Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Тұрсынбай ел тарихында жоңғар, қытай, қырғыз әскерімен соғысқан батыр, қол бастаған қолбасшы, елші, мәмлегер ретінде белгілі.

Бірақ ол туралы Мәшһүр-Жүсіп, Шоқан жазбалары мен архив құжаттарынан басқа дерек кездестірілмейді. Қаһарманның өзінен тікелей ұрпақ қалмағандығы (Мәшһүр-Жүсіп дерегі), батырлық істеріне қарай халық арасында «Балта керей Тұрсынбай» атанып кеткені мәлім.

М.С. Мұқанов шежіресіндегі Тұрсынбай Қарасарыұлының (1713-1819) өмір сүрген жылдары мен ата-тегі әлі де анықтай түсуді қажет етеді: Керей-Арыстанбек-Наурызбай-Ашамайлы-Үйшібай-Бахрам-Төбей-Тұрсынбай. Бекарыс-Наурызбек-Халид-Хажигали-Бегімқожа-Әлимұхаммед-Фархад-Танаш би-Балта-Қарасары-Тұрсынбай. [5, б. 86]

Тұрсынбай тоғыз жасында ата-анасынан айырылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі «Қарнақ» медресесінде білім алды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары» інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза табады. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынастарын реттеуге елеулі үлес қосқан. [9, б. 313] М.Ж. Көпеев жазбаларында Тұрсынбайдың әлеуметтік жағдайы, қалмақтарға барған елшілік қызметі, Абылаймен бірге Арғын руымен келіссөз жүргізгені, батырлығының сыналуы баяндалады.

1749-1750 ж. Нұралы ханмен құдалық байланыс орнату мақсатымен келген Қарабас сұлтан елшілігі туралы мәлімет сақталынған.

Аңызда бұл оқиға өзгеріске ұшыраған.

Қалмаққа елші болып келген Тұрсынбайды Қарабас ханым: «Мына отырған Балтакерей Тұрсынбай құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінің де міні жоқ, еңбекшілігінде де міні жоқ. Жалғыз ақ айыбы жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек», — деп сынайды. Мұнда құлағы жоқ шұнақ деп туысқанының жаман болғанын, құйрығы жоқ шолақ деп баласы жоқтығын, жауы желкесінде деп кедейлігін айтқаны екен.

Батырдың қоғамдағы әлеуметтік тұрмысы төмен болғанын Шоқан еңбегі де растайды.

1757 жылы Талқы қамалындағы қытай әскеріне қарсы соғыста Тұрсынбай Абылай жасағының алдыңғы шабуылдаушы, кезеуілші тобының қолбасшыларының бірі болғаны туралы мағұлымат Мәшһүр аңыздарында берілген.

М.Ж. Көпеев жазбаларында Тұрсынбай батырдың Алатауды бетке алып бара жатқан Абылай ханның жорығына қатысқаны, көрдегі аруақтан қорықпай бейіт ағашын әкелгені туралы аңыз әңгіме үлгісі сақталынған.

Қаһарманның аруақтан қорықпай бейіт ағашын әкелгені туралы З. Сәнік кітабында, баспасөз материалдарында басқа бір тарихи тұлғаларға қатысты (Керей ер Жәнібек т.б.) айтылады. Салыстыру үшін Мәшһүр әңгімесінен үзінді келтіруімізге болады: «…Алатауға барды, қырғыз болсын, қалмақ болсын елмен шабысқан жоқ. Түзден ер басына бір түйе, бір аттан олжаласты. Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піскен тамақ таусылды. Мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығыңқырап, жүдеп, баяғы көп моласы бар суға жетеміз десіп келе жатады. Абылай хан көп қолға білдірмей, екі жігітті ілгері оздырды:

— Бүгін қонатұғын жерде бір көрде бейіт ағашы бар деген. Ерте жарық барда соны тауып алып ақтарып, біреуін ақырет оранып ішінде жатындар, біреуін қайта өзінікіндей қылып бетін жауып тегістеп, адам ашпағандай қылып қойындар. Түн болған соң мен: «Бейіт ағашты алып кел», — деп, Балта керей Тұрсынбай қоғамның ішкі өмірінде де белсенді рөл атқарды.

Ботақан құнын жоқтап, Арғын руы адамдары 1779 ж. Абылайға қарсы көтеріледі. Сол кезде Абылай ханды жақтап, ханмен бірге Тұрсынбай да Шотанамен келіссөз жүргізеді.

Бұған қарап отырып, Тұрсынбайдың Абылайды жақтағаны, сүйенер сенімді адамы болғанын ғана емес, екі жақты да бітістірген мәмлегер, ел тыныштығын, Берік хан билігін ойлаған қоғам қайраткері болғанын да танимыз.

.

Тағы рефераттар