Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Балағаз батыр

Еламан баласы- Тұрсынбай, Едіге баласы Шоңның заманында «Ащы»-деген өзеннің бойында, «Күңгірлек»- деген күзекте отырғанда, Жанқозы жылқысын жау алды. Сонда айтып алыпты:

-Қарашорыңмын, Құдайдан соңғы зорыңмын: Таубай, Борай, Балағаз! Мына менің атым- Балағаз батыр! Шоң мен Тұрсынбайыңа сәлем де! Ертең Найзақараның түбінде төрт ту бие сойып тосамын, дәмесі болса, келсін, жылқысын айырып алсын!- деп. Толығырақ »

Атан мен Досай батыр

Мына бір жырда Бөгенбайдың серіктері, інілері Атаң, Досай батырлардың есімдері аталады:

«Төртінші, қаракер ат бөлі қайқаң.

Сырт қысқа, бауыры жазық, бұты талтаң,

Ақсары, дөңгелек бет, зор денелі,

Бұл адам Мәмбетұлы батыр Атан. Толығырақ »

Шоқпар батыр

Шоқпар батыр қалмақты Ертіске жеткізбей қырғанда жасы ең үлкені екен. Бұл туралы Жанақ ақын өзінің «Баянаула туралы дастанында»:

Шоқпардан жас болыпты барлық батыр

Алпыс жыл аттан түспей келе жатыр.

Қалмақ қызын бас қылып, олжа беріп,

Қонысы — өзі алған үлкен адыр. Толығырақ »

Арқалық батыр

Арқалық шамамен ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында болған адам. Руы керей, оның ішінде қарақас. Туып-өсіп, мекен еткен жері – Алтай аймағы, егіз жатқан екі ел – абақ-керей, найман іші.

ХVІІІ ғасыр қазақ пен қалмақтың бір-бірімен барымталасып, мал қуысып, кек қайтарысып, қандасып тұрған дәуірі. Мұның үстіне Абылай төрелерінің бірі — Әжінің керей, найманды билеп, өз халқына өзі жауығып тұрған заманы болатын-ды. Толығырақ »

Барақ батыр

Халқымыздың тарихында Барақ бірнешеу болып кездеседі. Қайым Мұхамедханов өзінің бір зерттеуінде «қазақ тарихында ұзын саны 12 Барақ болған» дегенді айтады.

Сол он екінің ең басы, кәдуілгі әз-Жәнібектің әкесі. Ал Әбілхайырды өлтіретін, басқа — төре Барақ. Ол 1749 жылы Ташкентте тұрған Жоңғар қонтайшысының ордасында у ішіп өлтірілген деседі. Толығырақ »

Жантай батыр

Бөгенбайдың сенімді жауынгер-серіктерінің тағы бірі, ол Жантай батыр:      «Ашуы жауған қардай, шөккен нардай

Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,

Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі,

Ауызынан жалын шашқан жас Жанатай…»,- деп

сипаттайды қос батырды Мағжан Жұмабаев. Толығырақ »

Сеңкібай батыр

Би Сеңкібай кешегі,

Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,

Жауға бермес есені.

Әруақты – көшелі,

Қазақтың алғыр көсемі. (Ел аузынан)

Қазақтың тағы бір айбынды жеңімпаз батыры әрі ділмар шешен биі – Сенкібай Оразғұлұлы. Ол 1709 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, 1786 жылы бұрыңғы Қызылтау жайлауында қайтыс болды. Толығырақ »

Гаухар батыр (поэма)

Малайсарының қаны бір қарындасы Гаухардың ерлігіне де тоқталмасқа болмайды. 1724 жылы қазақтардың сол кездегі астанасы Түркістан қаласын жоңғарлардың қалын қолы тұтқиылдан шабуылға алады. Осы шайқаста Кіші жүздің ханы Әбілхайыр отыз мың әскер, Орта жүзден Сәмеке жиырма мың әскер дайындап, Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарларға қарсы шабуылға шықпақ болып жатқанда, Гаухар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы жөнінде толық мәліметтермен қамдайды. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Толығырақ »

Балтакерей-Тұрсынбай батыр

(М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Тұрсынбай батыр жөніндегі екінші нұсқасы алынып отыр)

Абылай хан бір жорыққа аттанғанында, құс ұшпас, құла дүз (иүз) Бетпақтың сары даласында бір қаракөк кез болды. Толығырақ »

Тұрсынбай батыр

Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Тұрсынбай ел тарихында жоңғар, қытай, қырғыз әскерімен соғысқан батыр, қол бастаған қолбасшы, елші, мәмлегер ретінде белгілі. Толығырақ »