ па, егер өлмейтін болса ол қайда кетеді, қандай адамның жаны тозаққа барады, бір иненің ұшына неше періште отыра алады немесе бір иненің көзінен неше періште өте алады дегендей құрғақ, ешкімге керексіз мәселелермен шұғылданатын ғалымдар көбейе түсті. Мұндай психология – жанды материямен ешбір байланысы жоқ абсолюттік ұшы-қиырсыз, еш уақытта өзгермейтін субстанция (негіз) деп білді. Толығырақ »

Жеке адамның психологиялық құрылымы

Жеке адамның психологиялық құрылымы туралы қазақша реферат

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. Толығырақ »

Темпераментті зерттеу әдістері

Темпераментті зерттеу әдістері туралы қазақша реферат

Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, ал жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып – білу оңай емес. Бірақ адам темпераменті туралы кейбір мәліметтер алуға мүмкіншілік бар. Мәселен, зерттейтін адамның жүріс – тұрысын сырттай жүйелі түрде байқап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам, не шабан екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі, не жігерсіз екендігін, эмоциясының күшті не әлсіз, көңіл күйінің тұрақты, не тұрақсыз екенін байқауға болады. Толығырақ »

Темперамент туралы жалпы түсінік

Темперамент туралы жалпы түсінік туралы қазақша реферат

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент. Толығырақ »

Жеке адам психологиясы туралы теориялар

Жеке адам психологиясы туралы теориялар туралы қазақша реферат

Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Ең әдепкі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі – материалистік теория, мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, Қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашан да жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Бұл теорияны жақтаушылар 18-ғасырдағы француз материалист – ағартушылар болып табылады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниенің ең қызықты ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығын көріп қалу, сол себептен адамдар өздерінің тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, оларды қайтарып тастауы керек дейді. Толығырақ »

Жеке адам туралы түсінік

Жеке адам туралы түсінік туралы қазақша реферат

Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Толығырақ »

Топпен әлеуметтік-психологиялық тренингтің методикалық құрылымы

Топпен әлеуметтік-психологиялық тренингтің методикалық құрылымы туралы қазақша реферат

         Топпен әлеуметтік-психологиялық тренингтің бүр нұсқасы ұсынылып отыр. Топтың әлеуметтік спецификасына байланысты, жетекшінің тәжірибесіне, топтың әлеуметтік-психологиялық жағдайына байланысты жаттығуларға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп отыруға болады. Толығырақ »

Психологиялық тренингті қолдану кезіндегі методикалық мәселелер

Психологиялық тренингті қолдану кезіндегі методикалық мәселелер туралы қазақша реферат

Психодикамикалық келіс:

К. Роджерстің пікірінше бұл пихологиялық тренингте практика теория мен  зерттеуден алдын қалыптастырып қойған.

Психологиялық тренингтің классикалық анықтамасы былай: «…Топтық методтың сіңісуі арқылы өзін өзі тануды жетілдіру, қатынас және топ ішіндегі өзара түсіністік». Толығырақ »

Әлеуметтік психологиялық тренинг программаларының аспектісі

Әлеуметтік психологиялық тренинг программаларының аспектісі туралы қазақша реферат

Психологиялық тренингті қолдану кезіндегі методикалық мәселелер.

Психологияның әлеуметтік-психологиялық  тренинг теориясы сияқты саласы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жыл өткен сайын өзінің жаңа ғылыми жолдары ашылып, мектептер, өзінің жетілген тихникалық моделдері, жаттығулары жетіліп жаңаша бағыт алып отырады. Көптеген авторлар психологиялық тренингтің негізгі мәселелік жағдайы оның ұйымдастырылуының біркелкі еместігіне, топпен жұмыс жасау кезінде топтарды ұйымдастурыды бір жүйеге келмегендігін айтады. Бірақ сонымен қатар, осы  айтылған мәселелер тренинг курстарынан кейін адамның теориялық жүйесінде өзін бағалауы артып, методикалық ұстанымдары бір жүйеге келіп жоғарғы деңгейде жұмыс өтілін жинайды. Толығырақ »